|
Мектеп: №4 ІТ лицей-мектеп
|
Күні: 15.01.2020 ж.
|
Мұғалімнің аты-жөні: Тайманова А.Ш.
|
Сынып: 5 "А"
|
|
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Бөлме өсімдіктерінің күтімі
|
Сабақтың мақсаты
|
а) білімділік: оқушының бөлме өсімдіктері туралы білімдерін жетілдіру, бөлме өсімдіктері атауларымен таныстыру;
ә) дамытушылық: оқушының еңбекке деген қабілеті мен ынтасын арттыру;
б) тәрбиелік: оқушыны еңбекке, мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау
Құрал-жабдықтар: бөлме өсімдіктері түрлері, өсімдіктерді отырғызуға арналған құмыралар, су сепкіш, таза сүрткіш, түрлі-түсті қағаздар.
|
Пəнаралықбайланыс
|
-әдебиет;
-дүниетану
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
|
І. Ұйымдастыру кезеңі: – Оқушымен амандасу;
– Оқушының назарын сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Оқушының сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында бөлмедегі бірнеше гүлді ортаға әкеліп қояды. Сол гүлдерге қарап отырып оқушылар өз ойларын айтады, өздерінің бүгінгі көңіл-күйлерін жеткізе отырып гүлдермен сырласады. Бөлме өсімдіктері таза ауамен қамтамасыз етумен бірге, бөлмеге сән беріп, көңіл-күйді көтеріп, сіз отырған ортада жақсы атмосфера қалыптастыруға әсерін тигізеді. Бөлме өсімдіктері күтімді қажет етеді. Ата-аналарымыз біздің барлық жағдайымызды жасайды, қажеттіліктеріміз болса қамтамасыз етеді, міне, сол секілді біз де бөлме өсімдіктеріне жақсы күтім жасай білуіміз керек. Ол үшін төменде келтірілген жағдайларды есте ұстауымыз керек. Бөлме өсімдіктерінің жақсы өсуіне жарықтың түсуі де әсер етеді. Барлық бөлме өсімдіктері үшін жарық мөлшері керекті бола бермейді. Жарық сүйетін, жарық сүймейтін де өсімдіктер бар. Сондықтан да бөлме өсімдіктерін таңдағанда бөлменің орналасуына назар аударған жөн. Егер де бөлмеге жарық мөлшері көп түсетін болса, онда жарық сүйгіш өсімдіктерді алған жөн. Ал, егерде бөлме көлеңкелі аумақта орналасып, жарық мөлшері аз түсетін болса, онда жарық мөлшерін көп қажет етпейтін өсімдіктерді таңдаған дұрыс.
Бөлме өсімдіктерінің өсуін де жарықпен қатар жылудың да орны бөлек. Белгілі мөлшерде бөлме өсімдіктері жылуды қажет етеді. Бөлме өсімдіктері үшін бөлме температурасы тұрақты болғаны дұрыс. Бөлме салқын, жел болмауы керек. Сондай-ақ, бөлме өсімдіктерінің тұрақты орны болған жөн. Оларды орнынан жиі қозғауға болмайды. Үй жағдайында теледидар, музыкалық орталық, кір жуғыш машина жанында бөлме өсімдіктерін қоюға болмайды. Өсімдіктер күндіз оттегіні бөліп көмірқышқыл газын сіңіріп алады. Бөлме өсімдіктерін отырғызғанда кең ыдыс әрі құнарлы топырақ керек. Бөлме өсімдіктерінің түрлі болуына байланысты да тыңайтқыштар да түрлі болып келеді. Ең бастысы – бөлме өсімдіктерін уақытылы суарып отыру керек. Суды құйғанда да шамадан тыс пайдаланбаған. Мөлшермен құя отырып, екі күнде немесе үш күнде бір суарып отыруымыз керек. Бөлме өсімдіктерін де сүртіп отырудың өзі де олардың өсуіне де ықпалын тигізеді.
Сұрақ-жауап. 1. Бөлме өсімдіктері не үшін қажет?
2. Үйлеріңізде қандай бөлме өсімдіктері бар?
Сергіту сәті. Отырайық жүрелеп, Гүлді үзіп алайық.
Орнымыздан түрегеп, Басқа гүлге барайық.
«Гүлдер шеруі» ойыны. Оқушы көздерін жұмып отырады. Мұғалім гүлге сипаттама береді. Бөлме өсімдігі, жарық жерде өседі. Өзі әдемі, хош иісті, бір қарағанда көңіл-күйді көтереді. Түрлі-түсті болып келеді. Қай мезгіл болса да өзінің сұлулығын жоғалтпайды. Оқушы көздерін ашады (жоғарыда айтылған сипаттамалар бойынша гүлдің суретін салады).
ІІІ. Қорытынды. Бөлме өсімдіктері үнемі бақылауды, жақсы күтімді қажет етеді.
Сұрақтар: 1. Бөлме өсімдіктерінің күтімі қалай жасалады?
2. Бөлме өсімдіктерін қалай отырғызуымыз керек?
3. Бөлме өсімдіктерінің қай түрлері ұнайды?
|
Стикер
Күлекештер
Суреттер
|
|
Оқулық,
Стикерлер,
суреттер
Жұлдызшалар
«Бас бармақ»
|
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?
|
Достарыңызбен бөлісу: |