Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары


Лебяжі ауданы ІІБ мемлекеттік тіл және ақпарат тобының жетекші маманы, С-R-5 санаты, 1 бірлік



бет6/8
Дата31.12.2019
өлшемі71,06 Kb.
#54899
1   2   3   4   5   6   7   8

17. Лебяжі ауданы ІІБ мемлекеттік тіл және ақпарат тобының жетекші маманы, С-R-5 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: ІІО бөлімшелері мемлекеттік тілде әзірлеген немесе орыс тілінен мемлекеттік тілге аударған құжаттарды редакциялау және түзету, ішкі істер органдарының мүддесін қозғайтын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақалаларды редакциялау, құжаттарды мемлекеттік тілде дайындау мәселесі бойынша практикалық көмек көрсету, мемлекеттік тілді енгізу туралы бұқаралық ақпарат құралдарына материал дайындау, жеке құрамға мемлекеттік тілді оқыту бойынша жұмысты ұйымдастыру, практикалық жұмыстарда қолдануды және дамытуды қамтамасыз ету, мемлекеттік тілде іс жүргізу бойынша практикалық көмек көрсетеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоға­ры білім және орта арнайы білім (заңгер, халықаралық құқық, филология, қазақ тілі және әдебиет, орыс тілі және әдебиет, әлеуметтану, саясаттану, журналистика, жұртшылықпен байланыс, аударма ісі); мемлекеттік тілді білу және компьютерде жұмыс істей білу.

18. Ертіс ауданы ІІБ қаржымен қамтамасыз ету тобының бас ма­маны, C-R-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: тиімді құжат айналымын қам­та­масыз ету, бөлімшедегі бухгалтерлік есепке алудың және есеп жүргізудің нақтылығы және дұрыс қою; тиісті ерек­шеліктері сметасы бойынша сметалық қаржы бөлуді үнемді және тиімді қолдануды бақылау; смета шығындарын орындау бойынша мағлұматтарды уақытында тапсыру, бөлімшенің қызметіне еңбекақы төлеміне тапсырыс дайындау; салық комитетіне есептер беру; бухгалтерлік есепке алу есепшоттары бойынша талдамалық есеп жүргізу; ай сайын бюджет бойынша жалпы жинақ кестелерін құрастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жо­ға­ры білім (экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп және аудит), мем­лекеттік қызметте бір жыл өтілі болуы немесе осы санат­тағы нақты лауазым бойынша функционалды міндеттерге сәйкес салада екі жылдан кем емес қызмет өтілі болған жағдайда орта арнайы білім, осы санаттағы мамандандырылған нақты лауазымдарға тиісті саладағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, «Бюджеттік ұйымдардың тоқсандық, жылдық есеп беру нысандарының көлемі және нысаны туралы» нұсқаулықты, «Республикалық және жергілікті бюджет есебінен ұсталатын ұйымдарда активтерді, ақшаның материалдық қорын түгендеуді, есептер мен баланстың басқа баптарын жүргізудің тәртібі туралы» нұсқаулықты, мемлекеттік тілді білу және компьютерде жұмыс істей білу.

19. Баянауыл ауданы ІІБ көші-қон полициясы тобының жетекші маманы, С-R-5 санаты, 1 бірлік (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы кезеңіне – 2018 жылғы 23 шілдеге дейін).

Функционалды міндеттері: 1-Н өтініштерінің бланктеріне, уақытша жеке куәлік бланктеріне материалды жауапты; қатаң есеп бланктерінің келіп түсуі мен шығынын жүзеге асырады, облыс көші-қон полициясы басқармасының тұрғындарын құжаттандыру және тіркеуге алу бөлімдеріне формулярларды уақтылы алуы мен жіберуін бақылайды; заңсыз құжаттандыру және ҚР қазіргі заңнамасының басқа да нормативтік актілерін бұзу фактілері бойынша қызметтік тексерістер жүргізеді, ХҚКО-дан келіп түскен №1-Н өтініштерді өңделуін бақылайды, 1-Н толтырылған бланктерді тексереді, азаматтарды құжаттандырады және электрондық нұсқауда енгізілген мәліметтердің дұрыстығына және уақтылы жіберілуіне жауапты, өтініштердің жіберілуі мен қайтарылуына жауапты, жүгінулерді уақтылы дұрыс тіркеуге алуға, сондай-ақ «Тұлғалардың жүгінуін бірыңғай есепке алу» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (ТЖБЕА ААЖ) бағдарламасындағы жүгінулердің уақтылы орындалуына жауапты.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жо­ғары білім және орта арнайы білім (заңгер, халықаралық құқық); мемлекеттік тілді білу және компьютерде жұмыс істей білу.

V. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанын­дағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) «Алматы облыстық сотының кеңсесі» ММ, 040000, Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 53 А, анықтама үшін телефон: 8 (7282) 55-87-74, факс: 55-87-73, электронды мекенжайы: 728-0201@sud.kz, «Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының же­текші маманы, С-О-6 санаты, 1 бірлік (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалысы кезеңіне – 16.09.2018 жылға дейін).

Функционалды міндеттері: шығыс, кіріс жұмыстарын ұйымдастыру, соттағы іс жүргізуді және мұрағаттың жұмысын ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жо­ғары немесе ортадан кейінгі құқықтық білім. Мемлекеттік тілді білуі, компьютерде жұмыс істей білу.

2. Бас маман, С-R-4 санаты, 4 бірлік: Сарқан аудандық соты (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалысы кезеңіне – 03.06.2018 жылға дейін); Еңбекшіқазақ ауданының №2 аудандық соты; Қапшағай қалалық соты; Қарасай аудандық соты.

Функционалды міндеттері: кіріс, шығыс құжаттарын, азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық істерді тіркеу, заңнаманы жүйелеу және сот кодификациясын жүргізу, сот статистикасын жүргізу, талдау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жо­ғары немесе ортадан кейінгі құқықтық білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда, ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Мемлекеттік тілді білуі, компьютерде жұмыс істей білу.

3. Бас маман-сот мәжілісінің хатшысы, С-R-4 санаты, 11 бірлік: Алакөл аудандық соты (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалысы кезеңіне – 25.02.2016 жылға дейін); Қапшағай қалалық соты – 2 бірлік (оның ішінде 1 бірлік уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалысы кезеңіне – 24.04.2018 жылға дейін); Райымбек ауданының №2 аудандық соты (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалысы кезеңіне – 29.05.2018 жылға дейін); Талдықорған қалалық соты (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалысы кезеңіне – 25.10.2017 жылға дейін); Еңбекшіқазақ ауданының №2 аудандық соты (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалысы кезеңіне – 04.10.2018 жылға дейін); Жамбыл аудандық соты (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалысы кезеңіне – 19.10.2018 жылға дейін); Іле аудандық соты – 2 бірлік (уақытша, негізгі қызметкерлердің бала күтімі жөніндегі демалыстары кезеңдеріне – 1 бірлік 22.07.2017 жылға дейін; 1 бірлік 25.09.2017 жылға дейін); Ескелді аудандық соты (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалысы кезеңіне – 30.11.2018 жылға дейін); Қарасай аудандық соты.

Функционалды міндеттері: сот мәжілісіне қатысушылардың шақырылуын қамтамасыз ету, сот мәжілісінің хаттамасын жүргізу, сот шешімдерін орындауға даярлау және жолдау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жо­ғары немесе ортадан кейінгі құқықтық білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Мемлекеттік тілді білуі, компьютерде жұмыс істей білу.

4. Жетекші маман, C-R-5 санаты, 10 бірлік: Алакөл аудандық соты; Талғар аудандық соты; Ақсу аудандық соты – 2 бірлік (уақытша, негізгі қызметкерлердің бала күтімі жөніндегі демалыстары кезеңдеріне – 1 бір­лік 30.03.2017 жылға дейін; 1 бірлік 24.01.2018 жылға дейін); Кербұлақ аудандық соты; Алматы облы­сының №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі маман­дандырылған ауданаралық соты; Қарасай аудандық соты (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі дема­лысы кезеңіне – 14.04.2017 жылға дейін); Іле аудан­дық соты; Қарасай мамандандырылған ауданаралық әкім­шілік соты; Алматы облысының мамандандырылған аудан­аралық экономикалық соты.

Функционалды міндеттері: сот кеңсесінде іс жүргізу, заңнаманы жүйелеу және сот кодификациясын жүргізу, сот мұрағатшысының және шабарманның жұмыстарын атқару.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жо­ғары немесе ортадан кейінгі құқықтық, экономикалық, педа­гогикалық білім, мемлекеттік тілді білуі, компьютерде жұмыс істей білу.

5. Аға сот приставы, С-R-4 санаты, 4 бірлік: Алакөл ауданының №2 аудандық соты; Балқаш аудандық соты; Еңбекшіқазақ ауданының №2 аудандық соты; Ал­маты облысының мамандандырылған ауданаралық эко­номикалық соты.

Функционалды міндеттері: сот отырысы кезінде залда қоғамдық тәртіпті сақтау, сот приставтарының есебін жүргізу, іс жүргізу әрекеттерін орындауда сотқа жәрдемдесу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жо­ғары немесе ортадан кейінгі құқықтық, экономикалық, педа­гогикалық (денешынықтыру және спорт, әскери дайындық) білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Мемлекеттік тілді білуі, компьютерде жұмыс істей білу.

VI. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика ми­нистрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау коми­тетінің «Павлодар облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» республикалық мемлекеттік ме­кемесі, 140000, Павлодар қаласы, Торайғыров көшесі, 70/2-үй, анықтама үшін телефоны: 8 (7182) 553865, электронды мекенжайы: pavdgsen.sup@mail.ru, «Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика ми­нистрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Павлодар облысы тұтынушылардың құқықтарын қор­ғау департаментінің балалар, білім беру және тағам объек­тілерін санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің жетекші маманы, С-О-6 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: балалар және білім беру ме­кемелерін, мектепке дейінгі, мектеп мекемелерін жобалауға және салуға санитариялық-гигиеналық қадағалау жүргізу, балалар ассортиментінің тауарлары мен заттарын, сондай-ақ оларды дайындауға арналған материалдарды гигиеналық бағалау, оқыту режімі мен бағдарламасын сараптау. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жоспарын құруға және оның орындалуына талдау жүргізуге қатысу, бөлім қызметінің көрсеткіштерін дайындау. Шешімдер, өкімдер, бұйрықтар, сұраулар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараттарды дайындау. Департаменттің аумақтық басқармаларының қызметкерлеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Қолданыстағы заңнама, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарының сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жо­ғары немесе ортадан кейінгі білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау), гигиена және эпидемиология, медицина, фармацевтика.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау коми­теті Павлодар облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы, автоматтандырылған басқару жүйесі және мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: келіп түсетін хат-хабар­ламалардың сапасына және уақтылы орындалуына, электронды құжат айналымының жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыру. Аудандық және қалалық басқармалар қызметінің көрсеткіштеріне талдау жүргізу, қызметін жақсарту жөніндегі ұсыныстарды жинақтап қорыту. Іс қағаздарын жүргізу және құжаттау және құжаттаманы басқару бойынша басқа да нормативтік-әдістемелік құжаттар жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу. Қабылдау бөлімінің жұмысын бақылауды жүзеге асыру. Конференцияларды, семинарларды, қоғамдық іс-шараларды өткізуге қатысу. Департаментте және аумақтық басқармаларда іс қағаздарының жүргізілуін, құжаттарды есепке алу мен сақтау тәртібін бақылау. Ведомстволық мұрағаттың жұмысын ұйымдастыру. Web-сайтты ақпараттық қолдауды ұйымдастыру. Жергілікті желі мен электронды құжат айналымының жұмысын қамтамасыз ету. Ақпаратты автоматтандырып өңдеу жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету. Бағдарламалық жасақтаманы енгізу және қолдау. Департаменттің бөлімдерінде істер номенклатурасын ресім­деуде әдістемелік басшылықты және бақылауды жүзеге асыру. Әкімшілік ықпал етудің қолданылатын шараларын тіркеу, есепке алу, бақылау, талдау. Қалалар мен аудандардың басқармаларының статистикалық есептерін қабылдау, талдау және жинақтау. Құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жо­ғары білім: құқық (юриспруденция, халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (журналистика, жұртшылықпен байланыс), денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау, медицина), техника ғылымдары және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеуіш техника және бағдарламалық жасақтама информатика, қоғамдық тамақтану технологиясы, инженер), білім (математика), Практикалық тәжірибесі болған жағдайда, құқық (юриспруденция, халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (журналистика, жұртшылықпен байланыс), сервис, экономика және басқару (экономика), гигиена және эпидемиология, медицина, фармацевтика мамандықтары бойынша ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика ми­нистрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Павлодар облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы, автоматтандырылған басқару жүйесі және мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің жетекші маманы, С-О-6 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: келіп түсетін хат-хабар­лама­лардың сапасына және уақтылы орындалуына, электрондық құжат айналымының жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыру. Конференцияларды, семинарларды, қоғамдық іс-ша­раларды өткізуге қатысу. Департаментте және аумақтық басқармаларда іс қағаздарының жүргізілуін, құжаттарды есепке алу мен сақтау тәртібін бақылау. Жергілікті желі мен электронды құжат айналымының жұмысын қамтамасыз ету. Ақпаратты автоматтандырып өңдеу жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету. Бағдарламалық жасақтаманы енгізу және қолдау. Әкімшілік ықпал етудің қолданылатын шараларын тіркеу, есепке алу, бақылау, талдау. Қалалар мен аудандар басқармаларының статистикалық есептерін қабылдау, талдау және жинақтау. Құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жо­ғары білім: құқық (юриспруденция, халықаралық құқық), әлеу­меттік ғылымдар, экономика және бизнес (журналистика, жұртшылықпен байланыс), денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау), білім (қазақ тілі мен әдебиеті), техника ғылымдары және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеуіш техника және бағдарламалық жасақтама). Құқық (юриспруденция, халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (журналистика, жұршылықпен байланыс), гигиена және эпидемиология, медицина, фармацевтика, сервис, экономика және басқару (экономика) мамандықтары бойынша ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика ми­нистрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Павлодар облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің жоспарлау, қаржы және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік (уақытша, негізгі қызметкердің 2018 жылғы 11 тамызға дейінгі бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне).

Функционалды міндеттері: бюджеттік өтінімдерді қалып­тастыру. Бухгалтерлік есепті жүргізу (азаматтық-құқықтық мәмілелерді, төлемге арналған шоттарды тіркеуге өтінімдер жасау, № 1, 2, 5, 6, 8 мемориалдық ордерлерін жүргізу, төлемге шоттарды қалыптастыру және жалақы, еңбек демалыстары және іссапарлар шығыстары, салық және міндетті төлемдер бойынша ақша аудару, қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есеп жасау). Салық және статистикалық есептерді құру және ұсыну, салық органдарымен салыстыру жүргізу. Ай сайын бюджеттің орындалуын бақылау және мониторинг жүргізу. Негізгі құралдардың (ғимараттардың, жабдықтың, автокөлік құралдарының, өндірістік мүкәммалдың) талдамалы есебін жүргізу. Активтерді, тауарлы-материалдық құндылықтарды уақтылы түгендеу және есептен шығару. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жо­ғары білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару). Практикалық жұмыс тәжірибесі болған жағдайда, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

5. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика ми­нистрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау ко­митеті Павлодар облысы тұтынушылардың құқық­тарын қорғау департаментінің Павлодар қалалық тұты­ну­шылардың құқықтарын қорғау басқармасы тұтыну­шылардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы, С-R-3 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: бөлімнің жұмысына жалпы басшылық ету. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру. Құзыреті шегінде нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын қарауға қатысу. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша дөңгелек үстелдерді, брифингтерді, кездесулерді ұйымдастыру және жүргізу. Құзыреті шегінде басқарма мамандарына әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету. Құзыреті шегінде басқарманың талдау материалдары, анықтамалары, баяндамалары, қаулылары жобаларын дайындау. Жеке және заңды тұлғалардың тұтынушылық құқықтарын бұзу мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жо­ғары білім: құқық (құқықтану, халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы), денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау), білім (биология, химия) немесе жаратылыс­тану ғылымдары (биология, химия).

6. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика ми­нистрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Павлодар облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Павлодар қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы тұтынушылардың құқықтарын қорғау және мониторинг бөлімінің жетекші маманы, С-R-5 санаты, 2 бірлік.

Функционалды міндеттері: ұйымдастыру жұмысын орындау, статистикалық есептілік және санитариялық-эпидемиологиялық мониторингтерді жүргізу. Есептерді құру және қабылдау, санитариялық-ағарту жұмысын талдау. Бөлімнің іс қағаздарын жүргізу, жеке және заңды тұлғалардың арыздарымен және өтініштерімен жұмыс. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жо­ғары немесе ортадан кейінгі білім мына салалардың біреуі бойынша: құқық (юриспруденция, халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (журналистика, жұртшылықпен байланыс), денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау), техника ғылымдары және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеуіш техника және бағдарламалық жасақтама) немесе ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі: (құқықтану, халықаралық құқық) әлеуметтік ғылымдар, экономика, және бизнес (журналистика, жұршылықпен байланыс), гигиена және эпидемиология, медицина, фармацевтика, техника ғылымдары мен технологиялар автоматтандыру және басқару, ақпараттандыру жүйесі, есептеуіш техника және бағдарламалық жасақтама).

7. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика ми­нистрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау ко­митеті Павлодар облысы тұтынушылардың құқық­та­рын қорғау департаментінің Павлодар қалалық тұ­тыну­шылардың құқықтарын қорғау басқармасы сани­тариялық-гигиеналық қадағалау және техникалық рег­ламенттердің орындалуын бақылау бөлімінің бас маманы, С-R-4 санаты, 1 бірлік (уақытша, негізгі қызметкердің 2016 жылғы 20 тамызға дейін ақысы сақталмайтын демалысы кезеңіне).

Функционалды міндеттері: бақылаудағы объектілерді санитариялық-гигиеналық қадағалау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараттарды дайындау және орындау. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жоспары орындалуын талдау, бөлім қызметінің көрсеткіштерін дайындауға қатысу. Іс қағаздарын және санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүргізу. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жо­ғары білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация), техника ғылымдары және технологиялар (биотехнология, стандарттау, сертификаттау және метрология, қоғамдық тамақтандыру технологиясы, тағам қауіпсіздігі, өмір сүру қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, метрология, экология, информатика), білім (математика). Практикалық жұмыс тәжірибесі болған жағдайда, гигиена және эпидемиология, медицина, фармацевтика, тағам өнімдерін өндіру мамандығы бо­йынша ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

8. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика ми­нистрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау ко­ми­теті Павлодар облысы тұтынушылардың құқық­та­рын қорғау департаментінің Павлодар қалалық тұ­тыну­шылардың құқықтарын қорғау басқармасы сани­та­риялық-гигиеналық қадағалау және техникалық рег­ламенттердің орындалуын бақылау бөлімінің жетекші маманы, С-R-5 санаты, 5 бірлік.

Функционалды міндеттері: бақылаудағы объектілерді санитариялық-гигиеналық қадағалау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараттарды дайындау және орындау. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жоспары орындалуын талдау, бөлім қызметінің көрсеткіштерін дайындауға қатысу. Іс қағаздарын және санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүргізу. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жо­ғары білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау), азық-түлік өнімдерінің технологиясы, стандарттау, сертификаттау және метрология, экология, тағам қауіпсіздігі), өмір сүру қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау. Ортадан кейінгі білім: гигиена және эпидемиология, медицина, фармацевтика, тағам өнімдерін өндіру.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет