Көшіп келушілердің паспорттарын тіркеу, қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келген көшіп келушілер туралы ақпаратты беру, көші-қон карточкаларын жасау және беру, көшіп келушілердің орын ауыстыру



Дата27.05.2018
өлшемі221,81 Kb.
#41050


Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2016 жылғы «27» қаңтар

№ 83 бұйрығымен

бекітілді

Көшіп келушілердің паспорттарын тіркеу, қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келген көшіп келушілер туралы ақпаратты беру, көші-қон карточкаларын жасау және беру, көшіп келушілердің орын ауыстыру, шетелдіктердің болуы үшін жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) көшіп келушілердің келу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың транзиттік жол жүру қағидалары

1. Жалпы ережелер
1. Осы Көшіп келушілердің паспорттарын тіркеу, қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келген көшіп келушілер туралы ақпаратты беру, көші-қон карточкаларын жасау және беру, көшіп келушілердің орын ауыстыру, шетелдіктердің болуы үшін жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) көшіп келушілердің келу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың транзиттік жол жүру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі заңының 9-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күнінен бастап күнтізбелік бес күннен астам Қазақстан Республикасында уақытша болатын көшіп келушілердің, егер Қазақстан Республикасының тиісті тараппен жасаған келісімінде немесе Қазақстан Республикасының Үкіметімен өзгеше тәртіп белгіленбесе, уақытша тұруға (тіркелуге) рұқсаты болуы қажет.

Паспорттарын тіркеуден:

дипломатиялық немесе қызметтік паспорттары бар;

«дипломатиялық», «қызметтік», «инвесторлық» санаттағы Қазақстан Республикасының визаларымен Қазақстан Республикасына келген немесе Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі уәкілетті органнан «инвестор» мәртебесін растаған кезде (визасыз болу режимі бар елдер үшін);

16 жасқа толмаған көшіп келушілер босатылады.

Қабылдаушы адамдар өздеріне келетін көшіп келушілер туралы ішкі істер органдарына олар келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша не «Бүркіт» Бірыңғай ақпараттық жүйесінің Визалық-көші-қон порталы (бұдан әрі – ВКҚП) (www.vmp.gov.kz) арқылы хабарлауы қажет.

2. Қазақстан Республикасында көшіп келушілердің паспорттарын тіркеу, қабылдаушы адамдардың оларда болатын көшіп келушілер туралы ақпаратты ұсыну тәртібі


3. Көшіп келушілердің паспорттарын тіркеу «Бүркіт» Бірыңғай ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «Бүркіт» БАЖ) жүргізіледі.

4. Тіркеуді ресімдеу және оны ұзарту құжаттарды берген күні жүзеге асырылады.

5. Қазақстан Республикасы аумағында көшіп келушілердің паспорттарын тіркеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларының 4-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Тіркеу аудандық, қалалық немесе облыстық көші-қон полициясы бөліністерінде жүзеге асырылады, сондай-ақ әкімшілік жауапкершілікке тартылған көшіп келішілерді тіркеуді олар Қазақстан Республикасынан шыққан кезде көліктегі көші-қон полициясы бөліністері жүзеге асырады.

7. Миссионерлік қызметпен айналысатын, сондай-ақ қайырымдылық немесе гуманитарлық көмекпен келген көшіп келушілер облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасасу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарда одан әрі тіркеуге алына отырып, тиісті визалардың негізінде ішкі істер органдарында тіркеледі.

Визасыз болу режимі бар елдерден миссионерлік қызметпен келген көшіп келушілер облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасасу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарда тіркеуден өткеннен кейін ішкі істер органдарында тіркеледі.

8. Көшіп келушілердің паспорттарын тіркеу үшін:

1) Қазақстан Республикасының визалары, Қазақстан Республикасы кірудің және болудың визасыз тәртібі туралы халықаралық шарттар жасасқан елдердің азаматтарынан басқа;

2) қабылдаушы заңды, жеке тұлғалардың немесе көшіп келушінің өзінің өтініші негіз болып табылады.

Көші-қон саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған көшіп келушіні анықтаған кезде жауапкершілікке тартқаннан кейін көші-қон полициясы бөлінісі қызметкерінің баянаты оны тіркеу үшін негіз болып табылады.

9. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (бұдан әрі – ҰҚК ШҚ) көшіп келушілердің паспорттарын тіркеуді көші-қон карточкасын «тіркеу» бағанында күні қойылатын мөртабан бедерін қою арқылы жүзеге асырады.

10. Көшіп келушілердің паспорттарын тіркеуді есепке алу тіркеудің реттік нөмірін қоя, көші-қон карточкасын қолымен және визалық (паспорттық) мөрмен куәландыра, сондай-ақ көшіп келушінің уақытша тіркеу туралы анықтамасын бере отырып, көші-қон полициясы бөліністерінің лауазымды адамдары «Бүркіт» БАЖ-да жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы кірудің және болудың визасыз тәртібі туралы халықаралық шарттар жасасқан елдер азаматтарының болу мақсаты өзгерген кезде оларға тиісті мақсатты көрсете отырып, жаңа көші-қон карточкасы ресімделеді.

Көшіп келуші кіру туралы белгісі бар көші-қон карточкасын тіркеуге ұсынған кезде және «Бүркіт» БАЖ-да Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткені туралы мәліметтер болмаған кезде Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ІІД (бұдан әрі – ІІД) Көші-қон полициясы басқармаларының жауапты қызметкерлері телефон бойынша БАЖ әкімшілігінен кесіп өту фактісінің болуын сұрайды.

Егер көшіп келушінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту фактісі расталмаса, ішкі істер органдарының лауазымды адамы Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізу бойынша шешім қабылдау үшін бөлініс басшылығына баяндайды.

11. Тіркеу қабылдаушы заңды, жеке тұлғаның немесе көшіп келушінің өтінішінде көрсетілген мерзімге, бірақ визасының қолданылу мерзімінен, көшіп келушінің болуына рұқсат етілген мерзімнен не паспорттың немесе оны алмастыратын құжаттың (бұдан әрі – паспорт) қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге ресімделеді.

Көп мәртелі визалары бар көшіп келушілер Қазақстан Республикасында іс жүзінде болу мерзіміне тіркеледі.

12. Көшіп келушілерді тіркеуді оны шақырған адам не қонақ үй қызметін көрсететін жеке немесе заңды тұлға жүзеге асырады және қабылдаушы адамның тіркелген жеріне қарамайды.

13. Қазақстан Республикасының басқа өңірлеріне күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімге шыққан не көшіп келуші Қазақстан Республикасында уақытша тұратын жерін ауыстырған кезде қабылдаушы заңды немесе жеке тұлға үш жұмыс күні ішінде бұл туралы ішкі істер органдарына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша хабарлайды.

Ішкі істер органдары қабылдаушы адамдардан келіп түскен хабарламалар бойынша «Бүркіт» БАЖ-ға мәліметтер енгізеді.

Тұрақты немесе уақытша тұратын жерін өзгерткен кезде көшіп келушілер күнтізбелік бес күн ішінде жаңа тұратын жері бойынша ішкі істер органдарында қайта тіркеуден өтеді.

Уақытша тұру үшін келген көшіп келушілерді тіркеу кезінде көші-қон полициясы бөліністері ішкі істер органдарының басшылығы арқылы оларға осы жергілікті жерде тұруға рұқсат етілген мерзімдер туралы учаскелік полиция инспекторларына хабарлайды.

14. Көшіп келушілердің болу мерзімін ұзарту қабылдаушы заңды, жеке тұлғаның немесе көшіп келушінің өзінің өтінішхатының негізінде визаларды беру немесе ұзарту және көшіп келушілердің паспорттарын тіркеудің қолданылу мерзімін ұзарту арқылы жүзеге асырылады.

15. Көшіп келушілердің паспорттарын «Бүркіт» БАЖ-ға тіркеудің қолданылу мерзімін ұзартуды ішкі істер органдарының қызметкерлері ресімдейді.

16. Паспортты жоғалтқан жағдайда көшіп келуші тұрақты тұратын немесе уақытша болатын жері бойынша ішкі істер органына өтінішпен дереу жүгінеді, онда құжаттың жоғалуы қашан, қайда және қандай мән-жайларда болғаны нақты баяндалады. Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығымен бекітілген Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу, сонымен қатар Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 23 қыркүйекте № 9744 болып тіркелген) сәйкес тіркелген және жеке басы анықталған көшіп келушінің өтініші негізінде көші-қон полициясының бөлінісі оған осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама береді.

Берілген анықтаманың негізінде көшіп келуші өз мемлекетінің консулдық мекемелерінде жаңа паспорт немесе оны алмастыратын құжат алады, онда ішкі істер органы шығу визасын ресімдейді.


3. Көші-қон карточкаларын дайындау және беру
17. Қазақстан Республикасына келген кезде көшіп келушіге көші-қон карточкасы беріледі.

 Мынадай:

1) Қазақстан Республикасының дипломаттық, қызметтік және инвесторлық визалары бар адамдарға, сондай-ақ дипломаттық, қызметтік паспорттары мен уәкілетті органнан «инвестор» мәртебесін растауы бар адамдарға;

2) 16 жасқа толмаған адамдарға;

3) әуе, теңіз және өзен кемелері экипаждарының мүшелеріне;

4) пойыз бригадаларының, оның ішінде рефрижераторлық, локомотивті пойыз бригадаларының қызметкерлеріне және темір жол көлігімен жол жүретін жүктерге ілесіп жүретін адамдарға;

5) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жол жүретін пойыздардың жолаушыларына;

6) халықаралық автотасымалды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілеріне көші-қон карточкалары берілмейді.

Егер Қазақстан Республикасы тиісті тараппен жасаған келісімде өзгеше тәртіп белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекрасын кесіп өткен күннен бастап күнтізбелік бес күннен астам болған жағдайда, осы тармақтың 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар ішкі істер органдарында тіркелуге міндетті.

18. Көші-қон карточкасы Қазақстан Республикасына келетін шетелдік туралы мәліметтерді қамтиды және Қазақстан Республикасының аумағында оның уақытша болуын бақылауға негіз болады, ол осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.

19. Қазақстан Республикасына келетін көшіп келушілерге көші-қон карточкаларын толтыру қажеттілігі, бланкілерді кедергісіз алу мүмкіндігі және оларды шекаралық бақылаудан өтерден бұрын толтыру үшін қажетті уақыт туралы уақтылы хабарлау қамтамасыз етіледі.

20. Көші-қон карточкасының бланкілерін беруді:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде – ҰҚК ШҚ (оның ішінде көші-қон карточкаларының бланкілерін автоматтандырылған толтыру бойынша «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып);

2) көшіп келушілердің уақытша немесе тұрақты тұратын жері бойынша, оның ішінде «Бүркіт» БАЖ арқылы заңды және жеке тұлғалардан оларда болатын көшіп келушілер туралы ақпарат алу арқылы – ішкі істер органдары;

3) жолда жүргенде:

әуе (теңіз) көлігімен – әуе (теңіз) кемелерi экипаждарының мүшелерi;

теміржол көлігімен – пойыз бригадаларының мүшелері;

халықаралық автобус көлігімен – халықаралық автобус көлігінің жүргізушілері жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктіне келгенге дейін көші-қон карточкасын көшіп келуші ВКҚП арқылы өз бетінше толтыра және басып шығара алады.

21. Көші-қон карточкаларын дайындауды Астана, Алматы қалаларының, облыстардың ішкі істер департаменттері (бұдан әрі – ІІД) жүзеге асырады. ІІД көші-қон карточкасының бланкілерімен ҰҚК ШҚ және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бөліністерін қамтамасыз етеді.

22. Көшіп келушілер көші-қон карточкаларын шекаралық бақылау басталғанға дейін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес көші-қон карточкаларын толтыру бойынша жадынамаға сәйкес түсінікті, шимайсыз және түзетулер сиямен немесе шарикті автоқаламмен көк немесе қара түсті пастамен толтырылады. Көші-қон карточкаларын көшіп келушінің паспортында немесе жеке басын куәландыратын өзге де құжатында көрсетілген деректерге сәйкес қазақ, латын алфавитінің немесе кириллица әріптерімен толтыруға рұқсат етіледі.

Көші-қон карточкалары бланкілерін автоматтандырылған толтыру бойынша «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесінің мүмкіндігі болған жағдайда оларды толтыруды және беруді ҰҚК ШҚ жүзеге асырады.

Көші-қон карточкасында көшіп келушінің тегі, аты, болу мақсаты, қабылдайтын тарап, тіркелу мекенжайы, 16 жасқа толмаған бірге келген балаларының саны көрсетіледі, Қазақстан Республикасына келуі, уақытша болу орны бойынша тіркелуі туралы белгі қойылады.

23. Қазақстан Республикасына кіру кезінде ҰҚК ШҚ ұсынылған көші-қон карточкасын паспорттың деректерімен салыстыра тексереді, келуі туралы белгі қояды. Келуі туралы белгі «келу» бағанында күнді көрсететін мөртаңба бедерін қою жолымен жүзеге асырылады, одан әрі көші-қон карточкасы көшіп келушіге қайтарылады.

24. Шетелдіктер (персонал және тұрғындар) Қазақстан Республикасынан жалға алынған аумақтан тыс аумаққа шыққан жағдайда, ішкі істер органдары жеке басын куәландыратын құжаттардың және жалға алынған аумақта тұрғылықты жері бойынша тіркеу негізінде мәліметтерді «Бүркіт» БАЖ-ға енгізе отырып, көші-қон карточкаларын береді. Бұл ретте ішкі істер органдарында тіркелу күні кірген күні болып табылады.

25. Елден тыс жерге шығару туралы шешім қабылданған көшіп келушілерге ішкі істер органдары Қазақстан Республикасынан шығу үшін мерзімін көрсете отырып, көші-қон карточкасын береді. Шығу мерзімі елден тыс жерге шығару туралы соттың шешіміне сәйкес белгіленеді. Бұл ретте «Келу» бағанында «Елден шығару» деген жазба жазылады.

Егер сот мерзім белгілемесе, онда елден шығарылатындардың шығу үшін мерзім елден шығару туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 15 тәулікке дейін белгіленеді.

26. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар, шетелге тұрақты тұруға шығатын, ішкі істер органдарына тұруға ықтиярхат тапсырған шетелдіктер оның орнына шетелге уақтылы шығу үшін қажетті тіркелу мерзімі бар көші-қон карточкаларын алады.

27. Көші-қон карточкаларын жоғалтқан немесе абайсызда бүлдіріп алған кезде көшіп келушілер көші-қон карточкасы бүлінген немесе жоғалған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде бұл туралы ішкі істер органдарына өтініш береді, олар өтініш иелерін тексергеннен кейін көші-қон карточкаларының телнұсқаларын береді және тіркелгені туралы белгі қояды. Бұл ретте «Келу» бағанында Ішкі істер министрлігінің аумақтық көші-қон полициясы бөлімшелерінің визалық (паспорттық) мөрі қойылады.

28. Қазақстан Республикасынан шыққан кезде ҰҚК ШҚ жеке басты сәйкестендіреді, ұсынылған көші-қон карточкасын және көшіп келушіні уақытша тіркеу туралы анықтаманы (Визалық көші-қон портал арқылы тіркеу кезінде – көшіп келушіні тіркеу туралы паспортқа жапсырма қағаза тасымалдағышта) паспорттың деректерімен салыстырып тексереді, содан кейін көші-қон карточкасын және көшіп келушіне уақытша тіркеу туралы анықтаманы алып қояды.

29. Шекаралық бақылаудан өту және Қазақстан Республикасынан шығу үшін өткізу пунктіне келген көші-қон карточкасы жоқ көшіп келушілер өтініш берген кезде ҰҚК ШҚ «Бүркіт» БАЖ арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту күнін анықтайды, шекараны кесіп өткені туралы растау болған және Қазақстан Республикасында болу мерзімдері мен тәртібін бұзу фактісі болмаған жағдайда шекара арқылы өткізуді жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының аумағында көшіп келушілердің болу мерзімдері және тәртібі бұзылған жағдайда, егер кідіріс оларға байланысты емес дәлелді себептер (табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, көліктің қалыпты жұмысының бұзылу кезінде) бойынша болса көшіп келушілер көші-қон карточкаларына тиісті белгілерді қоя отырып, шекара арқылы өткізіледі.

30. Көшіп келушілерден алынатын көші-қон карточкалары, есептілік құрастырылғаннан кейін осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көші-қон карточкаларын жою актісіне сәйкес ай сайын 25-і күні жойылады.

4. Көшіп келушілердің жүріп-тұру, көшіп келушілердің шетелдіктердің баруы үшін жабық жекелеген жерлерге (аумаққа) кіру, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік жол жүру тәртібі
31. Көшіп келушілер шетелдіктердің баруы үшін ашық Қазақстан Республикасының аумағы бойынша еркін жүріп-тұрады.

32. Көшіп келушілердің жүріп-тұру, сондай-ақ шетелдіктердің баруы үшін жабық жекелеген жерлерге (аумаққа) кіруі қағидалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 шілдедегі № 734 қаулысымен бекітілген Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсатнамалар беру қағидаларына нақты сәйкес жүзеге асырылады.

33. Әуе және темір жол көлігімен жүретін және мәжбүрлі аялдаған көшіп келушілерді тіркеуді аумақтық ішкі істер органдары жүзеге асырады.

Тіркеудің қолданылу мерзімі мәжбүрлі аялдауды туындатқан себептерді жою үшін қажет уақытпен, бірақ визаның қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге айқындалады.

34. Медицина ұйымдарында емдеуде жүрген көшіп келушілердің паспорттарын тіркеу олар шыққаннан кейін бір тәулік ішінде ресімделеді.

Олардың отбасы мүшелеріне немесе еріп жүрген адамдарға паспорттарын тіркеу науқас көшіп келушінің емделуі үшін қажет, медицина ұйымының анықтамасында көрсетілген, бірақ визаның не болудың рұқсат етілген мерзімінен аспайтын мерзімге жалпы негіздерде ресімделеді.

35. Жеке немесе қызметтік автокөлікте жол жүретін, сондай-ақ халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыратын көшіп келушілер шетелдіктердің баруы үшін ашық аумақта автомобиль жолдары бойынша еркін жүріп-тұрады.

Көшіп келушілердің паспорттарын тіркеу,

қабылдаушы адамдардың оларда болатын көшіп келушілер туралы ақпаратты ұсыну, көші-қон карточкаларын дайындау және беру, көшіп келушілердің жүріп-тұру, көшіп келушілердің шетелдіктердің баруы үшін жабық жекелеген жерлерге (аумаққа) кіру, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік жол жүру қағидаларына

1-қосымша


нысан
__________ облысының

ІІД Көші-қон полициясы басқармасының бастығы


Хабарлама

_______________________________________________________________________________


(қабылдаушы адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (болса) жеке басын куәландыратын құжаттың №)

Сізге 20__ «_» ________ маған мынадай шетелдіктер:

1. _____________________________________________________________________________
(тегі, аты, азаматтығы, жеке басын куәландыратын құжаттың №)
2._________________________________________________­_____________________________
3.______________________________________________________________________________
4._____________________________________________________________________________________________________________________________________________________мақсатпен
(тәжірибе алмасу, тағылымдама, туризм, оқу және т.б.) келгенін хабарлаймын.
_________________________________ мекенжай бойынша тұруы 20_____ жылғы «_» дейін

Қолы


күні

Көшіп келушілердің паспорттарын тіркеу,

қабылдаушы адамдардың оларда болатын көшіп келушілер туралы ақпаратты ұсыну, көші-қон карточкаларын дайындау және беру, көшіп келушілердің жүріп-тұру, көшіп келушілердің шетелдіктердің баруы үшін жабық жекелеген жерлерге (аумаққа) кіру, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік жол жүру қағидаларына

2-қосымша

нысан
Шетелдіктердің паспорттарды немесе оларды алмастыратын құжаттарды жоғалтуына байланысты оларға берілетін анықтама

Азамат (ша) _____________________________________________________________________


                      (азаматтығы,тегі, аты, әкесінің аты (болса))

ол 20____жылғы «____»____________ ____________________________ қаласының


________________________________________________________________________________
  (қалалық, аудандық ішкі істер органының, полиция бөлінісінің атауы)
мынадай: ________________________________________________________________________                          (құжаттың атауы)

құжатты жоғалтуына байланысты өтінішпен жүгінгені туралы берілді.


________


|        |
| Фото  |                        Көші-қон полициясы бөлінісінің бастығы |                 | 
|        |                  _______________________________
|________ |                              (қолы)

      М. О.

     

20___жылғы «____»__________________.



Көшіп келушілердің паспорттарын тіркеу,

қабылдаушы адамдардың оларда болатын көшіп келушілер туралы ақпаратты ұсыну, көші-қон карточкаларын дайындау және беру, көшіп келушілердің жүріп-тұру, көшіп келушілердің шетелдіктердің баруы үшін жабық жекелеген жерлерге (аумаққа) кіру, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік жол жүру қағидаларына

3-қосымша

нысан


Алдыңғы беті
Лицевая сторона
                             КӨШІ-ҚОН КАРТОЧКАСЫ
                      МИГРАЦИОННАЯ КАРТОЧКА № ___________
                             Migration card


Тегі/Фамилия/ Family name

Кіру

Аты/Имя/ First (given) name



Азаматтығы/Гражданство/Nationality

Келу мақсаты/Цель въезда/Purpose of visit

Қабылдайтын тарап
Принимающая сторона
Inviting party

__________________________________________________

Тіркелу мекенжайы ________________________________
                 (облыс, қала, аудан, елді мекен,
__________________________________________________
              көшенің атауы, үй №__, пәтер №__).

Адрес регистрации ________________________________


                 (область, город, район, населенный пункт,
__________________________________________________
    наименование улицы, дом №__, квартира №__).

______________________________________________________

Home Address _____________________________________
             (region, city, district, settlement,
__________________________________________________
              street, building №__, flat №__)


Бірге келетін балалар/Совместно следуют дети/ Accompanied by children

Шығу

Қолы/подпись/signature



                       Тіркеу №____
«___»_____20 ____ ж.       «___»_____20____г. дейін

Тіркеу жасаған орган ______________________

Лауазымды адамның қолы ___________________

                                             м/о



Артқы беті
Обратная сторона
Қазақстан Республикасынң Мемлекеттік шекарасынан өткеннен кейін
күнтізбелік бес күн ішінде ішкі істер органдарында МІНДЕТТІ ТҮРДЕ/
тіркелуі тиіс. Қазақстан Республикасында болу мерзімдерін бұзу
әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Көші-қон карточкасы көшіп
келушіде сақталады және Қазақстан Республикасынан шыққан кезде
тапсырылуы тиіс. Тіркеу көші-қон полициясы бөлімшелерінде не

қабылдаушы адамдар визалық көші-қон порталында (vmp.gov.kz; e.gov.kz)

жүзеге асырады.
В течение 5 календарных дней после пересечения Государственной
границы Республики Казахстан ОБЯЗАТЕЛЬНА регистрация в органах
внутренних дел. Нарушение сроков пребывания в Республике Казахстан
влечет административную ответственность. Миграционная карточка
хранится у иммигранта и подлежит сдаче при выезде из Республики
Казахстан. Регистрация осуществляется в подразделениях миграционной

полиции либо принимающими лицами на визово-миграционном портале

(vmp.gov.kz; e.gov.kz).
Foreign citizens must register with a local migration police office

within five days upon arrival in the Republic of Kazakhstan. Violation

of terms of stay will entail administrative liability under the civil

law. Foreign citizens must keep this migration card and return it

upon departure from the Republic of Kazakhstan. Registration is

carried out in the migration police offices or on visa and

migration Web site by receiving side (vmp.gov.kz; e.gov.kz).

Тіркеу мерзімі 20 ___ жылғы «  » ________ дейін ұзартылды.


Тіркеу жасаған орган __________ Лауазымды адамның қолы ______________
                                                              м/о

Тіркеу мерзімі 20 ___ жылғы «  » ________ дейін ұзартылды.


Тіркеу жасаған орган __________ Лауазымды адамның қолы ______________
                                                              м/о

көші-қон карточкасының мөлшері88х125 мм


Көшіп келушілердің паспорттарын тіркеу,

қабылдаушы адамдардың оларда болатын көшіп келушілер туралы ақпаратты ұсыну, көші-қон карточкаларын дайындау және беру, көшіп келушілердің жүріп-тұру, көшіп келушілердің шетелдіктердің баруы үшін жабық жекелеген жерлерге (аумаққа) кіру, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік жол жүру қағидаларына

4-қосымша

Көші-қон карточкаларын толтыру бойынша

жадынама
  1. Көші-қон карточкалары көшіп келушілерге, поезд бригадаларының, әуе, теңіз кемелері экипаждарының мүшелеріне Қазақстан Республикасына келу кезінде шекаралық бақылау пунктіне келгенге дейін оларды толтыру үшін қажетті уақытты есептей отырып, алдын ала беріледі.

2. Карточка түсінікті, шимайсыз және түзетулер сиямен немесе шарикті автоқаламмен көк немесе қара түсті пастамен толтырылады. Тегі мен аты қатаң түрде паспорт бойынша оны толтыру кезінде қолданылатын әліпбимен (қазақша, латынша немесе кириллица) жазылады. Араб немесе өзге кескіндеме қолданылмайды.

3. «Сапар мақсаты» бағанына мынадай мақсаттардың бірі көрсетіледі:

жеке – қонаққа, жеке сипаттағы басқа істер бойынша;

қызметтік – іссапарға келген кезде, іскерлік сипаттағы басқа істер бойынша;
      жұмысқа –жұмыс үшін келген кезде;

оқуға – Қазақстан Республикасының жоғары және орта арнайы оқу орындарында оқитын студенттер үшін, сондай-ақ тағылымдамаға немесе практикаға баратын адамдар үшін;

емделуге – Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарында емделуге келген адамдар үшін;

туристік – туристер ретінде келетін адамдар үшін.

4. «Қабылдайтын тарап» бағанында қабылдаушы ұйым ретінде шығатын жеке тұлғаның тегі немесе заңды тұлғаның атауы, сондай-ақ ол тұратын облыс (заңды тұлғаның тіркелген орны) көрсетіледі.

Мысалы: А.И. Сүндетов Қызылорда обл.;

«НҰР» АҚ, Астана қаласы.

5. «Тұратын мекенжайы» бағанында жоспарланған уақытша болатын жері көрсетіледі.


      Мысалы: Астана қаласы, Абай көшесі, 5-үй, 6-пәтер.

6. «Бірге келетін балалар» бағанына шетелдіктермен бірге келетін 16 жасқа толмаған балалардың саны жазбаша көрсетіледі.

Мысалы: «үшеу».

7. Көші-қон карточкалары шекаралық бақылау кезінде паспортпен бірге ұсынылады. Көші-қон карточкалары Қазақстан Республикасынан шыққанға дейін көшіп келушілерде сақталады және ішкі істер органдарының және шекара қызметі қызметкерлерінің талап етуі бойынша ұсынылады.

8. Ішкі істер органдарында тіркелу туралы белгіні көші-қон полициясы қызметкерлері, сондай-ақ vmp.gov.kz немесe gov.kz веб-сайттары дербес цифрлық электрондық қолтаңба бойынша «Бүркіт» БАЖ-дың визалық көші-қон порталы арқылы жүргізіледі. Қазақстан Республикасында болу мерзімі күнтізбелік 5 күннен аспайтын адамдар ішкі істер органдарында паспорттарын тіркеуі міндетті емес.

Көшіп келушілердің паспорттарын тіркеу,

қабылдаушы адамдардың оларда болатын көшіп келушілер туралы ақпаратты ұсыну, көші-қон карточкаларын дайындау және беру, көшіп келушілердің жүріп-тұру, көшіп келушілердің шетелдіктердің баруы үшін жабық жекелеген жерлерге (аумаққа) кіру, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік жол жүру қағидаларына

5-қосымша

нысан
Көші-қон карточкаларын жою
актісі
20 __ жылғы «___» _______                          ____ қаласы
Біз _____________________________________________________________
                   (лауазымы, атағы, тегі, аты-жөні)
_____________________________________________________________________

20__жылғы «____» _______ бастап 20 __ жылғы «___» _______ дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өту кезінде көшіп келушілердің тапсырған саны ____ дана көші-қон карточкаларын жойдық.



    

  Қолдары: ____________


              ____________

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет