КМ 01.
Тақырыбы:
Асхана мен тапсырыс тағамдарына арналған мәзір ерекшеліктері
Лайықты порция
Лайықты порция дайындауда қонақтың мүмкіндіктерін назарға алу керек. Оның төрт сағаттық кешкі ас кезінде бес жұғымды тағамды жей алмайтыны анық. Сондықтан дайындалатын ас мәзірі бойынша не тағамдардың аз санын, не нәрлілігі аз тағамдарды және аз порцияларды беруге шешім қабылдауға ұсынамыз.
Түрі
Келушіге қызмет көрсеткенде оның сұранысы бойынша ас мәзірін анықтап, біз сондай - ақ тағамдардың үстелдің үстіне қандай түрде берілетінін назарға алуға тиіспіз. Таңдалған тағамдардың өзінің түсі бойынша алуан түрлі болуына ойлануымыз керек
Ас мәзірімен қатар тамақтану мәдениетінің 10 ережесін біле жүруіміз керек, олар:
1. Әрбір адам тағамнан 1 тәулікте жұмсайтын энергиясына сай қуат алуға тиіс.
2. Әрбір адам үшін күніне 4 не 5 рет тамақтану тиімді.
3. Тамақты күн сайын бір мезгілде қабылдау керек.
4. Ыстық тағам температурасы 50 - 60С, салқын тағам 10С — тан төмен болмау керек.
5. Ақырғы тамақтану ұйқыға дейін 2 сағат бұрын болу керек.
6. Тамақтың түрін (рационын) өзгертіп тұру керек
7. Қайнатылған, буға, парға піскен тағам пайдалы.
8. Тамақты асықпай шайнап жеу керек
9. Сұйық тағамдарды көкөніс, жемісті көп қолдану керек
10. Сүт, суттен жасалған қышқылтым тағамды жеу керек
КМ 01.
Тақырыбы:
Бизнес – ланч және күндізгі рацион мәзірлері
Бизнес – ланч мәзірі – жартылай өнімдерде жұмыс істейтін жылдам қызмет көрсететін мейрамханаларда 12 – 16 сағат аралығында жүргізіледі. Мәзірдің бұл түрі симпозиум қатысушыларына, банк және офис қызметкерлеріне арналады. Егер де бизнес – ланч үш тағамнан құралса, тұтынушылар төрт курстан тұратын жинақты таңдайды: бірінші курс – салқын және ыстық басытқылардың бірнеше варианттары; екінші курс – көжелер; үшінші курс – негізгі ыстық тағамдар және төртінші – десерт. Бизнес – ланч мәзірі әр апта сайын өзгертілуі керек;
Күндізгі рацион мәзірі симпозиум, маслихат, конференция қатысушыларына құрастырылады. Мәзірді құрастырғанда тұтынушылар контингенті (жасы, ұлты, жұмыс түрі) ескеріледі. Күндізгі рацион мәзірінің калориялығы 2000-5000 ккал-ға дейін ауытқиды. Мәзірге басытқылар, бірінші және екінші ыстық тағамдар, тәтті тағамдар, нан-тоқаш өнімдері, ыстық және салқын сусындар кіреді. Күндізгі рацион мәзірін құру үшін әр тағамның калориялығын ескеру керек;
Достарыңызбен бөлісу: |