Коуч: Камидуллаева М.Е. Коучинг тақырыбы: Шебер мұғалім – білімді, әрі саналы ұрпаққа негіз болмақ. Мақсаты: Еліміздің ертеңі – білімді, саналы ұрпақтың қолында екенін айқындай отырып, қазіргі кездегі әлемдік өзгерістерге сай білім беру саласында ұстаздардың сабақ барысын-дағы әдіс тәсілдерімен тәжірибе алмасу.
Міндеттері: - Ұстаздардың жаңашылдыққа, ізденімпаздыққа, үздіксіз білім алып, инновациялық әдіс-тәсілдерді тәжірибелеріне енгізе отырып, еңбектенуге деген көзқарастарын қалыптастыру; - Жаңа қоғамдағы адамгершілік, патриотизм және ұлттық педагогиканың ұйытқысы ретінде нәтижеге бағытталған білім беру іскерліктерін дамыту; --Ұстаздардың өз кәсібіне деген ынтасын арттырып, құлшынысын ояту.
Күтілетін нәтиже: Мұғалімдер оқушыларға сапалы білім бере отырып, жетістікке жету жолдарын анықтайды және жолға қояды.
Түрі: пікір алмасу. Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, үлестірмелі парақтар.
Коучинг барысы: Кіріспе.Біз даналықты үш жолмен үйренеміз:
Ойлану - ең ізгі жол;
Еліктеу – ең жеңіл жол;
Тәжірибе жолы – ең ауыр жол. / Бенедикт Спиноза/ Стратегия -ұзақ уақытты қамтитын кез келген іс-әрекеттің жалпы жоспары және мақсатқа жету тәсілі. Педагогикалық стратегия – білім беру мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін сыныпта қолданылатын жоспарланған, әрі жүйеленген әдістер мен тәсілдердің жиынтығы.
Дүниеде мұғалімдіктен құрметті мамандық жоқ. Бұл өте қиын, күрделі міндет. Нағыз мұғалім өзі оқытатын пәнді, соған байланысты ғылым саласын терең білумен сол білімін балаларға дұрыс жеткізумен көзге түсіп ерекшеленеді. Оқушылардың интеллектуалдық дәрежесінің күннен-күнге артуына байланысты мектепте жұмыс істеу барған сайын күрделеніп келеді. Қазіргі заман талабына сай білімді, интеллектуалды, ғылым мен техникадан, өнер мен саясаттан хабары бар, жан-жақты мінезге бай мұғалім жоғары бағаланады.
І.Ұйымдастыру. Ынтымақтастық тренингі.«Сіздің нағыз мұғалім екеніңізді білдіретін 5 белгі»