Күн тәртібі: Оқытушылардың өзара сабаққа қатысу туралы есебі 2



Дата01.08.2017
өлшемі32,82 Kb.
#22517
«Мейірбике» колледжінің «Хирургия – ішкі аурулар және стоматология» кафедрасының №4 отырысының ХАТТАМАСЫ
«23» желтоқсан2016ж Әдістемелік кабинет

Қатысқандар: 15


Күн тәртібі:
1.Оқытушылардың өзара сабаққа қатысу туралы есебі

2.Газет және журналдарға мақалалар дайындау және жіберу
Тыңдалды:
1.Бірінші мәселе бойынша кафедра меңгерушісі А.Н.Бегимова сөз алды: Құрметті оқытушылар 2016-2017 оқу жылына «Хирургия –ішкі аурулар және стоматология» кафедрасындасы бойынша бір неше жас маман оқытушылары бар екендігін айта келе, жылдық жоспарға негізделіп жұмыс жасайтындығын атты.Жаңа оқу жылында келген жас мамандарға тәлімгерлер бекітілді.Оқытушылардың өзара сабаққа қатысу кестесі де жасақталды.қатысу мерзімі жыл бойына. Мұндағы мақсат:ең алдымен тәжірибе алмасу. Жас мамандарға тәлімгер ретінде үлгі көрсету,үйрету. Ішкі аурулар кафедрасы бойынша ммамандар үнемі өзара сабақтарына қатысып отырады. Кафедрада ол үшін жоспар жасақталған. Мысалға жас мамандар тәжірибелі ұстаздар: Мергенбаева Ж.З., Ахтанова Н.Х., А.Н.Бегимовалардың сабақтарына қатысып отырады. Сабақтан қандай тәжірибе жинақтағандығы туралы әріптестерімен бөлісіп отырады.Жас мамандардың да сабақтарына тәжірибелі ұстаздар қатысып өз иікірлерін айтып отырады. Тәжірибелерімен бөлісетіндіктерін айтты..
2.Екінші мәселе бойынша кафедра мамандарды дайындайтын арнай пәндер болғандықтан кітапханамен тығыз байланыста болады. Кітапханаға мамандығымызға байланысты кітаптар, журналдар, газеттер келіп отырады. Бұл оқытушылар және студенттер үшін де жақсы мүмкіндік деп ойлаймын. Жыл сайын медициналық мамандықтарына байланысты газет, журналдарға жазылып отырады. «Маңғыстау дәрігері», «Меірбике ісі» журналдары.

Республика және облыс көлемінде шығатын медициналық мамандықтарға байланысты газет журналдарға оқытушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп мақала, шебер сынып сабақтарын жіберіп отырады. Республикалық « мейірбике ісі» журналына Ж.З.Мергенбаеваның «Ас қорыту ағзаларындағы медбикелік процесс» деген тақырыпта мақаласы жарық көреді.Мұнымен шектеліп қалмай болашақта жас мамандар да өз еңбектерін жариялайды деп ойлаймын. Жоспар бойынша бірнеше мақала және үлгілі сабақ жоспарларын жіберу міндеттелгендігін айтты.

Сөз алды:


  1. Жиентаева Мәншүк Сүлейменқызы:

-Менің мейірбикелік еңбек өтілім бірнеше жыл. Бірақ ұстаздық тәжірибем аз. Сондықтан да тәжірибелі ұстаздардан алатын үлгілерім өте көп деп ойлаймын. Үнемі бос уақыттарымда жас маман болсын, тәжірибелі ұстаз болсын сабақтарына қатысып отырамын. Үйренерім де,білерім де көп. Мен Құралай Қожахметовнаның сабағына және Сақтағанованың сабақтарына қатыстым. Жақсы. Өзіме керекті мәліметтерді алдым. Әсіресе Құралай Қожахметовнаның сабағы жоғары деңгейде өтті.

2. Ахтанова Нәбияш Халекесовна.

- оқытушылардың өзара сабаққа қатысып отыруы өте орынды деп білемін. Себебі сабақ барысындағы кез келген элементін пайдаға жаратудың өзі жетістік. Ол өз тәжірибесінде болмаған дүниені басқа оқытушыдан алуы мүмкін. Сын айтылмай мін түзелмейді.Аяпованың сабағына үнемі қатысып келемін. Сабақ беру әдісі мен сабақ барысында пайдаланған әдіс-тәсілдері өте тиімді. Өз маманының шебері деп айтуға болады. Арнайы пән маманы болғандықтан студенттеріне жеткізу шеберлігі жоғары, студенттерінің тақырыптарды түсініп,аша білетіндіктері таң қалдырды.

3. Мергенбаева Жұмагүл Зорбаевна:

- Мен тәжірибелі ұстаз ретінде айтарым еңбектенудің арқасында ғана үлкен жетістікке жетуге болады деп ойлаймын. Тәжірибе алмасу жас мамандар үшін өте тиімді әдіс.Сол пайдаланған әдіс тәсілдеріңді газет –журналдарға жариялап отыру керек.

Мен Жиентаева Мәншүк Сүлейменовнаның сабағына қатыстым. Тақырыбы «...........» . жақсы бірақ практика жүзінде көп жұмыс жасау керек. Себесі болашақ мамандар тәжірибе барысында көп дүниені ұғады. Студент өздері сөйлеп үйреніп, өз қателіктерін табу керек деп ойлаймын. Сабақ мақсатына жетті.



Ұсыныс: жас мамандар үнемі тәжірибелі оқытушылардың сабағына қатысып отырса екен....

Кафедра отырысы қаулы етеді:

1. Оқыушылардың өзара сабаққа қатысуы туралы есебі қанағаттанарлық деп бағалансын.

2. Тәжірибе алмасу ретінде жас мамандардың сабаққа қатысын қадағалау кафедра меңгерушісі Ә.Н.Бегимоваға міндеттелсін.

3. Газет – журналдарға мақала дайындап жіберу пән оқытушыларына міндеттелсін..



Отырыс төрайымы: А.Н.Бегимова
Хатшы: Ж.З.Мергенбаева

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет