ЖҰМЫС ӘДЕБІ
Менеджменттiң негiзгi элементтерiнiң iшiндегi барынша жарқыны басқарушылық мәдениет болып табылады. Мәдениет сөзi тәрбиелеу, бiлiм беру, даму дегендi бiлдiредi. Кең тұрғыдан алғанда «басқарушылық мәдениет» терминi басқарудың ұйымдық-техникалық жағдайлары мен дәстүрлерiн, менеджердiң кәсiби және имандылық дамуын сипаттау үшiн қолданылады. Тар мағынада басқару қызметiнiң мәдениетi басшының қызмет этикасы ретiнде ұғынылуы мүмкiн.
Басқару мәдениетi дегеніміз – оның мiнез-құлқының үлгiсiн саналы түрде қалыптастыратын менеджер үшiн әдеттегi құндылықтар, нормалар, көзқарастар мен идеялар жиынтығы.
Шаруашылық жүргiзудiң жаңа жағдайлары, менеджерлердiң бiлiм деңгейi мен жетiлуiнiң артуы басқару мәдениетiнiң дамуына қуатты серпiн бердi. Басқарушылық қызметтер басқару мәдениетiне қатынасты өзгертiп қана қоймай, ұйымды басқару және өндiрiс тиiмдiлiгiн, бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру факторы ретiнде оны қалыптастыру, өзгерту және пайдалануда белсендi орын алды.
Менеджерлер қатаң сақтауы тиiс белгiлiктi нормалардың оның негiзiнде жатуы басқару қызметi мәдениетiнiң ерекшелiгi болып табылады. Олардың iшiндегi барынша маңыздылары:
заңды нормалар – нормативтiк-құқықтық актiлерде келтiрiлген, менеджерлер осы нормаларды бiлуi және орындауы тиiс;
мораль нормалары – имандылық пен мораль өрiсiндегi менеджердiң мiнез-құлқын реттейдi;
ұйымдық нормалар – ұйымның құрылымын, функционалдық бөлiмшелер мен олардың басшыларының құрамы мен жұмыс iстеу тәртiбiн, iшкi тәртiп ережесiн және ұйымда қабылданған ұйымдастыру сипатындағы өзге нормаларды орнатады;
экономикалық нормалар – ұйымның экономикалық қызметiн реттейдi.
Белгiлiктi түрде басқару мәдениетiн қалыптастыратын өзге де нормалар (техникалық, эстетикалық және т.б.) болады.
Басқару мәдениетiнiң элементтерi
Басқару мәдениетi бiрнеше элементтен тұрады.
Жеке мәдениет бiлiктiлiк деңгейi, этикалық тәрбиесi, жеке тазалығы мен сыртқы түрi, бағыныштылармен қарым-қатынас жасау нысаны және т.б. тұрады.
Жұмыс уақытын дұрыс бөлу менеджер ненi және қашан iстейтiндiгi, жұмыстың әр түрiне қанша уақыт жұмсайтындығы туралы түсiнiгi болмаса мүмкiн емес. Ол өз жұмысын келесi бағыттар бойынша қатаң жоспарлауы тиiс: құжаттармен жұмыс, кадрлармен жұмыс, әлеуметтiк-экономикалық сұрақтарды шешу, коммерциялық сұрақтарды шешу, мәжiлiстер, келiссөздер, өндiрiстiк емес уақыт шығындары, ескерiлмеген уақыт. Басшы жұмыс уақытымен қоса бос уақытын да жоспарлау тиiс. Ол жайында «демала бiлмейтiн адам, жұмыс та iстей алмайды» деген нақыл сөз бар.
Жұмыс орнын ұстау мәдениетi. Жекелеген менеджерлер жұмыс iстеу барысында бәрi қол астында болуы тиiс деп есептеп, жұмыс үстелiнiң үстiне барлық құжаттарды шашып тастайды. Мұндай жағдайда еңбек ету процесi қиындайды, өйткенi үстелдiң жұмыс алаңы азаяды, қайсыбiр iске шоғырлану қиын, санитарлы-гигиеналық жағдайлар нашарлайды, осы сәтте қажет құжатты табу қиындық туғызады және т.с.с. Жұмыс iстеу үшiн қажет құжаттардың ғана үстел үстiнде болуы ең ұтымды деп есептеледi. Сондай-ақ қызмет бөлмесiн уақтылы тазалап, iстен шыққан жиһазды ауыстыру қажет.
Бұқаралық шаралар
ды өткiзу мәдениетi. Сөз ең алдымен алуан түрлi мәжiлiстер, келiссөздер мен әңгiмелер өткiзу жайында болып отыр.
Келушiлердi қабылдау мәдениетi қызметкерлердi жеке әрi қызметтiк сұрақтар бойынша қабылдау кезiнде ережелер мен талаптардың сақталуын ұйғарады. Егер басшының қарамағында бiрнеше адам болса, басшы оларды кез келген уақытта қабылдай алады. Практикада қабылдау үшiн белгiлiктi күндер мен сағаттар белгiленетiндiгi кең таралған. Шағын ұйымдарда қабылдау алдын ала жазылусыз жүргiзiлуi мүмкiн.
Хаттармен жұмыс iстеу мәдениетiне хаттарды мiндеттi түрде тiркеу, оларды қарастырудың белгiлiктi мерзiмдерi, оларға уақтылы және дұрыс жауап қату үшiн басшының дербес жауапкершiлiгi, әрбiр хатқа мiндеттi түрде жауап беру жатады.
Сөйлеу мәдениетi менеджердiң шамамен жұмыс уақытының 80%-i адамдармен қарым-қатынас жасауға байланысты болатындықтан менеджер қызметi мәдениетiнiң маңызды құрағыш бөлiгi болып табылады.
Басшының ұйымдық мәдениетi басқару теориясын, ұйымдастыру жұмысының әдiстерiн бiлу дәрежесiн, тәжiрибенi, дағдыны, менеджердiң жұмыс уақытының құрылымында әжептәуiр үлес алатын алуан түрлi ұйымдастыру рәсiмдерiн жүзеге асыра бiлуiн анықтайды. Ұйымдастыру рәсiмдерiнiң қатарына кадрларды iрiктеу мен орналастыруды, кадрлармен жұмыс iстеудi, ұйымдық нормалар мен нормативтердi, жеке жұмыс жоспарларын әзiрлеудi, мiндеттердi қою мен оларды орындаушыларға жеткiзудi, орындауды бақылауды және т.б. жатқызуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |