Көкпекті ауданының тарихи-өлкетану мұражайының жылдық іс-шаралары бойынша ақпараты



бет1/7
Дата29.03.2017
өлшемі2,13 Mb.
#12758
  1   2   3   4   5   6   7
Көкпекті ауданының тарихи-өлкетану мұражайының жылдық іс-шаралары бойынша ақпараты.

2016 жылдың қаңтар айынан бастап мұражайға келушілер саны 4700 адамды құрайды. Жоспар бойынша 2016 жылдың маусым айына дейін 9 іс-шара өткізілді. Олар: 1- наурыз Ризашылық күні, Чернобыль АЭС апатына -30 жыл, Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым, Жаса,жайна, Менің Қазақстаным, 18- мамыр Халықаралық мұражай күні, 31- мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні, 1 –маусым Халықаралық балаларды қорғау күні, ҚР Мемлекеттік рәміздер күні өтті. Жарты жылдықтан яғни шілде айынан бастап жоспар бойынша бекітілген барлық іс - шаралар өтті. Өскелен ұрпақты патриоттық, отаншылдықдыққа, сүйіспенділікке тәрбиелеуді жалғастыру мақсатында аудан жастары және аудан оқушыларының келу кестесі бекітілді. Селолық округ әкімдерімен арнайы кездесу өткізіліп, мұражай қорын толықтыру және селолық округінің даму тарихы туралы мәліметтер, фотолар жинақтап ауданның 90 -жылдығына абройлы дайындалу туралы әңгіме жүргізіліп хаттар жіберілді. Аудандағы барлық мектеп директорларына экспонаттар жинау және округ ауылдарынан шыққан белгілі азаматтар туралы мәліметтер жинақтау үшін хаттар жиберілді. Сол хаттармен жұмыс жүргізілуде. 6 - шілде Елордамыздың күніне орай "Жасай бер,жайна - Астанам", Тамыз айында жоспарға сай Қазақстан Республикасы Констутиция күніне орай "Ата Заным - айбыным!"атты және қыркүйек айында білім күніне "Білім - ырыс қазығы" лекциялық сабақ өтті, Мемлекеттік валюта күніне арналған тақырыптық көрме өтті. Жыл бойы еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс - шаралар өтті. Сонымен қатар жоспардан тыс мұражайда тақырыптық экскурсиялар өтті.



2016 жылдың қаңтар айынан желтоқсан айына дейінгі аралықта мұражайда 100 – ден аса жәдігерлер (экспонаттар) жинақталды. Бүгінгі күні жалпы жәдігерлер саны – 1470 құрайды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім,реформалар, даму» атты жолдауы мұражай көрмесіне қойылған. Мұражай қоры жыл бойы,ай сайын жаңартылып отырылады.

2016 жылдың 14 ақпанында Көкпекті ауданының тарихи-өлкетану мұражайында өткізілетін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25- жылдығына арналған «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты ашық есік күні өтті.Мұражайға Ж.Шайжүнісов орта мектебінің оқушылары, Өнер мектебінің оқушылары келді.Іс-шараға 60 –тан астам оқушылар белсене қатысты.

«Желтоқсан ақиқаты» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды.Көрмені таныстыру барысында Желтоқсан қаһармандарына жеке – жеке тоқталып өтті. Тарихымызда ерекше орны бар, бәріміз куәсі болған халқымыздың қасіреті мен ар намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхамеджановаларды еске алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз.



1-наурызда «Алғыс айту» күніне арналған Көкпекті ауданының тарихи- өлкетану мұражайында «Қазақстан – бақыт мекені» атты ашық есік күні өтті.Бұл мереке елімізде алғашқы рет өтті.Іс-шараға Көкпекті орта мектебінің оқушылары, Ж.Шайжүнісов орта мектебінің оқушылары, Көкпекті аудандық мәдениет уйінің ұжымы, Көкпекті аудандық өнер мектебінің ұжымы қатысты.Іс-шара Қазақстан халқының бірлігі мен жасампаздығын ұлғайтуға, ұлтжандылыққа тәрбиелеуге көзделген.Алғыс айту күні – жүздеген этностарды бауырына басқан қазақ, елі мен жеріне алғыс білдіру.Осы мереке біздің халықты одан сайын біріктіреді және жер- ананы қадірлейтін ұрпақты тәрбиелейді. Этнографилық залда орналасқан, ауданымыздағы этностардың мәдениеті мен өмірін бейнелейтін жәдігерлер, келушілердің қызығын таныты.


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет