Күйістілер тизаниезиозы



бет1/4
Дата07.06.2023
өлшемі1,69 Mb.
#178410
  1   2   3   4
Байланысты:
Күйістілер М,Т.А
БЖБ 1 9 сынып Информатика, Кәсіби стандарт МІ-1, 25 билет

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
«Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы » институты
«Ветеринария және биоқауіпсіздік» жоғары мектебі 
Паразитология және инвазиялық аурулар пәнінен
Тақырыбы: Күйістілер тизаниезиозы, авителлинозы, стилезиозы. 
Орындаған: Вм-41 топ студенттері
Тексерген: доц. Абекешев Н. Т

Күйістілер мониезиозы

  • Қозыларда жіті түрде, ал сақа малдарда созылмалы түрде өтетін, ас қорыту жүйесінің зақымдалуымен, салдануымен, ішектердің түйінделуімен өтетін гельминтоз ауруы.

Монезиоздардың 3 сатысы:
1. Имаго- ұзындығы 2,5-10м –ге дейінгі таспа құрт, тек қана 4 сорғышы бар. Жалпақ, ақшыл н/е сарғыш таспа құрт. Оның бунақтары өте жалпақ болып келеді. Әрбір бунақта жыныс мүшелері екіден болады. Сондықтан жыныс тесіктері екі жағынан ашылады, томпақ тәрізді болып көрінеді. M.expenza- ұзындығы 6-10м, түсі ақшыл, бунақаралық бездерініңформасы дөңгелек. M.benedeni -ұзындығы 2,5-4 м, түсі сарғыштау, бунақ аралық бездері сызықшаға ұқсайды.
2. Жұмыртқасы- ірілеу (0,05-0,09мм) көп қырлы бұрыштары мен көмкерілген, түсі сұрғылт болып келеді. Ішінде онкосфера, алты ілгекшесі бар ж/е онкосфера алмұрт тәрізді құрылғы мен қоршалған. Жұмыртқалар сыртқы ортаға нәжіспен, бос ж/есоңғы пісіп жетілген бунақтардың ішінде болады.
3. Ларвоцистасы- Cysticercoid –бұл құрт ларвоциста алдыңғы жағында сколексы бар, ал артқы шетінде құйрықшасы орналасқан. Сколексте 4 сорғышы көрінеді, сұйығы жоқ. Бұл ларвоциста аралық иесінің топырақта тіршілік ететін кенелердің денесінде болады.
Өсіп-өнуі
Ақтық ие- күйісті жануарлар. Құрт ащы ішегінде мекендейді.
Аралық иелері- орибатитті кенелер, өрмекшітәрізділер.
Мал нәжісімен бірге пісіп жетілген бунақтары, жұмыртқалары түсіп тұрады. Осы жерде оларды топырақ кенелері жұтып қояды. Олар көбінесе топырақты, ылғалды әр түрлі органикалық заттары мол қалың шөпті жерлерде, қора маңында тіршілік етеді.кене денесінде 1,5-3 ай мерзімде цистоцеркоид атты инвазиялық ларвоциста өсіп жетіледі. Ол кенелерді мал шөппен қосып жеп қойған кезде монезиоз ауруына шалдығады. Малдың денесінде қортылып, цистоцеркоид сорғыштарымен ащы ішектің кілегей қабығына жабысып, өседі. 38-49 күннен кейін қайтадан сыртқы ортаға бунақтарды бөле бастайды. Мал ішегінде мониезиялар 7-8 айға дейін өмір сүреді де, сыртқа өзі шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет