Конференцияға қатысуға өз зерттеулерінің тұжырымдамасымен, аралық немесе қорытынды нәтижелерімен бөліскісі келетін ғылыми әдістерге сүйенетін ғалымдар, докторанттар, магистранттар, студенттер және практиктер шақырылады



бет1/3
Дата24.05.2022
өлшемі96,11 Kb.
#144826
  1   2   3
Байланысты:
Ақпараттық хат
11 апта практика Шакен Аружан-1652408854676



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті


АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, профессор Бораш Смаилұлы Мырзалиевтің 70 жылдығына арналған «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырады. Конференция 2022 жылдың 11 мамырында офлайн және онлайн форматында өтеді.


Конференцияға қатысуға өз зерттеулерінің тұжырымдамасымен, аралық немесе қорытынды нәтижелерімен бөліскісі келетін ғылыми әдістерге сүйенетін ғалымдар, докторанттар, магистранттар, студенттер және практиктер шақырылады.
Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

  1. Қазіргі экономикалық ғылымның даму тенденциялары және Қазақстандағы жаңа экономикалық бағыттың қалыптасуы

  2. Қаржы секторының ерекшеліктері және оны жетілдіру жолдары

  3. Қазақстандағы бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарға өтуін қамтамасыз ету

  4. Қазақстан халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде

  5. Корпоративтік басқару: теория, тәжірибе және шетелдік тәжірибе

  6. Туризм саласын дамытудың мәселелері

  7. Халықаралық саясаттың өзекті мәселелері: саяси режимдер мен әлемдік тәртіптің трансформациясы

  8. Қазақстанда мемлекеттік қызметті ұйымдастыру және өзін-өзі басқару жүйесінің өзекті мәселелері

  9. Жаңа Қазақстан; құқықтық мемлекет орнату жолында

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын, түрік.
Конференция бойынша мақалалар жинағының электронды нұсқасы жарық көреді. Қабылдау мерзімі 2022 жылдың 7 мамырға дейін, E-mail: bagila.mustafayeva@ayu.edu.kz электронды поштасына қабылданады. Конференцияға қатысушылар үшін тіркеу ақысы алынбайды. Мақалалардың электрондық нұсқасын рәсімдеуге қойылатын талаптарға сәйкес келмеген жағдайда Ұйымдастыру комитеті оларды жариялаудан бас тартуға құқылы.
Анықтама телефоны: 8 72533 6-36-36 (ішкі 1299) +7 705 886 2705


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет