Сабақтың тақырыбы: Есептік және реттік сан есім.
Сабақтың мақсаты:1. Сан есімнің есептік және реттік болып бөлінетінін
білдіру, сөз таптарын еске түсіру қайталау, реттік сан
есімнің жасалу жолын үйрету, сөйлем ішінен сан есімді
таба білуге үйрету.
2. Оқушылардың тілін , ойын , сөздік қорын молайту,
есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ойларын дұрыс
жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.
3. Оқушыларды ұқыптылыққа, әдемі, таза жазуға баулу.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, суреттер, математикалық өлең-есептер.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап.
Пәнаралық байланыс: математика, ана тілі.
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлеметсіздер ме, оқушылар?!
Қазір қандай сабақ?
Қазақ тілі.
Олай болса, құралдарымызды дайындап сабақты зейін қойып, зер салып тыңдап, белсене қатысып отырайық.
Сабағымызды бастамас бұрын ҚР Президентінің қолдауымен жүріп жатқан «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша ауылымызды гүлдендіріп, көшеттер отырғызып жатыр. Бізде саябаққа ағаш көшеттерін отырғызамыз. Ол үшін сендер сабаққа белсене қатысып отырсаңдар болғаны. Сабақ соңында алған бағаларыңа көшеттер беремін, соны саябаққа отырғызасыңдар.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген 14-жаттығуды тексеру. Құрамында сан есімі бар сөздерді сөзбен жазу. Слайдтан көрсету.
К+2+лік, 7+к, тү+1, к+3+ік, жел+90, 6+бақан, 8+көз.
Кекілік, жетік, түбір, күшік, желтоқсан, алтыбақан, сегіөкөз.
Осы сөздердегі сан есімдерді атаңдар
2,7,1,3,901,6,8
Өте жақсы үй тапсырмасын жақсы орындап келіпсіңдер.
ІІІ. Негізгі бөлім.
балалар өткен сабақтарда қандай сөз таптарымен таныстыңдар?
Зат есім , етістік, сын есім.( жеке тоқталып кету, ережесін, сұрақтарын айту) Слайдтан көрсету.
Зат есім Кім? Не? Кімдер? Нелер?
Етістік Не істеді? Не қылды? Қайтті?
Сын есім Қандай? Қай?
Енді Сан есім туралы кім айтады?
Сан есімдерді атаңдар( 1,2,5,6,8,7,9,4,3 т.б)
ІV. Жаңа сабақ.
Барлығымыз тақтаға қараймыз. (Слайдпен жұмыс)
Сан есім екіге бөлінеді: Есептік және реттік сан есім.
Есептік сан есім дегеніміз- қанша? Неше? Сұрақтарына жауап беретін сан есімдерді айтады.
Реттік сан есім дегеніміз – Нешінші ? сұрағына жауап беретін –ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнақтарын жалғау арқылы жасалады.
-ыншы, -інші жұрнақтары егер сан есім дауыссыз дыбыстан аяқталса жалғанады. Мыс: бірінші, тоғызыншы, бесінші т.б.
-ншы,-нші жұрнақтары егер сан есім дауысты дыбыстан аяқталса жалғанады.Мыс: алтыншы, екінші, жетінші т.б.
Сонымен сан есім нешеге бөлінеді және қандай сұрақтар қойылады?
(Оқушылардың жауаптарын тыңдау)
Ал, енді дәптерлеріңді ашып бүгінгі күннің жадын жазып, сабақтың тақырыбын жазамыз.
Сәуірдің жиырма тоғызы.
Есептік және реттік сан есім.
Оқулығымызды ашпаймыз. 17-жаттығу деп жазып қоямыз. Терме диктантын жүргіземіз. Мәтіндегі сан есімдерді теріп жазасыңдар.
17-жаттығу. Терме диктант. Сан есімдерді теріп жазу, сұрақ қою. Сан есімдерді салыстыру, есептік не реттік екенін айту.
Біз үш қабатты жаңа мектепте оқимыз. Менің сыныбым үшінші қабатта. Бүгін сыныптан екі оқушы қалалық жарысқа қатысты. Айбар бірінші орынды жеңіп алды. Айсұлу екінші орынға ие болды.
Слайдтан сөздерді көрсетіп талдау.
Тақтамен жұмыс.
18 – жаттығу. Көп нүктенің орнына есептік сан есімді реттік сан есімге айналдырып жаз. Реттік сан есімдердің құрамындағы жұрнақтарды тиісті белгімен белгіле.
Бір қатар – бірінші қатар
Үш орын – үшінші орын
Тоғыз мектеп – тоғызыншы мектеп
Алты сынып – алтыншы сынып
Мағыналық өзгешелігін айту.
19 – жаттығу. Реттік сан есімді сөз құрамына талдау. Жалғанған жұрнақтардың әртүрлі болуын айту.
Бірінші, екінші, бесінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы, оныншы, отызыншы.
Сергіту сәті.
- Шаршаған боларсыңдар, сергіп алайық. Өлең есеп оқып берейін. Сан есімдерді тауып жауабын айтыңдар.
Бақшаға жақсы аға
Көп ойыншық келді алып
Бір балық, екі есек,
Үш үйрек, төрт түлкі,
Бес бүркіт, алты арғымақ,
Жеті жарғанат.
Болма есепке сен шорқақ,
Бақшаға жақсы аға
Ойыншық әкелді қаншама?( 28 ойыншық)
- Сан есімдер: 1,2,3,4,5,6,7,28.
28саны қай сан есімге жатады?
Есептік сан есім.
Реттік сан есімге айналдырыңдар
Жиырма сегізінші.
Мәтінмен жұмыс.
20 – жаттығу. Мәтінді түсініп оқу, сан есімдерді табу, қай түрі екенін айту. Мәтінге ат қою, неше бөліктен тұратынын айту.Қандай жолдан басталатынын сұрау.( слайд көрсету)
Қазақ өмірінде қазанның алатын орны ерекше. Өйткені ол – ең басты тіршілік құралы. Халық оны жай ғана қазан демей, «қара қазан» деп қастерлеп айтады. Бұл жерде қара сөзі «қасиетті, киелі, берекелі» деген ұғымды білдіреді.
Қазан шойыннан жарты шар үлгісінде құйылады. Оның ұстауға қолайлы төрт құлағы болады. Сыйымдылығына қарай көлемі әр түрлі болып келеді. Ең үлкенін он екі қарыс қара қазан немесе тайқазан деп атайды.
Мәтінге ат қоялық
«Қара қазан», «Қазан – тіршілік құралы» т.б.
Мәтін неше бөліктен тұрады?
2 бөліктен.
Әр бөлігі қалай басталған?
Азат жолдан.
Сан есімдерді атаңдар
Төрт, он екі.
Қай сан есімге жатады?
Есептік сан есім.
Реттік сан есімге айналдырыңдар
Төртінші, он екінші.
V. Жаңа сабақты пысықтау.
- Балалар сонымен бүгін қандай сан есіммен таныстық?
- Есептік және реттік сан есім.
- Есептік сан есім дегеніміз не?
- Реттік сан есім дегеніміз не?
- Реттік сан есім қалай жасалады?
VІ.Қорыту , бағалау, үй тапсырмасын беру.
Сабаққа белсене қатысқан балаларды мадақтау, бағалау.Ағаш көшеттерін саябаққа отырғызу.
Үйге 21 – жаттығу беріледі.
Абай атындағы орта мектебі ММ
Қазақ тілінен ашық сабақ жоспары
Тақырыбы: Есептік және реттік сан
есім.
Дайындаған: Сейлханова А.
2010 – 2011 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |