5. Сиқырлы сурет. Сурет балауыз арқылы салынады. Ол көрінбейді оны байқау үшін қағазға тушь немесе бояу жағу керек. Бұл техника барынша күрделі сондықтан оны ересектер тобында қолдану керек.
Балауыз бояуы Қытайдың ерте заманындағы өнерінен бастау алған мәнерлеу шеберлігі. Бұл шеберлік мяу, бу-и, гылау, дұң, шүй қатарлы ұлттардың балауыз бояуы өнерлерін тоғыстырады. Йүннан балауыз бояуында, оның үстіне сурет салу мен бояу беруді шебер ұштастырылғандықтан, бұл өнер «Шығыстың маңдай алды бояуы» аталып кетті.
Балауыз бояуы балауызбен бояу қондырмау деп те айтылады. Археологиялық зерттеулерге сүйенсек, балауыз бояуы Қытайдың ерте заманынан бастау алады. Ең бері дегенде Чин Хан династиялары заманында Қытайдың батыс-оңтүстігіндегі аз санды ұлттар жиі қоныстанған жерлерде балауыздың бояу қондырмау ерекшеліктері жете меңгерілген. Олар ара балауызы мен ақ балауызды бояу қондырмау материалы ретінде пайдаланып, ақ матаның бетіне өрнек түсіріп, онан соң бояу беріп, балауызды тазартып отырған. Балауыз ыстықта дереу балқып, суықта дереу қата қалатын ерекшелікке ие болғандықтан, сурет салған кезде асқан шеберлік қажет етіледі. Балауыз тым ыстық болса, жол-жолақтары бұзылып, өрнектер өзгеріп кетеді, ал балауыз сәл салқын болса жайылмай қалады, өрнектері үзіліп ұласпайды. Сол себепті, балауызды балқыту температурасы қалыпты болуы керек. Өйткені балауыз берілгеннен кейінгі жиырылудың немесе ысқылаудың себебінен, сызаттар пайда болады, бояу берілгеннен кейін бояу сызаттарға сіңіп, ретсіз бедерлер қалыптасып, өз алдына бір әсемдік өнім береді. Бұл «мұз сызат» деп аталады.