Коучинг тақырыбы «Табысқа жету баспалдақтары»



Дата24.08.2020
өлшемі23 Kb.
#76778
Байланысты:
ата ана коучинг
Тәжірибелік сабақ № 1. Басқару жөніндегі ғылымды дамыту. Мекемені басқару - копия (2) (1), Тәжірибелік сабақ № 1. Басқару жөніндегі ғылымды дамыту. Мекемені басқару - копия (2) (1)

Уақыты 15.03. 2019

Коучинг тақырыбы « Табысқа жету баспалдақтары» ( Мұғалім, ата-ана, оқушы )

Жалпы мақсаты Мектеп пен отбасы арасындағы қарым –қатынасты нығайту, кері байланыс жасау арқылы нәтижеге қол жеткізу. Ата –аналардың, мұғалімдердің кері байланыс беру дағдыларын арттыру.

Күтілетін нәтижесі Ата –аналар кері байланыстың маңыздылығын түсінеді. Мұғалім мен ата-аналар арасында ынтымақтастық орта қалыптасады. Ата –аналардың мектеппен байланысы артады.

Пайдаланатын көрнекі құралдар, дереккөздер,әдіс -тәсілдер Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, қосымша әдістеме, маркерлер, постерлер, стикерлер, үлестірме материалдар,топтық жұмыс, диалогтік әдіс, суреттер галереясы, венн диаграмасы, еркін микрофон.

Коуч пен коучингке қатысушы мұғалімдердің, ата-аналардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Жылылық сыйлау»

Мақсаты: Әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.

Көршіңді оң жақтан құшақта,

Көршіңді сол жақтан құшақта,

Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,

Сол жақтағы көршіңе бір жымиып

Бүгінгі коучинг барысы,

Біз - үлкен отбасы!

Топ аттары. Мейірімділік, Табыс , Сенім ,жетістік Топқа бөлу. Команда жинау. Топ шеңберге тұрады. Топ ішінен адам санына қарай бір адам шығады. 4адам шығып, өзіне команда жинайды. Команда жинап болғаннан кейін, қатарынан тұрғандары көлденеңінен топқа бөледі. Топ сол бойынша топқа бөлініп отырады.

Миға шабуыл «Отбасы суреті» Суреттер галереясы

Балаңыздың суретін тапқан кезде қандай да бір қиындық кездесті ме? Өз балаңыздың суретін қалай тауып алдыңыз? Ата –ана өз баласының салған суретін танып, тауып алуға тырысады. Өз баласының суретін тапқан ата-аналар екі қатарға тұрады. Сұраққа жауап береді.

Топтық жұмыс 1-топ Баланың жетістікке жету үшін қандай әрекеттерді қолданасыздар?

2- топ Өз балаңызды өзгенің баласымен салыстырудың жағымды және жағымсыз жақтарын ажыратып беріңіздер?

3-топ Жағдаят шешу.

4-топ Аврам Маслоудың қажеттіліктер иерархиясын ретімен орналастыру.

Коуч сырттай бақылайды, тыңдайды түйінді пікірін айтады. Қатысушылар топта талқылау жүргізіп, постерді толтырады өз ойларымен бөліседі.

Сабақты зерттеу бойынша жүргізілген диагностиканың қорытындысымен таныстыру. Мұғалімдер, ата-аналар диагностика қорытындысымен танысады

Сабақты зерттеу қорытындысы туралы ата-аналардың, мұғалімдердің ой пікірі.

«Еркін микрофон» әдісі Сабақты зерттеу LS қорытындысы жайлы мұғалімдер, ата-аналар ой бөліседі.

Рефлексия «Тілек ағашы»

Құндылық ағашымен қорытындылау. Мені ойландырды...

Бүгінгі коучингтен алған әсеріңіз..

Ұсыныс, тілек

Табысқа жету баспалдақтары» (мұғалім , ата-ана, оқушы) тақырыбындағы коучингтің рефлексиялық есебі

Мектеп №16 ЖОББМ Коучингкке қатысушылар 30

Мерзімі 15.03.2019 педагог- психолог Т.Г.Ж

Осы коучингте алға қойған мақсатым: Мектеп пен отбасы арасындағы қарым–қатынасты нығайту, кері байланыс жасау арқылы нәтижеге қол жеткізу. Ата –аналардың, мұғалімдердің кері байланыс беру дағдыларын арттыру

Күтілетін нәтиже: Ата–аналар кері байланыстың маңыздылығын түсінеді. Мұғалім мен ата-аналар арасында ынтымақтастық орта қалыптасады. Ата–аналардың мектеппен байланысы артады.

Ұйымдастыру кезінде мұғалімдермен, ата-аналарға бірі-біріне деген жағымды қарым-қатынас орнату үшін «Жылылық сыйлау» жаттығуын өткіздім.

Мақсаты: Әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.

Көршіңді оң жақтан құшақта,Көршіңді сол жақтан құшақта,Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,Сол жақтағы көршіңе бір жымиып, Бүгінгі коучинг барысы.

Біз - үлкен отбасы! тренингінен кейін өзара жағымды қарым-қатынас орнады. Бұдан ары топқа бөлуді жүзеге асыру үшін, Команда жинау Топ шеңберге тұрады. Топ ішінен адам санына қарай бір адам шығады. 4 бастаушы шығып, өзіне адамдардың атын атау арқылы команда жинайды. Команда жинап болғаннан кейін, қатарынан тұрғандары көлденеңінен топқа бөледі. Сол бойынша топқа бөлініп отырады. Топ аттары. Мейірімділік, Табыс , Сенім ,жетістік,

Топқа бөлініп алғаннан кейін, оқушыларға үй тапсырмасы ретінде берілген «менің отбасым суретін» миға шабуыл әдісі ретінде пайдаландым. Оқушылардың өз отбасын салып келген суреттерін «Суреттер галереясы» арқылы ұсынып әр ата-ана өз балаларының суретін табуға тырысты. Оқушылардың аты жасырын түрде жазылған. Тапқан ата-аналарды оң жаққа, қателесіп тапқандарды сол жаққа тұрғызу арқылы сұрақтар қойылды.



Балаңыздың суретін тапқан кезде қандай да бір қиындық кездесті ме?

Өз балаңыздың суретін қалай тауып алдыңыз? Дәл тауып алған ата-ана өздерін суреттен көріп тұрғандарын айтып ой бөлісті. Нұрбике әрине мен өз баламдікін тез таптым, себебі біз отбасында көппіз және үлкен отбасымыз соны баланың суретінен көріп тұрғанын айтты. Қайрат басында көп суреттің ішінен ілініп, тұрғанда ойланып қалдым. Одан кейін үйде баламның салып отырғаны есіме түсіп таптым. Мына суреттегі мен өзім – деп жауап берді. Ата–анамен оқушы арасында байланыстың бар екені байқалды. Келесі тапсырма ата-анамен мұғалімдерге топтық жұмыс ұсынылды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет