Күні: 14. 10. 2016 Тақырыбы



бет1/2
Дата08.07.2018
өлшемі1,92 Mb.
#48373
  1   2
Күні: 14.10.2016

Тақырыбы: Аяулы күз- Алтын күз

Мақсаты:


1. Алтын күз сайысына қатысушылардың арасынан ең үздік сыныпты анықтау.

2. Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру.

3. Табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Шарттары: әр сыныптың өз киім үлгісі, топтың аты, өз фишкасы болады.


Жоспары:

  1. Таныстыру

  2. Қас - қағым сәт.(Күз айларына қатысты сұрақтарға жауап беру)

  3. «Дәмін тап» ойыны.

  4. Өз өнерін көрсету(ән,театрлық көрініс,бұйымдар жасау т.б.)

  5. Күз сыйы. (Күзгі көкөністерден, жеміс - жидектерден дайындалған ерекше салат, оның жасалу жолы туралы айту

  6. Ең үздік заманауи би

- Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар!

Бүгін бастауыш 1, 2, 3 сыныптар арасында ұйымдастырылып отырған « Аяулы күз-Алтын күз» сайысына қош келдіңіздер.

- Уа халайық, халайық

Мұнда назар салайық

Мерекесі халықтың

Алтын күзге арналған

Кешімізді бастайық - деп кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

- Біздерде ойын - сауық басталады

Тамаша күй тартылып, ән салады.

Қошеметтеп қол соғып отыралық

Ұмытармыз күні бойы шаршағанды.

Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз

Жан сұлуы мен тән сұлуын тепе - тең ғып

Еріксіз өзімізге қаратамыз - деп сайысқа қатысушыларды ортаға номер суыруға шақырамыз.

- Ендеше Сайысқа қатысушыларды таныстырып өтелік: 3 сынып оқушылары, 2 сынып оқушылары, 1 сынып оқушылары

Баяғы өткен заманда
Дін мұсылман аманда
Әділдік іздеп екі адам
Биге барып бас қосқан,
Ал, бүгінгі заманда
ЖЮРИ деген ат шыққан
Қазақшаға аударған соң,
Әділ қазы деп шыққан.
Сайыс болғандықтан сайыскерлерімізді бағалайтын әділқазы алқасымен таныстырып өтейік:

1.Таныстыру.

Сайысымыздың бірінші бөлімінде сайысымызға қатысушылардың өзін - өзі таныстыруы.



2. Қас - қағым сәт.(Күз айларына қатысты сұрақтарға жауап беру)

« Қас - қағым сәт» «Жапырақ теру» ойыны арқылы ұйымдастырылады. Алдарыңыздағы шашылған жапырақшалардағы сұрақтарға жауап беру



3. «Дәмін тап» ойыны.

Әр сыныптан оқушылар кезекпен шығып, жемістердің, көкөністердің дәмін татып, қандай жеміс екенін айтады(көздері байлаулы болады).



4. Өз өнерін көрсету(ән,би, т.б.)

Өнер жастан жаныңдар

Шақырған сайыстарға бірі - бірін

Өнерпаздар дарындылар

Көрейік, ән би, күйді көрермендер

Көрсетсін сайыскерлер өнерлерін - деп өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз.



5. Күз сыйы. (Күзгі көкөністерден, жеміс - жидектерден дайындалған ерекше салат, оның жасалу жолы туралы айту

Молшылық күз – берекеміз,

Береке күз - мерекеміз - дей келе күзгі жеміс - жидектерден, көкөністерден дайындалған салаттың жасалу жолдары жөнінде әңгімелеу.

6.Ең үздік заманауи би.

М а р а п а т т а у л а р:

3.Ең ұйымшыл сынып.

2.Ең белсенді сынып



1.Ең үздік сынып

Каталог: uploads -> doc -> 00fa
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
00fa -> Абай Құнанбаев


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет