Күн жүйесі
Күн жүйесі – Галактиканы құрайтын мөлшері және күрделілігі жағынан әр түрлі көптеген системалардың бірі. Ол Галактика орталығынан 10000п жуық галактикалық жазықтықтың солтүстігінде 25 п қашықтықта орналасқан. Оған ең жақын орналасқаны Проксима Центавра (шоқжұлдыз) жұлдызы, ол 1,31 п қышықтықта жатыр. Күн системасының орталық денесі – Күн ол ның құрамындағы жалғыз жұлдыз. Онда системаның барлық массасының 99,86 % жинақталған, қозғалыс санының жалпы моментінің тек 2% ғана қамтиды.
Күн жүйесіде Күннен басқа 9 үлкен планета, мыңдаған ұсақ планеталар (астероидтар), миллиондаған кометалар, метеорлар заттар – планетааралық газ бар. Барлық планеталардың жалпы массасы Күн массасының 1/745-індей. Кометалар мен астероидтар жалпы массасы Жер массасынан аз. Күн системасы үнемі қозғалыста болып тұрады. Күн системасының барлық планеталары бір жазықтықта дерлік орналасқан эллиптикалық (шеңберге жақын) орбита бойынша Күн маңында айналады.
Барлық планеталар эллипс бойынша қозғалады, фокустердің бірінде, бүкіл планетаға ортақ Күн бар.
|
Планетаның радиус – векторы бірдей уақыт аралықтарында бірдей үлкен ауданды сызады.
|
Әр түрлі планеталардың Күнді айнала қозғалысының уақыт квадраттары олардың орбиталарындағы үлкен жарты осьтердің кубтарына пропорционал болып келеді немесе Күннен орта қашықтыққа сай болады.
|
Қазіргі уақытта Күн жүйесінен 100мыңдаған астероид анықталып отыр. Қазіргі уақытта олардың нақты саны - 632 567, бірақ олардың 385 184-нің орбитасы анықталғандықтан, соншасында ғана нөмірлеу жүйесінде өздеріне тән нөмірлеулері бар. Ал 18 241-нің аттары бар. Есептеулер бойынша Күн жүйесінде 1,1-ден 1,9 миллионға дейін радиусы 1км-ді құрайтын денелер бар. Қазіргі уақытта анықталған астероидтардың көбісі Марс пен Юпитердің арасында орналасқан астероидтар белдеуінде орналасқан.
Комета – Күн жүйесінің кіші денесі;аспанда оқтатекте тұманданған нысан түрінде байқалып,жұлдыздарға қатысты орын ауыстыратын, центрінде ядросы аспан денесі. Құйрықты жұлдыздың басы ядро бөліп шығаратын газ бен тозаңнан түзіледі.(Мұз,метан және будан) Күнге жақындаған кезде буланып кетеді. Қазіргі таңда 400-ге жуық қысқакезеңді кометалар анықталған
Болпан немесе Меркурий немесе Шолпан, Таңшолпан, Кіші Шолпан — Күнге ең жақын және Күн жүйесінің 1-ең кіші ғаламшары. Күнді 88 тәулік ішінде айналып шығады. Ал өз белін ұзақ уақыт 59 тəулікте айналып шығады, Болпанның бір тәулігі Жердің 176 тәулігіне сәйкес. Болпанды бақылау өте қиын. Бетіндегі температура күндіз +400 дәреже болса, түнде -200 градусқа барады.
|
“Венера” — Шолпан планетасына 1961 жылдан бастап ұшырылған кеңестік планетааралық ғарыштық аппараттардың (стансалардың) атауы.
|
Жер — Күн жүйесіндегі Күннен әрі қарай санағанда үшінші ғаламшар адамзаттың тіршілік ететін бесігі. Жер эллипстік (дөңгелекке жуық) орбита бойымен 29,765 км/с жылдамдықпен 149,6 млн. км орташа қашықтықта 365,24 орташа күн тәулігі ішінде Күнді бір рет айналып шығады. Оның табиғи серігі – Ай. Ай Жерді 384000 км орташа қашықтықта айналады. Жер осінің эклиптика жазықтығына көлбеулігі 66°33´22˝, оның өз осінен айналу периоды 23 сағ 56 мин 4,1 с.
|
Марс (Қызыл жұлдыз) — Күн жүйесінің Күннен бастап санағандағы 4-ғаламшары; Жер тобындағы планеталар қатарына жатады. Орташа диаметрі 6800 км, массасы 6,423.1023кг, орташа тығыздығы 3,97 г/см3, бетіндегі ауырлық күшінің үдеуі 3,76 м/с2. Марс Күнді эллипстік орбита бойымен 24,2 км/с жылдамдықпен айналады.
|
Есекқырған (кейде Юпитер) — Күн жүйесінің бесінші ғаламшары.
Қызылжұлдыз бен Сатурн (Қоңырқай) ғаламшарларының арасында орналасқан. Есекқырған күннен 773 млн. шақырым қашықтықта орналасқан. Есекқырған Күн жүйесінің ең үлкен ғаламшары. Диаметр бойынша ол Жерден 11 есе, ал салмағы бойынша 300 есе үлкен.
|
Сатурн (қаз. Қоңырқай) — Күннен санағанда алтыншы, салмағы мен үлкендігі бойынша Күн жүйесіндегі екінші ғаламшар.
Қоңырқай Күннен 1429 млн км (9,58 а.б.) қашықтықта орналасқан. Күннен айналу уақыты - 29,46 жыл.
Қоңырқайдың шамамен 60 серігі бар және ең күрделі сақиналар құрылысы бар ғаламшар.
|
Уран - Күн жүйесінің жетінші ғаламшары. 1781 жылы наурыздың 13-інде Уильям Гершель ашқан. Грек (юнан) уақыттың құдайы Кроностың мадағына аталған. Уран - бұл Кроностың латын атауы. Күнді 84 жылында бір рет айналады. Уран - күннен алыс жатқан планета. Ол газдан және қатты ядродан тұрады. Оның беткі қабатын көгілдір тұман жауып жатады. Оны тастар мен мұз кесектерінен тұратын 11 жұқа сақина, 15 серігі қоршап жатады.
Нептун - Күн жүйесінің сегізінші ғаламшары, Күн Жүйесіндегі күннен ең алыс орналасқан ғаламшар. Диаметрі жөнінен ең үлкені, салмағы бойынша үшінші ғаламшар. Нептун Жер 17 есе ауыр, Жерден 15 есе ауыр Уран ғаламшарынан сәл ауыр. Ғаламшар Римдік теңіз құдайының атымен аталған. Астрономиялық белгісі, Нептун құдайының үшұшты найзасы.
Плутон - Күн жүйесінің сыртқы жағында айналатын ергежейлі ғаламшар.
Күн мен Плутонның арасындағы қашықтық 7 миллиард 307 миллион шақырымға сәйкес. Күннен алыс болғаннан Плутонның бетіндегі температура -270 дәрежеге Цельсий бойынща сәйкес.
Плутон Күнді 248 жылда бір рет айналады яки Плутонның жылы ұзақ.
Плутон жоғарғы ғаламшарларының тобына кіреді, ал оның физиологиялық ерекшелері бойынша оны Жер тобы ғаламшарларының бірі деуге болады. Плутонның диаметрі небәрі 3000 шақырым. Күшті телескопқа қарап фотосурет түсіргенде, Плутон сол суреттерінде кішкентай жұлдыз сияқты көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |