Реферат көрнекті педагогтардың Ұжым туралы зерттеулері. ҰЖым белгілері нығайту қалыптастыру жолдары



бет1/6
Дата23.10.2023
өлшемі294,17 Kb.
#187493
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
реферат


ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
ҒАНИ МҰРАТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСАЙ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

РЕФЕРАТ
КӨРНЕКТІ ПЕДАГОГТАРДЫҢ ҰЖЫМ ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ.
ҰЖЫМ БЕЛГІЛЕРІ НЫҒАЙТУ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ЖОЛДАРЫ

Орындаған: Юлдашева Н.Е.


Қабылдаған: Нарметова Г.Т.
Жоспары:
I.Кіріспе
1.Ұжым туралы ұғым
II.Негізгі бөлім
1.Көрнекті педагогтардың ұжым туралы зерттеулері.
2.Ұжым белгілері нығайту қалыптастыру жолдары
III. Қорытынды


I.Кіріспе
Ұжым туралы ұғым


Ұжым [ лат. collektivus - жинақ ] – ортақ қоғамдық мақсаттар мен міндеттер біріктірген адамдар тобы. Мұндай топқа жоғары деңгейде дамыған бірлескен қызмет барысында қол жеткізіледі.
Ұжым - (nam.collectivus - жинақтаушы деген сөзінен) - бір-біріне әсер ететін, өзара әлеуметтік негізделген мақсаттармен, мүдделермен, өзін ұстаудың нормалары мен талаптарының қажеттілігімен, бірге атқарылатын қызметпен, қызмет құралдарының ортактығымен, басшылық білдіретін еріктің ортақ болуымен біріккен адамдар тобы. Ұжым жай топқа қарағанда дамуы жағынан жоғары. Ұжым белгілеріне адамдардың саналы түрде бірігуі, оның тұрақтылығы, анық белгіленген ұйымдастыру құрылымдары, қызметті реттейтін органдардың болуы жатады.
Ұжымның сипаттмалары
Адам – биоәлеуметтік тіршілік иесі. Ол үшін басқа адамдармен бірігуге, қарым-қатынас жасауға және өзара әрекеттесуге ұмтылу, топта болу, әлеуметтік тәжірибе, басқа адамдарға өзіндік баға беру және топ мүшелерінің бағалауы табиғи нәрсе.
Ұжым дегеніміз – жеткілікті тұрақты өзара әрекеттесетін және белгілі бір уақыт аралығында бірлескен әрекеттерді жүзеге асыратын адамдардың аз санының салыстырмалы түрде оқшауланған бірлестігі.
Топ сыртқы ортамен өзара әрекеттесуге және қоршаған ортадағы өзгерістерге бейімделуге мүмкіндік беретін белгілі бір топтық әлеуетке немесе мүмкіндіктерге ие.
Ұжымға тән белгілері: ұжым мүшелерін және олардың іс-әрекеттерін тұтастай топпен сәйкестендіру, ұжым мүшелерінің тікелей байланыстар түрінде өзара әрекеттесуі, рөлдердің ресми және бейресми бөлінуінің болуы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет