Көңілді тапқыштар клубы.
7-сынып
Соңғы кезде мектеп оқушыларын пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілетін сайыс, конференция, саяхат сияқты сабақ түрлерінің тиімділігі баршамызға аян. Мектебімізде пән апталықтары, онкүндіктер өткізіледі. Сондай апталықтардың бірінде 7-сынып оқушыларымен «Географиялық КТК» (КВН) білім сайысы өткізілді. Әр командада 8-ден 16 оқушы қатысты. 1-команда «Азия», 2-команда «Байкал» деп аталды. Әр команданың төсбелгісі, жалауы, костемдері және сайысқа қажетті заттары болды.
Сайыстың мақсаты: географиялық білімді шыңдап жетілдіру, Отанды, табиғатты сүюге, оны қорғап, аялауға, ұлттық педагогиканың негізінде ата-бабаларымыздың дәстүрін, аңыз-әңгімелерін жеткіншек бала бойына сыналап сіңіру.
Тарих пәнімен байланыстырылып өткізілді.
Ойын ХІ турдан тұрды. Тур арасында жанкүйерлермен де сұрақ-жауап откізілді.
І тур Командалар өздерін таныстыруы.
ІІ тур Капитандар сайысы (әрқайсысы қарсыластарынан бес сұрақтан сұрайды).
Мұхит табанының ең басты ерекшеліктерін ата (су асты жоталары).
Ұлы географиялық ашылулар қай кезеңге тура келеді? (ХV-XVIII ғасырларға).
Жер қыртысының неғұрлым терең жарықтарының жиынтығын не деп атайды? (Рифт).
Қай теңіз суының тұздылығы басым, қанша % (Қызыл теңіз, 42%).
Неге география ғылымының атасын Эратосфен деп атайды, қандай еңбектері үшін?(ендікті, бойлықты өлшеп, Ойкумендердің картасын құрастырып, «География» ұғымын ғылымға енгізгені үшін).
Климат түзуші факторларды ата? (Жер бедері, географиялық ендік, ауа массалары, мұхиттардың ықпалы).
Географтар Скандинавия мен Финляндияны бір сөзбен не деп атайды? (Фенноскандия).
Дүние жүзілік мұхиттың жалпы ауданы қанша? (361,1 млн.ш.ш.).
Үндістан түбегі мен Шри-Ланка аралында ежелден қандай асыл тастар өндіріледі? (Сапфир, Рубин).
Пайдалы қазбалар неше топқа бөлінеді? (2 топқа: магмалық, шөгінді).
ІІІ тур. Үй тапсырмасын қорғау.
Әр команда мүшелері табиғаттың көркем, әсем бір үзігінен қолдан жасап келген макеттің өз ойларымен мақсатын жеткізе қорғап шықты.
IV тур. Сайыстың көрермендері-жанкүйерлермен «Ең, ең...» атты жорға жарыс.
Ең терең көл-Байкал.
Ең биік тау-Гималай.
Ең үлкен арал-Гренландия.
Ең үлкен түбек-Арабия.
Ең терең шұңғыма-Мариан.
Ең үлкен материк-Еуразия.
Ең үлкен дүние бөлігі-Азия.
Ең ыстық материк-Африка.
Ең суық материк-Антарктида.
Ең үлкен мұхит-Тынық.
Ең кішкентай материк-Аустралия.
Ең үлкен көл-Каспий.
Ең енді климаттық белдеу-Қоңыржай.
Ең терең ойыс-Өлі теңіз.
Ең халқы көп материк-Еуразия.
Ең ежелгі тау-Орал.
Vтур. Шымшыма көріністер көрсету (сергіту уақыты).
Әр команда 3 көріністен көрсетеді.
«Азия» командасының көрінісінен бір үзік:
«Өнеркәсіпті үлкен қаланың бір топ жастары тауға дем алуға шықты. Тау беткейіне біраз көтерілген жастар арасында біреуі талып қалады. Сонда оған қасындағылар кейін шегініңдер ауа керек дейді. Ал екінші біреуі оған таза ауа емес, «түтінді ауа керек» деп темекісін сорды».
«Байкал» командасының көрінісінен бір үзік:
«Тағы да тауға шыққан қала жастары таудың мөлдір суын судай да, тамаққа қосып та іше бастайды. Біреуі менің ішім ауырып жаиыр деп мазаланады. Сонда оған келесі біреуі сенің ішің таудың мөлдір суын жатырқап жатқан ғой. Ондай болса ауылдағыдай бұл суға топырақ араластырып іш дейді».
Мұндағы мақсат айнала қоршаған ортаның ластануы мен адам денсаулығына зиянын сипаттап көрсету.
VI тур. Командалар сайысы «Егер, онда...».
Әр команда бір-біріне кезектесіп сұрақтар қойып, жауап алады.
VIІ тур.Жарнама жарысына үзіліс беру.
VIІІ тур. Төсбелгі (эмблеманы) қорғау.
Әр команда аттарына сәйкес аңыздан көрініс көрсету арқылы төсбелгілерін қорғайды.
«Азия» тобының көрсеткен аңызы. Алтай тауынан тараған түркі тілдес халықтардың пірі «Көкбөрі» атты аңыз.
«Байкал» тобы Байкал көлінен ағып шыққан Ангара өзенінің тау-тасты бұзып, жарып аға отырып Енисей өзеніне қосылуы туралы аңызды көрсетіп шықты.
ІХ тур. Полигот.
«Ми ойлағанды тіл тындырар» немесе «Тіл-көңілдің кілті» деген қазақта.
Командаларға жұмбақтар жасырылып, шешуі қазақша, орысша, ағылшынша айтылуы керек.
Қанаты жоқ –ұшады, аяғы жоқ –қашады (жел,ветер,wind).
Үй үстінде ақ аю билеп тұр (түтін,дым,fire).
Отқа жанбас, суға батпас (мұз,лед,ice).
Жылт-жылт еткен, жылғадан өткен (су,вода,water).
Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды (күннің көзі,луч солнца,sun).
Бір түкті кілем, бір түксіз кілем (жер мен аспан, земля и небо, ground and sky rise).
Бар ма жоқ па, оны анық білмейсің, ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің (ауа, воздух, air).
Әуеден күбі түсті, күбінің түбі түсті (күннің күркіреуі, гроза, thuder-storm).
Бұл турдың мақсаты әрбір оқушы бірнеше тілді меңгеру керек. Тіл білуге талпындыру, шыңдау және білген білімін тексеру.
Х тур. Шешуші сайыс. Оқушылар жүргізушінің сұрақтарына жауап береді.
Қай елде жер сілкінісі көп болады? (Жапония).
1. Қай елде жанартаулар көп атқылайды? (Исландия)
2. Миклухо Маклай деген кім? (Жаңа Гвинея мен Мұхиттық аралдарды зерттеген ғалым).
Марко Поло деген кім? (ХVIII ғасырда Памир тауы, Үндістан мен Қытайды зерттеген көпес, саяхатшы).
Жер шарындағы климаттық белдеулерді ата (экваторлық, тропиктік, қоңыржай, арктикалық).
Ауа массаларының қасиеттерін ата(температурасы,ылғалдылығы, мөлдірлігі).
Су массаларының қасиеттерін ата(тұздылығы, тығыздығы, мөлдірлігі, оттегінің мөлшері).
Достарыңызбен бөлісу: |