Кіріспе зерттеудің жұмысының өзектілігі



бет1/28
Дата16.02.2022
өлшемі0,63 Mb.
#132121
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
0000d33b-86c23cd9


КІРІСПЕ
Зерттеудің жұмысының өзектілігі:
Ел Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан-2030» жолдауында
«Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерін, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады…» деген сенімі жай айтылған сөз емес. Бүгінгі білім беру талабына орай білім беру мазмұны, мақсаты қайта қаралып, түбегейлі жаңартылуы керек(1).
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған рөлі атап көрсетілсе, осы Заңның 41-бабында: «педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасауға міндетті» делінген(2).
Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы сәби кезінен басталады. Ол үшін балаға барлық жағдай жасалуы керек. Өмірге келген әрбір бала бақытты болуы тиіс. Бұл-баланың басты құқығы. Балалар-еліміздің бүгіні мен ертеңі. Мемлекетіміздің басты байлығы, әрі тірегі. Сондықтан балаға тиісті дәрежеде жағдай жасап, денсаулығын жақсартып, өмірін гүлдендіріп, саналы тәрбие мен сапалы білім беру-біздің басты мақсат(3).
Елбасымыздың Жолдауында еліміздегі барлық мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді арттыру мақсатында «Балапан» бағдарламасы әзірленіп, оны іске асыру жұмыстары тапсырылғаны баршамызға мәлім. Замана алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы – мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, мектепте жан-жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе, балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады(4).
Балабақшаның күн тәртібінде түрған өзекті мәселе – баланың денсаулығы, тәртіпті де ақылды бала өсіру, алғашқы білім нәріне жол ашу.Осыған орай, бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан – жақты жетілген, бойында ұлттық сана қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру – отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті.
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнеріне қабілеттері мен шығармашылығын қалыптастару қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Ғалым-педагогтар мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнеріне қабілетінің дамуын жан-жақты әлі де қарастыруды қажет етеді деген пікірлер айтуда.
Бала мектепке келгенде қабылдау, ойлау және есте сақтау қабілеті жоғары дәрежеде болуы тиіс. Сондықтан балаға мектепке дейін бейнелеу қабілетін дамыту маңызды. Ол үшін арнаулы дәлелденген, тәжірибе жүзінде еске асырылған нәтижелі іс-әрекеттер жасалынуда.
Осы жасқа лайықты ойлау, есте сақтау қабілеті мен ақыл-ой және ересек адамның парасатты қамқорлығынсыз баланың талабы толығымен ашылмай қалуы мүмкін. Мектепке дейінгі балалық шақта есте сақтау, бейнелеу қабілеті біршама дербестікке ие болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілетін дамыту баланың ес процесінің қалыптасу өрісіне бір деңгейде көрініс бермейді, сондықтан да оны белсенді түрде ынталандыра білуіміз шарт. Мектепке дейінгі балалардың өмір сүру қалпы, оның есте сақтау және ойлай білу дәрежесімен тығыз байланысты. Сондықтан да есті дамыту–үлкен өзгеріс есті-бала алдында есте қалдыру, бейнелеу өнеріне мақсатын қойып, тиісті тәсілдер қолдануды бастайтын (мысалы, есте қалдыру үшін іс-әрекетті бірнеше рет қайталайды) арнайы мимикалық іс-әрекеттің болуы дейді. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау, бейнелеу қабілетіне тән заңдылықтар да қазіргі таңда зерттелінуде.
Мектепке дейінгі балалардың бейнелеу қабілетінің жоғары болатындығын ғалымдар кеңінен қарастырды.
Балабақшада бейнелеу өнерімен шұғылдану болмысты танудың тиімді құралы болып табылады және сонымен бірге көзбен көріп қабылдау, қиялдау, кеңістікті елестете білу, есте сақтау, сезім және басқа психикалық процестердің дамуы мен қалыптасуына жәрдемдеседі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеуі дегеніміз – олардың қиялынан туындаған көріністердің және құлағымен естіп, қолымен ұстаған нәрселердің және тағы да басқалары осы рецепторлардың бәрін біріктіре қалдырғанда ғана тиісті мағұлматты есте қалдыруы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет