Күй аңызы — Тахауи Ахтановтың алғашқы әңгімесі.
Жазушы Тахауи Ахтанов 1923 жылы 25 қазанда Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында дүниеге келген. Ұстаз болуды армандаған жас жігіт Алматы қаласына келіп, Абай атындағы қазақ педагогика институтына оқуға түседі. 1941 жылы соғыс басталып, студент Тахауи Ахтанов майданға аттанады. Майдан шебінде жүрсе де, қолынан қаламын тастамай, әскери газет-журналдарға мақалаларын жариялап жүреді. Отты мақалалары арқылы жауынгерлерге отаншылдық рух беріп, жеңістің жақындауына қарудың да, қаламның да ұшымен үлес қосады. Жеңіспен елге оралып, өмірдің, сұрапыл соғыстың қиындық мектебінен өтіп келген, жауынгер жазушы басқа жолды таңдамай, әдебиетке келеді.
Т.Ахтанов қаламынан әңгіме, хикаят, роман және драмалық шығармалар өмірге келді. Жазушы өз басынан өткізген, көз көрген Ұлы Отан соғысындағы суретті «Қаһарлы күндер» атты романында жазды. «Дала сыры» хикаяты үшін жазушыға 1966 жылы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық берілді.
Ал драматург, жазушының «Сәуле», «Боран», «Ант», «Әке мен бала», Махаббат мұңы», драмалары, «Арыстанның сыбағасы», «Күшік күйеу» атты комедиялары ұзақ жылдар сахнада қойылып, көрермендерге күлкі, қуаныш сыйлады.
Жазушының алғашқы әңгімесі – «Күй аңызы». Т.Ахтанов өнер құдіретінің ботасы өлген бозінгеннің тарамыс болған терісіне жан беріп, суалып біткен желінін сүтке толтырғанын айтады. Естемес күйшінің ауыр тағдыры, өз көкірегіндегі зары, алдамшы бір үміт сәулесіне елтуі әңгімеде тартымды тілмен баяндалады.
Әңгіменің негізгі тақырыбы — өнер құдіреті. Естемес деген күйшінің ауыр тағдыры. Ол өзінің мұңлы да зарлы күйі арқылы ботасы өлген боз інгеннің тақырдай қатып қалған қайыс жонын жұмсартып, тіршілікке нәр бергендей болды.
Естемес - күйші, тарамыс денелі, қатқыл өңді, егде кісі, тағдырына ыза болған, өкінген адам.
Оразымбет - Естемістің шәкірті
Жаңыл - тік мінезді, басына үкілі тақия киген, талдырмаш қыз.
Әңгіменің тақырыбы не? (Өнер тақырыбы, күй өнерінің құдіреті.)
Әңгіменің идеясы не? (Өнердің құдіретін ұғынып, өнер адамына құрметпен қарау).
Композиция – көркем шығарманың құрылысы, тұтастық бірлігі.
Оқиғаның басталуы (экспозициясы- Сюжеттің басталуы – екі салт атты Екі күйшінің жолға шығуы, күйшілер әңгімесі.
Оқиғаның дамуы — Жалғыз нардың кезігуі, аруананың зары, домбыраға тіл бітуі, жолаушылардың жалғыз қараша үйге келуі.
Оқиғаның шиеленісуі — Шал мен Естеместің бір-біріне қолқа салуы. үй иесінің өтініші.
Оқиғаның шарықтау шегі — Жаңа күйдің пайда болуы. нардың иіп, сүт шығуы.
Оқиғаның шешімі-Күйшінің жолын жас жігітке беруі немесе нардың июі. “Нар идірген” күйінің өмірге келуі.
Қырқа – ұзыннан ұзақ созылып жатқан биік жер, қыр.
Аруна – бір өркешті таза тұқымды түйенің ұрғашысы
Бошалап кету – ұрғашы малдың төлдеу алдында оңаша кетуі.
Тулақ – жүн сабау үшін немесе төсеніш үшін кептірілген, қатырылған шикі тері.
«Бауыр» әңгімесі
Тақырыбы – белгілі бір дәуірдегі қоғамдық шындық, автор ойының қазығы, шығарманың іргетасы. Бұл әңгіменің басты тақырыбы соғыс зардабынан жапа шеккен жетімдер тағдыры туралы.
Жанр түрі – әңгіме – көлемі шағын, әдемі дүние, оқушысын тез тапқыш, өткір икемді, шұғыл үн қосқыш жанр.
Идеясы – бұл тақырып арқылы шындық өмір көріністерін суреттегенде, оны өз көзқарасы өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Өз мақсат – мүддесін, арманын білдіреді. Бұл шығармада жетім балалар тағдырына деген аяушылық сезімді оятады.
Шығарманың композициялық құрылысы:
Оқиғаның басталуы – Манаптың Омбыдағы балалар үйіне келіп, інісін іздеуі, Директормен әңгіме.
Оқиғаның дамуы – аға тәрбиеші Эльжбета Сергеевнаға берілген тапсырма, Манапты Қалимен кездесуге ертіп баруы
Оқиғадағы шиеленіс – Манап пен Қалидың арасындағы алғашқы үйлесімсіздік, Қалидың ағасымен тіл табыса алмауы.
Шарықтау шегі – Қалидың көп мақтанышынан кейінгі уақытта сұрап, жаттығуға асығуы.
Оқиғаның шешімі – Қалидың асығып кетуі, Манаптың қаяу күйде «Волгаға» отырып вокзалға бағыттаулы.
Достарыңызбен бөлісу: |