Педагогика-адам тәрбиесі туралы ғылым. Педагогика өз атауын гректің «пайдос» бала, «аго» жетелеуші деген сөздерінен алады. «Пайдагогос»



бет1/46
Дата10.05.2024
өлшемі136,66 Kb.
#201935
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Байланысты:
Педагогика 1-70 толық (1)


1. Педагогика-адам тәрбиесі туралы ғылым.
Педагогика өз атауын гректің «пайдос» - бала, «аго» - жетелеуші деген сөздерінен алады. «Пайдагогос» тура мағынасында «баланы жетелеуші» деген ұғымды білдіреді. Ежелгі Грецияда баланы қолынан ұстап жетектеп мектепке апарған құлды «мұғалім» деп атаған.
Уақыт өте келе «педагогика» сөзін қолдану ауқымы кеңейді. Атақты, танымал болған адамдардың есімдерімен қатар, оларды тәрбиелеуші педагогтердің аттары да аталды. Біртіндеп, тәжірибенің жинақталуы баланы оқыту мен тәрбиелеу туралы ғылымның пайда болуына әкелді.
ХХ ғасырдың ортасына дейін осы көзқарас барлығын қанағаттандырды. Тек содан соң ғана білікті педагогикалық жетекшіліктің балаларға ғана емес, ересектерге де қажеттігі туындады.
Педагогика адамның тәрбиесі туралы ғылым деп анықталады. «Тәрбие» термині білім беру, оқыту, дамытуды қоса отырып, кең мағынада қолданылады. «Тәрбие» ұғымының аясының кеңеюі ғылымның тарихи атауымен қарама-қайшылықта. Сондықтан әлемдік педагогикалық лексиконда жаңа терминдер «андрогогика», «антропогогика» терминдері қолданылады.
Педагогтердің ғасырлар бойы жинаған білімдері, тәжірибелері педагогикалық жүйеге айналып, оның ішінен ең тұрақтылары, пайдалылары қалды. Басты міндеті адам тәрбиесі туралы ғылыми білімдерді жинақтау, жүйелеу болып табылатын тәрбие туралы ғылым даму үстінде.
Педагогиканың функциясы адамдарды тәрбиелеу, білім беру және оқыту заңдарын тану және осы заңдардың негізінде педагогикалық практикада қойылған мақсаттарға жетудің жолдары мен тәсілдерін көрсету. Педагогиканың пәні – оқу-тәрбие мекемелерінде жүзеге асатын тәрбие әрекеті. Педагогика қоғамдағы пайда болған тәрбие, білім беру, оқыту мәселелерін шешуге күш салатын қолданбалы ғылым ретінде қарастырылады. Педагогиканың ғылыми таным саласы – тәрбие. Педагогика өзгермелі қоғамдағы тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Педагогика – жалпы адам жайындағы ғылым. Тәрбие – жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлау, оларға қоғамдық-тарихи тәжірибені үйрету процесі.
2.Педагогиканың негізгі ұғымдары
Педагогиканың негізгі ұғымдары – «тәрбие», «оқыту», «білім беру».
Тәрбие – тұлғаны қалыптастырудың мақсатты бағытталған және ұйымдастырылған процесі. Педагогикада «тәрбие» термині кең және тар әлеуметтік, педагогикалық мағыналарда қолданылады. 
Тәрбие кең әлеуметтік мағынада аға ұрпақтың жинақтаған тәжірибесін жас ұрпаққа беруі.
Тәрбие тар әлеуметтік мағынада қоғамдық институттар тарапынан адамда белгілі бір білім, көзқарас, нанымдар, адамгершілік құндылықтар, саяси бағдарлар, өмірге дайындықты қалыптастыру мақсатында бағытталған ықпалы.
Тәрбие кең педагогикалық мағынада бүкіл оқу-тәрбие процесін қамтитын, оқу-тәрбие мекемелерінде жүзеге асатын тәрбиеленушілерде нышандық сапаларды қалыптастыру мақсатында ұжым, тәрбиешілердің арнайы ұйымдастырылған, мақсатты бағытталған және басқарылатын ықпалы. 
Тәрбие тар педагогикалық мағынада нақты тәрбиелік міндеттерді шешуге бағытталған тәрбие жұмысының процесі және нәтижесі.
Оқыту – білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруге, дүниетанымды қалыптастыруға, білім алушылардың ойлауы мен әлеуеттік мүмкіншіліктерін дамытуға, қойылған мақсаттарға сәйкес өз білімін жетілдіру дағдысын бекіту үшін арнайы ұйымдастырылған нысананы көздейтін, басқарылатын мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттесу процесі. Оқыту негізін білім, іскерлік, дағды құрайды. Білім – адамның шынайы болмысты факт, ұғымдар, түсініктер мен ғылымның заңдары түрінде бейнелеуі. Іскерлік – игерген білім, өмірлік тәжірибе мен әдеттенген дағдылар негізінде практикалық және теориялық әрекеттерді саналы, өз бетімен орындауға дайындығы. Дағды – көп рет жаттығу арқылы қажетті әрекеттерді орындау кезінде көрінетін практикалық әрекеттердің компоненттері.
Білім беру – білім алушы меңгерген жүйеленген білім, іскерлік, дағдылар, ойлау тәсілдерінің көлемі. Білімділіктің басты көрсеткіші –адамның өзінің біліміндегі жетіспегенді логикалық пайымдау көмегімен өз бетімен қалпына келтіруге қабілетінен көрінетін білім мен ойлау жүйелілігі. 
Аталған үш ұғым бір-бірімен тығыз байланысты және тәуелді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет