Сабақ тақырыбы: Ұлттық тағамдар. Мәтін. Оқу мақсаты



Дата26.08.2017
өлшемі78,81 Kb.
#29332
түріСабақ


Пәні:

ҰМЖ бөлімі: Тағам және сусын

3. Жазылым

3.3. Жоспар құру

Қарағанды облысы

Қарқаралы ауданы

Көктас ауылындағы

4 орта мектеп базасындағы тірек мектебі



(ресурстық орталық) КММ бастауыш сынып мұғаліімі
Жуманбаева Айгуль Сериковна
сауат ашу


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сынып :

1

Күні :

26.05.2017.

Сабақ тақырыбы:

Ұлттық тағамдар. Мәтін.

Оқу мақсаты:

_____________________

Сабақ мақсаты:



1.3.3.1 Мұғалім көмегімен мәтінге суреттер, сызбалар арқылы жоспар құрып, оған ат (тақырып) қою

___________________________________________________

Барлық оқушылар: Жаңа білімді меңгереді. Мұғалім көмегімен мәтінге суреттер, сызбалар арқылы жоспар құрады, оған ат (тақырып) қоя біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.


Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ойлау дағдысы:

Білу.түсіну. қолдану


Бағалау критерийлері:

1.Оқиғаның ретін анықтай отырып мәтінге суреттер арқылы жоспар құрады.

2.Мәтінге ат (тақырып) қояды.Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.




Құндылықтарды дарыту


Ұжымдық және ынтымақтастыққа ,оқушыларды бір-біріне деген

құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.



Пәнаралық байланыс



Әдебиеттік оқу, өнер, дүниетану

АКТ қолдану дағдылары


Интербелсенді тақта, таныстырылым. т.б.



Сабақ барысы:


Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар



Сабақтың басы

3 мин

5 мин
Сабақтың ортасы
25 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

Ширату жаттығуы «Қимылда және дыбыста»

Аудиожазба арқылы төрт түлік малдың дыбыстауын балаларға кимыл, әрі дыбыстау арқылы көрсету.
«Детектив:Қара жәшік» ойыны  (Т)

Мақсаты:оқушылардың сыни ойлау,көшбасшылық дағдыларын қалыптастыру. Әр топтан бір оқушы шығып, детектив әкелген қара жәшіктің ішіндегі затты суреттеп, өмірде қай кезде қолданатынын сипаттап айту керек. Осы белгілері арқылы оқушылар (түйе,жылқы,сиыр мен қойекендігін) табады. Осы арқылы «қошақан», «ботақан»,«бұзауқан», «құлыншақ» топтарына бөлініп, отырады.

*малдар төлдейтін уақыт қай мезгіл? (көктем) *малдардың алғашқы сүті қалай аталады? (уыз)



1 тапсырма: «Ойлан, бірік, бөліс» (Ұ) Мәтінмен жұмыс

Мұғалім көмегімен мәтінмен

танысу; (ашық, жабық сұрақтар)

1-2 оқушыға дауыстап оқыту;

*Бұл оқығанымыз не деп

аталады?  (мәтін)

*Мәтін дегеніміз не?

(бірнеше сөйлемдерден құралып,тиянақты бір ойдыбілдіру)

*Мәтінде неше сөйлем бар? (7

сөйлем)


*Олар не туралы? (уыз)

*Мәтінде не болуыкерек?

(тақырып)

*Әрбір жеке сөйлемдерге ат қоюға бола ма? (жоқ,себебі жеке сөйлемдердегі ортақ ой ғана тақырып болып табылады) деген ашық жабық сұрақтар арқылы жаңа білімді меңгереді.

  - Мерей мен Әлидің диалогын талдау.

КБ: «Басбармақ»


Дескриптор

- МК мәтінді бөліктерге бөледі, жоспар құрады, оған ат қоя біледі.
Уәждеу қызықтау әдістерін қолдау арқылы ҚБ жүргізіледі.
2 тапсырма «Түртіп алу»

1 топ.

Дәптермен жұмыс (Ұ Т)

(тақтаға жаздыру) Көркем жаз: 



Уыз – жаңа туған малдың сүті.

Ол қою, тәтті болады.

КБ: «күлдіргішпен бағалау»



Дескриптор

- берілген сөйлемдерді көшіріп жаза алады.

- жазу дағдысы қалыптасады.


Оқушылар оқу әрекетінде меңгерілген жаңа білімнің болашақта қажеттілігін түсінеді.Ой әрекетінің топтық, жұптық формалары өткізіледі.
Сергіту сәті:«Он сұрақ»әдісі арқылы өткізгім келіп отыр. Ол үшін ортаға бір оқушы шықсын. Оқушының сұрақтарына «ия» немесе «жоқ» деп қана жауап бере алады

2 топ. «Жұптас, ойлан, бөліс» Сөзжұмбақтың шешуіндегі сөздердің суреттерін «ішемін», «жеймін» қатарына бөліп орналастырып, жазу Ішемін:шай,сүт,су Жеймін:құрт,ет, балқаймақ, қаймақ, қант. Дескриптор: - Сөзжұмбақты шешеді, қатарына сәйкес сөздерді жазады.

  КБ: «БЛОВ»

Бұл тапсырмаларды орындауда саралай оқыту оқушылардың деңгейіне қарай оқытып, ҚБ арқылы қолдау жасауды болжап отырмын.
3 топ. «Еркін жазу» суретті әңгімеле, мәтін құрастыр (2-3 сөйлем жаз)

Дескриптор:

- оқиға ретін анықтай отырып, суреттер арқылы мәтін құрайды.

-Мәтінге ат қояды.



4 топ «Автор орындығы» «Менің ойым» эссе жазу
Оқушылар тапсырмаларды орындау арқылы бір бірін өзара оқытуға, пікір алмасуға, бір бірін бағалауға үйренеді.

Интербелсенді тақта

Аудиожазба



Интербелсенді тақта

Сауат ашу дәптері І

Сергіту

сәтіне арналған



жинақ

Сөзжұмбақ

Оқулық,

дәптерлер.


Бағалау парақшалары

флипчарт


Сабақтың соңы
2 мин

Кері байланыс

Оқушылармен «Кері байланыс бутерброды» әдісі арқылы \ мадақ сын мадақ\ кері байланыс жүзеге асырылады.



Рефлексия «Көңіл күй таразысы» немесе «Шынығу» әдісінде сабақ қызықты болса, ұнаса,күнге, ал сабақ қызықсыз және түсінбедім, қиындықтар болды десе бұлтқа смайлик жапсырады.

смайлик

Саралау- оқушылар ой әрекетін талдауға үйренеді. Оқушыларға көбірек қолдау жасалады.







Қосымша

  1. Ширату жаттығуы «Қимылда және дыбыста»

Аудиожазба арқылы төрт түлік малдың дыбыстауын балаларға кимыл, әрі дыбыстау арқылы көрсету.

  1. «Детектив:Қара жәшік» ойыны (Т)

Мақсаты:оқушылардың сыни ойлау,көшбасшылық дағдыларын қалыптастыру. Әр топтан бір оқушы шығып, детектив әкелген қара жәшіктің ішіндегі затты суреттеп, өмірде қай кезде қолданатынын сипаттап айту керек. Осы белгілері арқылы оқушылар (түйе,жылқы,сиыр мен қойекендігін) табады.

  1. «Ойлан, бірік, бөліс» топта талқылау жүреді. Бірігіп ой бөліседі.

  2. «Он сұрақ»әдісі арқылы өткізгім келіп отыр. Ол үшін ортаға бір оқушы шықсын. Оқушының сұрақтарына «ия» немесе «жоқ» деп қана жауап бере алады.

  3. «Жұптас, ойлан, бөліс» Жұпта талқылау жүреді. Бірігіп ой бөліседі.

  4. «Еркін жазу» тапсырманы жеке орындап жетістікке жетеді. Саралауда ұтымды тәсіл.

  5. Кері байланыс .Оқушылармен «Кері байланыс бутерброды» әдісі арқылы \ мадақ сын мадақ\ кері байланыс жүзеге асырылады.

  6. Рефлексия «Көңіл күй таразысы» немесе «Шынығу» әдісінде сабақ қызықты болса, ұнаса,күнге, ал сабақ қызықсыз және түсінбедім, қиындықтар болды десе бұлтқа смайлик жапсырады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет