Сыныбы 8 «a»
|
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
биология
|
Уразғалиева Мейрамгүл
Атырау қаласы
№11 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Биология пәнінің мұғалімі
|
Сабақ тақырыбы:
|
Ми.Ми бөлімдері
|
Жалпы мақсат:
|
Мидың құрылсымен және оның бөлімдерінің атқаратын қызметін білу
|
Сілтеме:
|
Р.Әлімқұлова, Р. Сәтімбеков,А.Соловьева. Биология 7-сынып «Атамұра», 2007
|
Оқыту нәтижесі:
|
Мидың бөлімдерінің құрылысын, қызметін біледі.
Ақпараттарды саралауға қабілетті сыни ойлауға;
Өзара жүргізілген қатемен жұмыс пен кері байланыстың тиімділігін айқындауға;
Өзіндік дербес шешімдер қабылдай алуға;
Оқыту нәтижесі мен оқушылардың білу, оқу деңгейін бағалауға көмектеседі.
|
Сабақта қолданылатын материалдар:
|
А4 парақтар, үлестірме мәтіндер, сызбанұсқалар, постерлер, желім, интерактивті тақта, слайдтар.
|
Оқыту әдістері:
|
Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер, сыни ойлауды дамыту
|
жеке жұмыс
жұптық жұмыс
топтық жұмыс
|
Психологиялық ахуал туғызу
|
Амандасу
топтастыру
| -
«Нейрон» тобы
-
«Аксон» тобы
-
«Дендрит» тобы
|
Тапсырмалар:
|
Оқыту барысындағы мұғалім әрекеті, жетелеуші сұрақтар
|
Оқушы әрекеті
|
1 тапсырма
«Сұрақ-жауап»
Жеке жұмыс
|
Өтілген тақырыптар бойынша интерактивті тақтадан сұрақтар беріледі: 1.Жуйке жүйесі қандай бөлімдерге бөлінеді?
2.Жұлынның сұр заты неден тұрады?
3.Жұлынның ақ заты неден тұрады?
4.Жұлынның рефлекстік қызметі қандай?
5.Жұлынның өткізгіштік қызметін сипаттаңдар?
6.Жүйке орталығы деген не?
Мысал келтіріңдер.
| -
Өткен оқу материалын еске түсіреді;
-
Жүйке жүйесінің құрылысын пысықтайды салыстырады, салыстырады, қалыпты емес ойлау тәсілдерін қолданады;
-
Рефлекстік және өткізгіштік маңызын айтады;
-
|
2 тапсырма
«Мәтінмен жұмыс»
|
«Ми және ми бөліктері» мәтіні таратылады. Оқушылармен талқыға тарта отырып, оқу мақсатын айқындайды
|
|
3 тапсырма
«Белгілерді ата»
Топтық жұмыс
|
Берілген үлестірме парақтардан ми бөлімдерін, оларға тән белгілерді табу:
-
Алдыңғы мидың үлкен ми сыңарларында қанша бөлік бар және қандай? сыңарлардан тұрады.
-
Алдыңғы ми үлкен ми сыңарларында қандай ?аймақтар бар,олардың орналасқан орнын,қызметін атаңдар?.
-
Жүйке жүйесінің гигиенасын қалай сақтау керек?
-
Мидан тарайтын 12 жұп жүйелердің алдыңғы екі жұбы мен қалған 10 жұбы қайдан шығады,толық сипаттамасын беріңдер?
-
Суретіне немесе мидың нақнұсқасына қарап отырып үлкен ми сыңарларындағы аймақтарды көрсетіп,қызметін түсіндіріңдер.
-
| -
Бұрынғы білімдерін қолданады
-
Бірін-бірін оқытады
-
Топта жүргізілген өзара қатемен жұмыс арқылы ЖАДА тиімділігін көреді
-
Өзін-өзі формативті бағалай алады
|
4 тапсырма
|
Сызбанұсқа бойынша сәйкестігін табу
| -
Бірін-бірі бағалай отырып, тақырыпқа қатысты білімдерін бекітеді
|
Қорытындылау
|
Алдын-ала талданып жазылған оқу мақсатына оралу, бағалау.
|
Жаңа оқу материалына қатысты білімдерін жинақтайды, бағалайды.
|
Бағалау
|
Бағалау парақшасы арқылы топтық бағалау.
|
|
Үйге тапсырма
|
§16 Жүйке жүйесінің гигиенасы.
|
|