“Күлше дәмі” әңгімесі Әңгіменің тақырыбы



Дата25.12.2016
өлшемі11,37 Kb.
#4558

Сол жылдары туған ауыл тұнжырайтын бір түрлі, Нар аталар, әз әжелер күрсінетін күн - түні. Сол жылдары алақаны күс-күс болып ойылған, Қыз –келіншек ертелі-кеш білмеуші еді күлкіні. Сол жылдары туған ауыл қанатынан қайырылған Сұрапылға аттандырып, арысынан айырылған. Арқалады ауыр жүкті қабырғасы қайысып, Айдар шашы маңдайына желкілдеген балдырған. Қосжан Мүсірепов

  • “Күлше дәмі” әңгімесі

Әңгіменің тақырыбы:

  • Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы ауыр еңбек, ауыл тынысы. Бас көтерер ер –азаматын майданға аттандырып, бар ауыртпалықты мойындарына көтеріп қалған қарттар, әйелдер, жастар мен ерте есейген балалар тағдыры туралы.

Әңгіменің идеясы:

  • Ауыр еңбек, қиын тұрмысқа қарамастан адамдардың бойындағы ертеңгі күнге деген сенім, қайсарлық, бауырмалдық, еңбек сүйгіштік қасиеттерін дәріптеу.
  • Сұрақтар
  • 1. Балалар қайда бара жатыр?
  • 2. Құмнан не қазып жүр?
  • 3. Өрлеубай қарт не айтты?
  • 4. Сүттен не пісіреді?
  • 5. Биыл ауа райы қалай болды?
  • 5. Базаржан қарындасымен кімнің үйінде қалды?
  • 6. Қарындасы екеуі кімді күтеді?
  • 7. Балалар күлшенің көмегімен не істейді?
  • 8. Тарғын қария нені армандады?
  • 9. Қандай хабар келді?
  • Аударма жұмысы
  • Жусан – полынь
  • Сүттіген – молочай
  • Ешкіемер (үлкен кесіртке) – козодай
  • Көсік (жабайы құм сәбізі) – дикая морковь
  • Мондалақ (жабайы шомыр) – козлец
  • Итжуа (дала сарымсағы) – лук шаровидный
  • Қамыс құлақтар - камыш
  • Қарабауыр қасқалдақ - лысуха (болотная птица, вид дикой утки)
  • Түсіндірме сөздік
  • құмақ бет (құм (үйіліп) басқан жер) - дно воды, песчаная мель
  • тәжім төбе (төбе атауы) – название холма
  • ылғалы арыла қоймаған (әлі құрғамаған) – еще влажная (еще непросохший)
  • ноқта (бұзаудың, ботаның бас жібі) – недоуздок
  • құдай береді (жеткізеді, молшылық болады) – бог даст (доведет, будет изобилие)
  • жұрттың діңкесін құртқан (әбден шаршатқан) – утомлял всех (совсем выбиться из сил);
  • көппен көрген ұлы той (қуаныш) - радость
  • төл тәрбиелеп жатқан (қозы-лақ бағу) – пасти козлят, ягнят
  • жығылғанға жұдырық дегендей (екі есе қиындық болды) – трудности удвоились
  • бір қапталы үңірейіп тұрған жетімдер (сорлылар) -
  • екі үйдің ішіп-жемі бір-бір үйден ас ішеді (тату) - дружный
  • қарындары сазып (ашығып) – изголодаться
  • кәрі сүйегін сүйретіп (зорға жүр) – еле-еле (насилу) ходить
  • беттеріне түскен шұбыртпалары (қабыршақ, беттің жарылуы) – затвердение лиц (покрытие лица тонкой коркой, кожа на лице треснула)
  • тесік өкпе (жетім) - сирота
  • дамбал (жұқа, ұзын балақ іш киім) – штаны (кальсоны)
  • салма (арық) - арык
  • І бөлім.
  • Түс ауа сабақтары аяқталып, оқудан қайтқан екі бала ауылға апарар сүрлеу жолмен келе жатыр. Асығар емес. Күн жылынып, жер бусанғалы қашан. Даладағы шөп біткен әлдеқашан көктеп, көз жетер жердің бәрі жап-жасыл. Мұрныңа бусанған топрақ иісі құмақ беттегі жусан мен сүттіген иісі келіп, көкірегіңді аша түседі.
  • Мұның білетіні колхоздың таң сыз бере басталып, қас қарая аяқталатын жұмысынан діңкелеп келіп, бір аяқ сылдыр көжесін іше сала, балаларын қасына алып, шам жарығымен тағы да майданға киім дайындайтын әйелдердің мұңға толы үні, таусылмас зары. Шет жақтағы Меңдештің үйінде тері сүріп , жүн түтіп отырған әйелдер анау ақ түтек майдандағы ерлеріне деген сағынышын өлеңге қосады.
  • ІІ бөлім
  • Кәрі сүйегін сүйретіп бұл да, ойын жасындағы бала да үмітін сол батыстан күтеді. Тастай қараңғы түнде есегінің митың жүрісі үстінде тербеліп келе жатқан Тарғын қария үй алдында селтиіп тұрған кемпірін көрді.
  • Көз жасын үнсіз төгіп, қасында тұрған баласының жүзінен қыршын кеткен күйеуінің лебін көріп, қайда қалғаны белгісіз жарына деген сағыныш та, бесіктен белі шықпай жатып қиындық қамытын мойынына ілген баласына деген аяныш та, ертеңгі күнге деген үміт те жас боп ақтарылды.
  • Сәйкестік кестесі
  • Адамгершілік қасиеттер
  • Кейіпкерлер, олардың іс-әрекеттері
  • Қайырымдылық
  • Еңбекқорлық
  • Мейірімділік
  • Қанағатшылдық
  • Жанашырлық
  • Бауырмалдық
  • Сенгіштік
  • Адалдық
  • Қайсарлық
  • Сабырлылық
  • Төзімділік
  • Ризашылық
  • Мазмұндамаға арналған мәтін
  • Оттан жаңа алса керек , қолында майлыққа оралған күлшесі бар . Исі бұрқырап тәбетіңді ашқандай. Ақсақал өзінің шаршап , шөлдегенін енді білді. Хабар күтіп тұрған кемпірі мен қараңғыда топырлаған балалардың ішінен кәрі көзі жасаурап Базаржанды , Қорғанды, Итемгенді зорға айырды. Біреу тартып алардай сөмкесін бауырына қысып :
  • - Кемпір, собалағыңды балаларға берші, есекті отқа жіберіп келсін. О, құлдыраңдаған жүрістеріңнен айналдым. Соғыс та енді көп ұзамас. Тойға дайындалың, тойға, - деді. Иісі бұрқыраған күлшені ауыздарына салған балалар мәз болып дабырласып бара жатты.

Шығармашылық жұмыстар

  • Тірек сөздерді пайдаланып, сөйлемдер құрастыру.
  • Соғыс тақырыбындағы өлеңдерді жатқа оқу.
  • Тақырып бойынша суреттер салу, өлең жазу.
  • “Мен ұнатқан кейіпкерге хат” хат жазу.
  • Өлке өсімдіктері атауларының аудармасын жасау.
  • Естелік айтқызу (ата, әжелері әңгімелерінен)


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет