Клизма деп диагностикалық және емдік мақсатта тоқ ішектің төменгі бөлігіне әр түрлі сұйықтықтарды енгізуді айтамыз.
Мақсаттарына қарай клизмалар екі топқа бөлінеді:
- тазалау және босату клизмасы;
- дәрілік және қоректік клизмалар.
Тазалау клизмасы кезінде жіберілген сұйықтық механикалық, температуралық және химиялық әсер етеді, перистальтиканы күшейтеді, нәжіс массаларының бөлінуін жеңілдетеді.
Жіберілген сұйықтықтың мөлшері неғұрлым көп болса, клизманың механикалық әсері де күшті болады. Механикалық әсерден басқа перистальтиканы жіберілген судың температурасы да күшейтеді. Атониялық іш қатуда сұйықтық температурасы +12С˚ болуы керек, спастикалық іш қатуда ішектің бұлшық еттерінің босаңсуы үшін жылы немесе ыстық клизмалар қолданылады, судың температурасы +37˚-40˚-42˚С.
Достарыңызбен бөлісу: |