Көрнекілігі: роликтер, слайдтар Түрі: әдеби-сазды мерекелік кеш Жүрісі



Дата15.09.2017
өлшемі79,36 Kb.
#33424
Тақырыбы: Ұлылықтың басында ұстаз тұрар

Мақсаты: Ұстаздар күні құрметіне колледж оқытушыларын мерекелік құттықтау.

Адамгершілікке, ізгілікке баулып, эстетикалық тәрбие беру.



Көрнекілігі: роликтер, слайдтар

Түрі: әдеби-сазды мерекелік кеш

Жүрісі:

Сахна сыртынан:

Ұстаз сөзін айтып жүрміз ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып?
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиетке бас иелік мәңгілік!

Осы кезде ортаға Айнашов Амандық шығып, мерекеге арналған арнауын орындайды.


1-жүргізуші:

Кеш жарық, қадірменді ұстаздар! Бүгінгі мерейлі күнге арналған «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» атты мерекелік кешке қош келдіңіздер!


2-жүргізуші:

Бүгінгі мереке- ерекше мереке. Бүгінгі кеш-айрықша кеш. Неге десеңіз, республика көлемінде тойланып отырған ұстаздар күнімен тұспа-тұс өзіміз дәріс алып жатқан Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінің 10 жылдық мерейтойы.


1-жүргізуші:

Ендеше осы айтулы күні колледж студенттерінің өздеріңізге деген ыстық ілтипаты мен жүрекжарды лебіздерін арнауға рұқсат етіңіздер!


2 - жүргізуші:

Халқымызда 7 қазына бар. Соның бірі-қыран бүркіт. Құсбегілердің айтуынша, 10 жасқа толған бүркіт «барқын» деп аталады екен. Барқын бүркіттің нағыз кемеліне келіп, толысқан шағы, нағыз жүгірген аңды алмай қоймайтын кезі болып есептеледі екен. Сол секілді колледж өткізген 10 жылында аяғынан тік тұрып, кемеліне келді, іргетасын нығайтты, қабырғасын қатайтты.


1-жүргізуші:

Ал 10 жастағы ұл баланың жасын қазақтар «қозы жасы » деп атайды екен. Бұл – еңбекке баулудың алғашқы басқышы. Бұл жаста бала еңбектің қиындығын көріп, дəмін татады екен. Мінеки, сол секілді біздің колледждегі ауданның маңдайалды оқытушылары 10 жыл ішіндегі түлектерінің мектептер мен балабақшалардағы жақсы маман екендіктерін көріп, марқайып отыр.


2-жүргізуші: 10 жыл аз да, көп те уақыт емес, бірақ осы жылдар ішінде мұнда білім алған мыңнан астам білікті мамандар бұл күнде елімізді өркендету жолында қызмет етіп, қоғам дамуына өз үлесін қосып келеді.
1-жүргізуші:

Ауылдық жерден колледж ашудың өзіндік қиындықтары болғаны сөзсіз, әрине. Дегенмен, мамандардың жергілікті жерден дайындалуы және оралман қандастарымыздың балаларының үй іргесінен кәсіби білім алуына мол мүмкіндік туғанын баса айта кету керек.




2-жүргізуші:

Аудан әкімінің бастамасынан бастау алған осынау зор міндетті 10 жыл бойы абыроймен атқарған Жаңбыров Сұлтан Талпақұлына ерекше ықыласымызды білдіреміз. Шаршамай –шалдықпай осы жолда аянбай еңбек етіп жүрген баршаңызды қос мерекемен құттықтап, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке-бірлік, еңбекте табыстар тілейміз!


1-жүргізуші:

Ажырамай колледжден бір елі сіз,


Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Ұстаздарға арналсын тілегіңіз!-деп колледж директоры Қаныбек Әбдібекұлын қошеметпен ортаға

шақырамыз.


Ескерте кеткіміз келеді: дәл қазір ватсап әлеуметтік желісінде «Мереке құтты болсын!» чаты ашық және белсенді түрде студенттер мен оқытушылардан құттықтаулар мен сәлемдемелерді қабылдауға әзір. Чатқа тіркелмегендер үшін ватсап номері +7701 354074 72
1-жүргізуші:

Қымбатты оқытушылар! Бүгінгі мереке құрметіне орай ортамызда аудандық мәслихаттың хатшысы Ұлықпанов Аманқұл мырза отыр. Келесі құттықтау сөзді өзіңізге береміз.


2-жүргізуші:

Ұстаз. Иә, оның негізгі мәні жақстылықта, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізуді үйретуге тәрбиелейді. Ұстаздық ұғымының астары адамгершілікпен, әдеп - инабаттылықпен, ізет - құрметпен, білім - парасатпен байланысып жатыр.




1 - жүргізуші:

Демек, кең мағынада нәрестенің дүниеге келіп, толысқанша өнер, білім, әдеп, тәрбие, кәсіп үйренген адамы ұстазы болады да, сол үшін, меніңше, шәкірт ұстаз алдында қия өтпей, өмір бойы өзін қарыздармын деп, саналы ұстаздың өзін, сөзін ардақтап өтуге тиіс.



2 - жүргізуші:

Дұрыс айтасың, біздің колледждегі әрбір оқытушы,осында отырған баршаңыз да біздер үшін әлемдегі ең асыл да ардақты, үлгі тұтар тұлғаларсыздар! Мерекелік тартуымыз ретінде өздеріңізге арналған «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар !



(Еламан мен Ақмарал)

1-жүргізуші:

Сағыныш сазы толқытқан,


Арнамақ сөздің мәйегін.
Шәкірттерің оқытқан,
Келіп тұр жолдап сәлемін.

(сахнаға үш тілде құттықтау оқитын студенттер тобы шығады)

Қазақша: Нұрбол, Төрехан, Жанәбіл, Хамидулла, Шынболат

Орысша: Хадия, Альбина, Альфия, Гүлжайна, Ақмарал

Ағылшынша: Ақмарал, Жұлдыз, Арайлым, Ұлзира


2-жүргізуші:

Ұстаз болған баршаға,


Ардақты жандар қаншама.
Шәкіртің күнде қуансын,
Шаршама ұстаз, шаршама!
1-жүргізуші:

Сіздердің құрметтеріңізге колледждегі күйшілер тобы өнерлерін тарту етпек.Қабыл алыңыздар!

(Шынболат, Амандық, Шынболат)


2-жүргізуші:

Ұстаздар мерекесі қарсаңында біз колледждегі студенттерге анкета сұрақтарын ұсынған болатынбыз. Студенттердің берген жауаптарын сараптап, санап, қорытындысын бүгін, дәл қазір сіздердің алдарыңызда жарияламақпыз. Номинацияларды салтанатты түрде атау үшін колледж директоры Қаныбек Әбдібекұлын және оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлбаршын Нұрланқызын қошеметпен ортаға шақырамыз.

( конверттерді ашып, атайды, сыйлықтарын береді.) ФАНФАРЫ


  1. «Еңбекқорлығымен үлгілі» номинациясы

  2. «Ең мейірімді оқытушы» номинациясы

  3. «Көркіне көз тоймайтын ұстаз» номинациясы

  4. «Темірдей тәртіп» номинациясы

  5. «Талапшыл ұстаз» номинациясы

  6. «Өнерім-серігім» номинациясы

  7. «Көтеріңкі көңіл» номинациясы

  8. «Сәнім-салтанатым» номинациясы

(әр номинация сыйлығы беріліп болған соң кейбір пікірлер оқылып тұрады)

Ендігі кезекте студенттердің жазған ой-пікірлеріне тоқталып өтсек



  1. Айгерім апай 3 пар бойына есеп шыгарсада, шаршамайды. Ерінбейді

  2. Ал Балзада апай сабақты орындамасаң, «қарыз қайда , қарыз қайда» деп ақыры сабақты тапсыртпай қоймайды

  3. Мұрат ағай ер адам болсада, әрқашан адамды жақсы түсінеді

  4. Икенова Жанат апайдың табиғи сұлулығы өте ұнайды

  5. Ақмарал апайдың мейірімді екені жүзінен-ақ белгілі.

  6. Үш тілді толық меңгерген Айнұр апай өте керемет апай

  7. Гүлжамал апай еңбекқор, сұлу апай

  8. Сайра апай өзі айтты «мен талапшылмын» деп

  9. Ең сәнқой апайлардың бірі Әлия апай. Әдемі киініп сәнді болып жүреді

  10. Гүлсара апай ешқашан дауыс көтеріп, айғайламайды. Жаймен түсіндіреді, әнді де керемет айтады.

  11. Ең көрікті ұстаз-Толқын апай. Ұсқыны қатал, бірақ оның әдемілігі – нұр тұнып, шуақ шашқан әдемі көздерінде мен оның мейірімді көздеріне ғашықпын.

  12. Амангүл апай өте еңбекқор ешқашан бір нәрсені ертеңге қалдырмайды.

  13. Тәжен ағай барлық сұрағыңа қысылмай жауап береді.

  14. Гүлбаршын апай өнерлі.

  15. Шынар апай кітап 5-ке оқиды, мен 4-ке оқимын, сендер қалай 5-ке оқисыңдар дейді.

  16. Көңілді оқытушы –Бұрыш. Актрисалық қабілеті басым, жарасымды мимикасымен, көңілді қылықтарымен тамаша көңіл-күй сыйлайды.

  17. Ең мейірімді ұстаз-Жайлыгүл. Мұғалім атаулының жүзі жылы, жүрегі жұқа болған кезде ғана нағыз педагог атанады. Түнімен тісім ауырды, таңертеңгілік уақытта Жайлыгүл апаймен сайысқа дайындалдық, қайта-қайта жағдайымды сұрап, сол сәтте дәрі-дәрмекпен де қамсыздандырған. Анамнан кейінгі пірім-Жайлыгүл десем артық айтпағаным.

Ватсап арқылы келген құттықтаулар мен сәлемдемелер оқылады.
1-жүргізуші :

Менің балғын қиялымды тербеткен,


Құшағымды алыстарға серметкен.
Айта аламын жұрт алдында қысылмай,
О, мұғалім, бір өзіңді ер деп мен.


2-жүргізуші:
Әр шәкіртке бола білген жанашыр,
Бүгін от боп әр жүректе жанасың.
Сен бергенсің алғашқыда айырып,
Жақсылық пен жамандықтың арасын,-дей келе кезекті орыс биіне береміз.

(Арайлым мен Ботакөз)



1-жүргізуші:
Аралатқан ғылымдардың мол бағын,
Бізге үлгі асыл бейнең, ғажап үн.
Көрген сайын жанарыңнан оқимыз,
Ізгілік пен парасаттың жолдарын.
2-жүргізуші :

Колледж оқытушыларының қаталдығын да, еңбекқорлығын да, талапшылдығын да, білім-білігін де өздеріне үлгі ететін, соларға ұқсауға талпынатын студенттер тобының құттықтауына құлақ түрелік.



(ДтБ-62 10 жігіттің ұстаздарға арнауы)


Ватсап номеріне келіп түскен құттықтаулар мен сәлемдемелер оқылады.
1-жүргізуші:

Қымбатты оқытушылар, өздеріңізге мәлім колледжміз бойынша осы мерекеге орай мамандықтар арасында видеоқұттықтаулар сайысы өткізілген болатын. Сайыс өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды. Кезекті студенттердің видеоқұттықтауыны беріп, назарларымызды экранға аударайық.


2-жүргізуші:

Көңілге ұнар, шықса ән сыңғырлаған,


Көңілге шаттық сезім қондырар ән.
Шымырлап шыққан кезде шырқау көкке,
Елітіп тұла бойың балбыраған,-дей отырып, өздеріңізге тарту ретіндегі « »

әнін қабыл алыңыздар.



(Жарқынай- орысша ән)


1-жүргізуші:

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,


Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
2-жүргізуші:
Ұстазыңды түсінгін сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген,-дей келе , құрылғанына 10 жыл толып отырған колледжімізде студенттердің талантын танып, талабын ұштап, білімін шыңдауға ерен еңбегін аямай жүрген аяулы ұстаздарға арнаулар легін ұсынамыз.

(арнаулар оқып, гүлдерін ұсынады) торт
1-жүргізуші:

Қадірлі ұстаздар! Сіздердің жас ұрпақ үшін еткен өлшеусіз еңбектеріңді бір ғана концертпен ақтай алмасымыз анық. Алайда, өздеріңіз салған сара жол, өздеріңіз берген тәлімді тағылыммен болашаққа жолымызды бағыттаймыз. Мына әрбіріңізден алған ұлағатты бағдаршам етіп жүрсек, ұлы көштен адаспайтынымызға нық сенімдіміз. Мерекелеріңіз мерекеге ұласқай! Колледжіміз алда талай өзінің мерейтойларын тойлай бергей деген шәкірттік тілегіміз бар.


2-жүргізуші:

Құлпырған еліміздің ұл – қызымыз,


Әзірге үлпілдеген құндызымыз.
Арасын жер мен көктің бағындырар,
Ертеңгі жарқыраған жұлдызымыз
«Ұстазым» әнімен барлық қатысушылар ортаға шығады. Жеке дауыста : ____________________

Қатысушылар бәрі ортаға шығады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет