болмағандықтан, Ақылбайды кішкене күнінен өз бауырына басады.
Ақылбай өмірі Абай алдында ақын шәкірт болып, өзінің талантты інілеріне ақын аға, Ақыл аға атанып өтеді. Ақылбай аса шебер музыкант, домбыра, гармонь, скрипкаға жүйрік, мақтаулы өнерпаз болады.
Ақылбай өмірі Абай алдында ақын шәкірт болып, өзінің талантты інілеріне ақын аға, Ақыл аға атанып өтеді. Ақылбай аса шебер музыкант, домбыра, гармонь, скрипкаға жүйрік, мақтаулы өнерпаз болады.
Ақылбай сауықшыл әнші, скрипкашы болатын… Домбыраға қазақтың ескі күйлері: «Азамат қожа», «Бұлаң жігіт», «Бес төре», «Асыр қалша» деген күйлерді тартатын.
Ақылбай сауықшыл әнші, скрипкашы болатын… Домбыраға қазақтың ескі күйлері: «Азамат қожа», «Бұлаң жігіт», «Бес төре», «Асыр қалша» деген күйлерді тартатын.
Ақылбайдың ақындық атын
Ақылбайдың ақындық атын
тарихта қалдырған оның поэмалары. Ақылбайда бізге мәлім ондай поэмалар үшеу. Ол: «Дағыстан» (Кәрі Жүсіптің»), «Зұлыс», «Жаррах батыр».
Абай екі баласымен: Ақылбай, Турағұл Семей. 1896 жыл
Мағауия Абайұлы (1870-1904 ж.ж.)
Мағауия Абайұлы –
ұлы ақынның Ділдәдан туған кенже баласы.
Жасында молдадан оқығаннан кейін, Семейдегі Городское училище деген орысша мектепке оқуға түседі.
Онда екі-үш жыл оқығаннан кейін науқасқа шалдығып, оқи алмай ауылға қайтады.
Жасы он жетіге келген, қалада оқып, орыс мектебінің тәлім-тәрбиесін көрген, зерделі, алғыр ойлы, табиғи талантты Мағауия Абайдай ұлы ұстаздың саналы шәкірті болып көп тағылым алған.
Жасы он жетіге келген, қалада оқып, орыс мектебінің тәлім-тәрбиесін көрген, зерделі, алғыр ойлы, табиғи талантты Мағауия Абайдай ұлы ұстаздың саналы шәкірті болып көп тағылым алған.
Ол өз бетімен білімін онан әрі дамытып, орыстың ұлы жазушыларының, ғалымдарының еңбектерін
зер сала оқиды.
1889 жылы Түмен қаласындағы реальное училищесін бітірген соң, Петербургте оқып жүрген Әбдірахманның да Мағауияға
көрсеткен көмегі көп еді.
Мағауия әдебиет тарихында абайлық дәстүрді бойына мол сіңірген ақын болып қалыптасты, нәзік лирикалық өлеңдер шығару, сюжетті поэмалар жазуды әкесі Абай ақынның өнегесінен алды.
Абайдың ақылының арқасында бірнеше поэма жазады. Ол жазғандары: «Еңлік-Кебек», «Абылай» және «Медғат-Қасым».
Өз махаббаты үшін күресіп, құрбан болған Еңлік пен Кебекті келер заман жастарына үлгі етіп жырлайды. «Еңлік-Кебек», «Абылай» поэмалары қолжазба күйінде қалып, оқушыларға таралмаған.
«Медғат-Қасым» поэмасының тақырыбы қазақтан жырақ, алыс елдерден,
яғни Африка өмірінен алынған.
Сол елді мекендеген адам қауымын реалистік шындық тұрғысынан көрсетеді.
Осылайша поэзияның үлкен үлгісін шебер танытқан Мағауия осындай романтикалық поэманы
қазақ әдебиетіне кіргізді.
Сол кездегі өнерлі жастар осы поэманы
жаттап алып, әнге қосты.
Тұрағұл Абайұлы Құнанбаев (1875-1934 ж.ж.)
Тұрағұл – Абайдың екінші әйелі Әйгерімнен туған баласы. Ақын, аудармашы. Жасында ауыл молдасынан оқып, сауат ашқан.
Кейіннен өзі ізденіп орысша, арабша білімін жетілдірген. Ауылында болыс болған.
1917-1920 жылдары Семей өңіріндегі алаш қозғалысына белсене араласып, әртүрлі
жауапты қызметтер атқарған.
Тұрағұл ақын болумен қатар, домбыра, скрипкада шебер ойнаған. Оның қызы, әнші Мәкен әкесінен үйренген Абайдың 17 әнін нотаға жаздырған.
Тұрағұл ақын болумен қатар, домбыра, скрипкада шебер ойнаған. Оның қызы, әнші Мәкен әкесінен үйренген Абайдың 17 әнін нотаға жаздырған.
Ол А.М.Горькийдің «Челкаш» әңгімесін тұңғыш рет қазақ тіліне аударып бастырды.
А.Неверовтың «Мен өмірге жерікпін» (1927), Д.Лондонның «Балалық туралы ертегі» (1927) және «Балалы әйел нені білу керек» (1927) деген ғылыми-медициналық кітапшаны аударып,
бастырып шығарған.
Сонымен бірге, Семейде Алашорда үні болған «Сарыарқа» газетінде Алаш атты әскерінің алғашқы жеңістері туралы: 1918 жылы Алтай губерниясы бағытында бльшевиктерді өкшелей қуған Алаш әскерінің жеңіспен оралғаны, бұл әскерге Тұрағұл Абайұлы, Биахмет Сәрсенұлы, Қаражан Үкібаев тағы басқалары

қатысқанын айтады.
Көкбай Жанатайұлы (1861-1925)
Көкбай — Абайдың ең талантты ақын шәкірттерінің бірі.
Ол Абаймен 1880 жылдардан бастап,
жиырма бес жыл жолдас, дос болған адам.
Көкбай Жанатайұлы 1861 жылы, қазіргі Семей облысы,
Көкбай Жанатайұлы 1861 жылы, қазіргі Семей облысы,
Абай ауданында туған.
Тобықты ішінде Көкше руынан.
Көкбайдың үшінші атасы — Есбай, Көкше ішіндегі жуан ата саналады. Есбайдың бес баласы: Сарымсақ, Сапақ, Жамантай, Көбентай, Бәйтен. Бұлардың бесеуі де, шетінен ділмар, шешен әрі пысық болып, «Есбайдың бес жүйрігі» атанған.
Сапақтың баласы — Қаратай шешен, Құнанбаймен тізелес, Көкшенің ру басы адамы.
Жамантайдың баласы — Жанатай. Жанатайдан — Көкбай. Жанатай да сөзге шешен, орта дәулетті, пысық адам болады.
Ел басқару ісіне араласпайды. Қаратай сияқты Көкшенің ру басылары Құнанбаймен бірде дос, бірде жау болып жүрсе де, Жанатай Құнанбаймен тату болып, оған арқа сүйеп, өмір бойы одан қол үзбеген деседі.
Әріп Көкбайдан екі-үш жыл бұрын, Семей қаласындағы үш кластық орыс I училищесіне түсіп, оқып жүрген.
Әріп Көкбайдан екі-үш жыл бұрын, Семей қаласындағы үш кластық орыс I училищесіне түсіп, оқып жүрген.
Жазғы демалыс айларында, Әріп нағашыларының ауылында да болып, Көкбаймен әңгіме-дүкен құрып, талай-талай сыр шертіскен.
Қаланың тұрмыс-салтын, орысша оқудың қажеттігін, Әріптен естіп, біліп, әбден қанған Көкбай, орыс мектебіне түсіп оқуға бел байлайды.
Көкбай Абайдың өле-өлгенше айырылмас адал досы, ақын шәкірті болды.
Көкбай Абайдың өле-өлгенше айырылмас адал досы, ақын шәкірті болды.
«Сол кезде Абай айналасындағы бар ақынның ішінде суырып салма, импровизацияға ең жүйрік ақын Көкбай болғаны даусыз.
Сол талантын бағалап, Абай бұны өзі жазып жүрген алғашқы өлеңдеріне ие қып шығарды», — дейді Мұхтар Әуезов.
Басқа ақын шәкірттеріне тақырып бергендей, Абай, 1886 жылдар шамасында, Көкбайға да
тарихтық үлкен бір тақырып берген.
Бұл жөнінде М. Әуезов: «Онысы — Абылай мен содан бергі замандар турасындағы тарихтық тартыстар жөніндегі тақырып болады. Көкбай сол Абай берген деректер бойынша, ұзақ шығарма жазады. Бұнда Абылай заманын айтып кеп, содан Қасымға, Есенкелді, Саржанға ауысады», — дейді.
Көкбай поэмасын «Сабалақ» деп атаған.
Көкбай «Сабалақ» поэмасынан басқа «Қандыжап», «Құлынды» атты дастандар жазған.
Әсет Найманбайұлы (1867-1923)
Әсет Найманбаев бұрынғы Қарқаралы уезі, Темірші болысы, 8-ауылда (қазіргі Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданы)
1867 жылы туған.
Руы Арғын, оның ішінде Қаракесектен тарайтын Майлық деп аталатын
аз атадан.
Әсет - әнші, сазгер. Әсет — нәзік сезімді, ұшқыр қиялды лирик ақын; ол тілге бай, алғыр ойлы, бөгелмей жүйткитін айтыс өнерінің де ерен жүйрігі; ол алысқа алқынбай сілтейтін жүйрік, бай оқиғалы поэма, дастандар жазған ақын.

Әсеттің атақты «Қызыл табан - ағаш ат» поэмасы Шығыс ертегі әңгімелерінің әсерімен жазылған, «Мың бір түн» сияқты өз уақытына жазылған екі жастың арасындағы махаббатқа құрылған ғылыми-фантастикалық поэма.
«Салиха-Сәмен» поэмасы да бас бостандығы үшін, махаббат үшін, кұрбан болған жандар туралы.
Олар өз заманының қатал заңының құрбандары.
Осындай тамаша туындылары бар, айтыскер ақын, жан-жақты Әсетті нағыз сегіз қырлы өнерпаз дейміз.
Мұқа Әділханұлы
Мұқа — Абайдың сегіз қырлы өнерпаз, талантты шәкірттерінің бірі.
Ол - асқан домбырашы, шебер скрипкашы
әрі әнші, әрі ақын.
Мұқаның өнерін Абай калай бағалап, оған қалай қамқорлық еткенін Мұхтар Әуезов
былайша сипаттайды:
«Абай жалғыз өсиетін қанағат қылмай, жастардың сезім тәрбиесін толықтырмақ болып, көбіне музыка үйретпекші болады. Сол мақсатпен Көкен еліндегі Мұқа деген скрипкашыны қолында ұстайды».
1909 жылы Семейде "Народный дом" деп аталатын орында қазақ, татар өнерпаздары домбырашы, скрипкашы, әнші-күйшілердің жарысы болғанда, оған Абай шәкірттері
1909 жылы Семейде "Народный дом" деп аталатын орында қазақ, татар өнерпаздары домбырашы, скрипкашы, әнші-күйшілердің жарысы болғанда, оған Абай шәкірттері
Мұқа Әділханов, Әлмағамбет Қапсаламов, Мұқаметжан Майбасаровтар да қатынасады.
Осы өнер салыстыру жарысында бас бәйге Мұқаға беріледі.
Абайдың өнерпаз шәкірттері Мұқа, Әлмағамбеттер ұлы ұстаздары дүниеден қайтқаннан кейін, оның әдебиет, өнердегі дәстүрін халыққа кең жайып насихаттауда, өздері өле-өлгенше мол мағыналы еңбек еткен.
Мысалы, 1915 жылы 13 ақпаңда Семейде өткізілген казақша ойын-сауық, ән-күй, өлең-жыр кешінде
Абай мектебінен тәлім, өнеге алып өскен талапты жастардың бірі –
Тайыр Жомартбаев.
Тайыр Жомартбаев - жазушы, драматург 1884 жылы Семей облысы, Абай ауданы, Мұқыр ауылында дүниеге келген.
Тайыр Жомартбаев шығармашылығы
Тайыр Жомартбаевтың өлеңмен жазылған «Балаларға жеміс» атты кітабы Семей қаласында 1912 жылы «Жәрдем» («Ярдам») деп аталатын баспаханадан басылып шықты.
Ұстаз ақын жас ұрпақты оқуға шақырып, өнер-білімнің пайдасын, қадір-қасиетін баланың құлағына жағымды, көңіліне қонымды етіп әсерлі көркем суреттеп берді. Ақын өлеңдері: жас буынның сана-сезімін оятып, көңіл көзін ашып, адамгершілікке, ізгілікке, мейірімді, бауырмал болуға, адалдыққа, еңбекке баулып, тәлім-тәрбие жемісін беруге арналған.
Педагог жазушы драма жанрының қалыптасуына да өз мүмкіндігінше ат салысады. Оның жиырмасыншы жылдарда жазған
Педагог жазушы драма жанрының қалыптасуына да өз мүмкіндігінше ат салысады. Оның жиырмасыншы жылдарда жазған
«Осы ма қазақ өмірің?» атты шағын пьесасы Зайсан қаласында, «Сары-сүйек құда» атты үш көріністі пьесасы Семей қаласында қойылды.
Жиырмасыншы жылдың басында қазақ әдебиетінде көркем проза туа бастады.
Жиырмасыншы жылдың басында қазақ әдебиетінде көркем проза туа бастады.
Көркем прозаның алғашқы бастамасы, 1910 жылы Қазан қаласында басылып шыққан, Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» атты романы болды.
Содан кейін екі жылдан кейін, 1912 жылы Тайыр Жомартбаевтың «Қыз көрелік» атты романы Семейде басылып шықты.
Абайдың ақын шәкірттері тақырыбын ғалым Қ. Мұхамедханов зерттеді
Назарларыңызға рахмет!
Сіздердің жаңалықтарды білуге деген құмарлықтарыңызды қолдаймыз және көмектесеміз !