Сынып сағатының мақсаты



бет1/2
Дата01.09.2023
өлшемі22,44 Kb.
#180064
  1   2
Байланысты:
Ашық тәрбие сағаты Отбасындағы сыйластық


Сынып сағатының мақсаты: Ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан, тот баспайтын,отбасы тәрбиенің қайнар көзі екендігін санамызда жаңғырту. Үш тұлға : ата-ана, бала, ұстаз арасындағы өзара қарым-қатынасты айта келе, ұлттық қазақы тәрбиемізді оқушы санасына сіңіру. 
Сынып сағатының өту формасы: диспут, баяндама, диалог
Сынып сағатының көрнекілігі: ұлағатты сөздер, ой толғау сұрақтары, фото-сурет,
үйішілік альбомдар
Сынып сағатының барысы: 
Ұйымдастыру кезеңі 
1.Тәрбие сабағын ашу. (сабақтың мақсатын, маңызын, әдістерін түсіндіру).
Жүру барысы.
Тәрбие сағатымыз екі бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімі: « Отан-отбасынан басталады » атты баяндама
Екінші бөлім:сұрақ-жауап.

  • Отбасы деген не?

  • Отбасы - бұл қоғамның негізі ме?

Монолог, диалог (әр оқушы өзінің отбасы жайлы әңгімелейді)
Бірінші бөлімі: «Отан-отбасынан басталады» тақырыбында баяндама:
Қоғамымыздың ертеңгі болашағы – бүгінгі жас ұрпақ. Әр халық өзінің тарихын алғастыратын жас ұрпағын адалдыққа, еңбексүйгіштікке, шыншылдыққа үндеп отырған.
Тәрбие жүйесінде, жеке адамның жақсы қаситеттерін қалыптастыруда қоғамның алатын орны ерекше. Қоғам жеке отбасынан тұрады. Қазақ отбасы үш буыннан құралады: ата-әже, әке-шеше, бала. Халқымыз көшпелі тұрмысты басынан кешсе де, бала тәрбиесін назардан тыс қалдырмаған. Атадан қалған ұлағатты сөздер, мақал-мәтелдер, ырым-тыйым сөздер арқылы жас ұрпағын ойшылдыққа, әдептілікке, батылдыққа баулыған.
Қазіргі кезде осы асыл мұра халқымыздың өмірінде жалғасын тауып келе ме? Рас, бүгінгі өмір сүріп отырған ортамызда ұлттық тәрбиенің негізі түгілі өзінің ата-тегін білмейтін әке-шеше, аға-іні, апа-сіңілілердің аз еместігін жасыра алмаймыз. Ұрпаққа ата мұрасын жалғастыру –қоғамның, аға буынның азаматтық борышы.
Қазіргі кездегі жасөспірімдердің арасындағы қылмыстың көбеюі, жастардың нашақорлығы, адамзаттың басына төніп тұрған әр түрлі дерттің қанат жаюы, бүкіл әлемді алаңдатып отыр.
Бала бойына дарыған көп қасиеттердің бастауы жанұяда қалыптасады. Ал, отбасында қалыптасуға тиіс дүниетанымның жоқтығы оқу-тәрбие барысында біліне бастайды. Баланың негізгі тәрбиешісі – өзінің туып өскен ортасы, ата-анасы. Баланың дұрыс азамат болып өсуі немесе қате жолға түсуі көбінесе үлкендерге байланысты. «Баланы – жастан ...» деген сөздің мазмұны өте терең. Себебі, есейіп кеткен соң баласының теріс мінезін, қалыптасқан қате көзқарасын өзгерту өте қиын. Кейбір ата-ана өз балаларын өздері жамандайды.
Жаман бала қайдан пайда болады?
Ата-аналар өздері тарапынан кеткен кінәні ескермей айыптыны іздейді. Жас баланың алғашқыда алға қойған арман, мақсаты болмайды. Оны есіне салатын, ой туғызып арманға жетелейтін біздер – үлкендер. Ең дұрысы бақылау, баламен әрқашанда қарым-қатынаста балып тұру. Уақыты жоқ ата-ана біраз уақыт өткеннен кейін баласының өздерін тыңдамайтын, т.б. жат мінездерін байқайды. Одан кейін амалы таусылып, кейін баланы ұрып-соғуға дейін баратын ата-аналар да аз емес. Балаға деген ондай көзқарас жан дүниесін жаралайды, өмірден түңілдіреді. Бара-бара бала тұйықталып, сұраққа қысқаша жауап беретін болады, көңілінде өшпес өкпе пайда болады. Өзін екінші сортты адамдар қатарына қосып қояды. Одан кейін баламен не болатыны түсінікті емес пе? Рақымсыздық көңіліне қаяу түсірумен бірге, өсе келе ата-анасына, өз ортасына мейірімсіздігін көрсете бастайды. «Ұяда не көрсе – ұшқанда соны іледі», үлкенді сыйлау, дөрекі сөз айтпау, біреуді сырттай жамандамау сияқты әдеттерді де бала жанұяда ата-анасынан үйренеді. Кейбіреулер үйіне келген жолдасын не туысын күлімсіреп қарсы алады да, үйінен шығып кеткеннен кейін «ой, өзі бір оңбаған адам» немесе басқаша сөздермен балағаттап отырады. Өздерінің өтірігі, екіжүзділігі балаға қандай әсер қалдырғаны туралы ойламайды.
Тәрбиелеу – тек бір сөзбен немесе айтқанын істету арқылы емес, жанұя мүшелерінің өзара сыйластығы, тума-туысқан, көрші- қолаңмен түсінікте болу, сөйлеу мәнері арқылы қалыптасады. Бала – жанұя тәрбиесінің айнасы.
Жанұяда әр адамның өз орнын білу, дастархан басында отыру мәдениеті»Әке тұрып ұл, шеше тұрып қыз сөйлегеннен без» мақалына лайықты тәрбие.
Кейбір ата-ана бала тәрбиесінің деңгейін сабақ өлшемімен өлшейді. Өте жақсы оқып, өзімшіл, қатыгез, қайырымсыз болса не деуге болады?. «Оқу мен тәрбие егіз» -деп осы тұрғыда айтылған болса керек.
Қазақ халқы ежелден ата сыйлаған, ана сыйлаған халық. Әке – шаңырақ иесі, жанұяның басы дейміз. Бала тәрбиесінде «Әке көрген оқ жанар, шеше көрген – тон пішер» деп бекер айтылмаған.
Ана- шаңырақ жылуы, әке – отбасының тірегі. Әр балаға тәрбиенің ең күштісі – әкенің өнегесі. Әкесі үлгі аларлықтай өнегелі, еңбексүйгіш адам болса, баласы да сондай болуға талпынады.
«Әкеден ұл туса игі, әке жолын қуса игі» деп халқымыз тегін айтпаған. Қанша айтқанмен ер балаға әке тәрбиесінің орны бөлек. Әкенің жүріс-тұрысына еліктеп, істеген жұмысына араласып, әкесіндей азамат болуды арамандайды. Кез келген кішкентай баладан «Сенің әкең қандай, мамаң қандай?» деп сұрасаң, «Менің мамам, папам бәрінен жақсы» - деп жауап береді.
Бұл жас баланың берер жауабы. Ал осындай өзінің мамасы мен папасына жан теңгермейтін балалардың кейбіреулері есейіп, жасөспірім қатарына қосылғанда, ата-анасын сыйламайтын, тілін алмайтын балаға айналады. Осының мәнісі неде? Мұның себебін ата-аналар өз бойынан іздеуі керек. Ұлы педагог Макаренко: балаларының алдында беделді болуды қаламайтын ата-ана жоқ. Бірақ қалай, қай бағытта өнеге беріп, өсіріп келе жатқанын ойламастан, бала санасына рухани өктемдік жасап тәрбиелейтін ата-ана баршылық. Бұл беделді болудың қандай жолы? Бұлай келген бедел – баланың санасы жетілгенде өздігінен жойылады. Қатал тәртіпке бағындырып, ақырып-жекіріп, орынсыз зәбірлеген бала ешнәрсеге талпынбайтын жалтақ ынжық болып өседі. Баласының қорыққанын мені сыйлағаны деп түсінеді. Екінші біреулер керісінше баланы тым еркелетіп жібереді, ондай балаларда еркеліктің аяғы сотқарлыққа апарып соқтырады. «Сүтпен кірген – сүйектен кетеді» - дейді халқымыз. Бұл жасында бала ата-анасынан қандай тәрбие алса, ержеткенде де сол әдеті қалмайды деген сөз. «Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала- сорлы бала» деп бекерге айтылмаған. Ұлы педагог Сухомлинский: «Отбасы – барлығының басы, жан-жақты дамуының негізі болатын тәрбие институты. Отбасындағы ата-ана мен баланың қарым-қатынас нәтижесінде, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгісі қалыптасады. Ал, әке мен шеше, ата мен әже, ана мен ағалар баланың алғашқы тәрбиешілері» - деп жазды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет