Бөлім: 6.3В Энергия және қозғалыс
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 6
| -
Қатысқандар саны:
-
Қатыспағандар саны:
|
|
Сабақ тақырыбы
|
Электр энергиясының бірлігі және құны
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
6.5.1.3 электр энергиясының бірлігін атау
6.5.1.4 электр энергиясының құнын есептеу
|
Сабақ мақсаттары
|
Оқушылар:
- Электр энергиясының бірлігімен танысады;
- Электр энергиясының мөлшерін есептейді;
- Электр энергиясының құнын есептейді;
|
Бағалау критерийлері
|
Оқушылар:
- Электр энергиясының бірлігін атай алады;
- Электр энергиясының мөлшерін есептей алады;
- Электр энергиясының құнын есептей алады;
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
- Электр энергиясының бірлігін ауызша түрде талқылай алады.
- Электр энергиясының бірлігін ауызша түсіндіре алады.
- Электр энергиясының құнын жазбаша есептей алады.
Пәнге тән лексика мен терминология:
Электр тогы, электр энергиясы, құны, электр энергиясының бірлігі
Айтылымға қажетті сөздер мен сөз тіркестер:
Электр энергиясы дегеніміз…
Энергия құнын анықтау үшін...
Глоссарий
Қазақша
|
На русском
|
In English
|
Энергия
|
Энергия
|
Energy
|
Электр тогы
|
Электрический ток
|
Electricity
|
Электр энергиясы
|
Электрическая энергия
|
An electric energy
|
Электр энергиясының құны
|
Стоимость электрической энергии
|
Cost of electricity
|
Электр энергиясының бірлігі
|
Единица электрической энергии
|
Unit of electricity
|
|
Құндылықтарды дарыту
| -
Оқушыларды академиялық адалдыққа тәрбиелеу (тапсырмаларды орындау барысында өз бетімен жұмыс жасауға үйрету);
-
Оқушыларың бойында жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру (әр тапсырмаға берілген уақыт мезетін сақтайды, әрі топтық немесе жұптық жұмыс кезінде бір-бірінің пікіріне сыйластықпен қарайды);
-
Өмір бойы білім алу құндылығын сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген құштарлығын қалыптастыру;
-
Оқушылар арасында ынтымақтастық ортаны қалыптастыру.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Электр энергиясының құнын есептеу формуласын қолдану және бірлігін анықтау физика пәнімен байланыста оқытылады.
Ал электр энергиясының құнын есептеу кезінде оқушылардың математикалық дағдылары қолданылады.
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Электр энергиясын үнемді пайдалану туралы интернеттен арқылы ақпарат іздеу, қосымша ақпаратты тиімді пайдалану.
|
Бастапқы білім
|
5 сынып, Жаратылыстану
5.5.1.1 энергия түрлерін ажырату
5.5.1.2 температура мен жылу энергиясын ажырату
5.5.1.6 энергияның өзара айналымына мысалдар келтіру
5.5.1.4 ғимараттарда жылу оқшаулағыштарын пайдаланудың практикалық әдістерін түсіндіру
|
ЖОСПАР
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
0-6 мин
|
1. Ой шақыру
Суретпен жұмыс
Презентация арқылы оқушыларға әртүрлі суреттер көрсетіледі.
-
жүріп бара жатқан машина;
-
ұшақ (механикалық энергия);
-
жанып тұрған үстел лампасы;
-
ток көзіне қосулы тұрған қалта телефоны (электр энергиясы);
-
май шам;
-
Күн (жарық энергиясы);
-
газ плитасы;
Оқушылар суретке қарап, бір-бірімен талқылай отырып жаңа сабақтың тақырыбын ашып алады. Сонымен қатар, сабақта қол жеткізуге тиісті мақсатты ашу қарастырылады.
Қалыптастырушы бағалау:
Дескрипторлар
Оқушылар
| -
энергия ұғымын түсіндіре алады;
-
энергия түрлері мен көздерін сипаттай алады;
-
электр энергиясының қолданылуын сипаттайды;
|
|
Презентация
Әр түрлі суреттер
|
Сабақтың ортасы
7-16 мин
17-22 мин
23-30 мин
31-35 мин
|
2. Топтық жұмыс
Сыныпты 4 топқа бөлеміз. Ол үшін оқушыларға пазлдар таратылады, дұрыс суретті құрастырған оқушылар бір топ болады. Осылай оқушыларды 4 топқа бөлеміз.
Оқушылар топтармен бірге келесі сұрақтарды талқылайды:
-
Ұшақ, машина неліктен қозғалады?
-
Ненің көмегімен қалта телефоны, электр шамы жұмыс жасайды?
-
Май шам және Күн бізге не береді?
-
Қыздырғыш және газ плитасы бізге не үшін керек?
-
Гальваникалық элемент бізге қандай қызмет атқарады?
Берілген сұрақтарды талқылап болған соң, әр топ өз жауаптарын айтады, ал қалған оқушылар жауаптарды толықтырады.
|