Қостанай облысының іід жол полициясының басқармасы



бет1/7
Дата25.12.2016
өлшемі0,6 Mb.
#4780
  1   2   3   4   5   6   7
Қостанай облысының ІІД Жол полициясының басқармасы
Облыс мектептерінде
Жол қозғалысы ережелеріне оқыту
Бағдарламасы


Бағдарламаны жасаған және редакциялаған Қостанай облысының ІІД Жол полициясы басқармасы ААІҚ бөлімше бастығы полиция подполковнигі С.Ф. Логина


2007 ж./г.

Қостанай қ.
24 тамыз 2007 жылғы

№ 404


Қазақстан Республикасының

оқу және білім Министрлігі

бұйрығына

Қосымша 1




Жалпы Білім мектептерінде 1 – 8 сыныптар үшін

Жол қозғалысы ережелерінің

қалыпты оқу бағдарламасы.

Жол қозғалысы ережелері бойынша 1-ші сыныптан бастап 8-ші сыныпқа дейін жол қозғалысы қауіпсіздігі және медициналық көмек көрсету тақырыптарын қоса отрып, айына екі рет қана жүргізілсін.


Жол қозғалысы ережелерін игеруіне 1-4 сыныптарына жылына әр сыныпқа 18 сағат беріледі, ал 5-8 сыныптарына жылына әр сыныпқа 14 сағаттан беріледі.
Осымен ЖҚЕ бойынша оқу бағдарламсы 1-4 сыныптарында келесі пәндері санағы бойынша өтеді (хат, әуен, қоршаған ортамен танысу, тілді дамыту, сыныптан тыс оқу, дене шынықтыру, бейнелеу өнері, еңбекке баулу) және ай сайын күнтізбе жоспарына енгізу. 5-8 сыныптарында ЖҚЕ сабақтан тыс уақытында сынып сағаттар және факультативтер есебімен өтеді.
Жол қозғалысы ережелерін оқыту сабағы жалпы мектептің бастауыш сыныптары мұғалімдерімен, сынып жетекшілерімен, еңбек сабағы мұғалімдерімен іске асырылады.
Журналда жеке бет толтырылады, онда дәріс тақырыптары жазылады, сабақта болулары туралы белгі қойылады және оқушылар білімінің сабақ бойынша бағалары тіркеледі. Бағалар өлшемі гуманитарлық пәндер бойынша баға қоюдың жалпылама қабылданған нормаларына сәйкес келеді. Әдеттегідей, сабақты сынып жетекшілері жүргізеді және ЖҚЕ оқытып, үйретуге жауапты адам мен әкімшілік бақылауда ұстайды.
2.

ЖҚЕ бойынша оқушылармен дәрістерді арнайы жабдықталған бөлмеде немесе арнайы автоалаңда (мектеп ауласында, дене тәрбиесі залында) көрнекі-оқу құралдарын, жабдықтарды және балалардың көлік құралдарын пайдалана отырып өткізу ұсынылады.

Алаңда өтетін жерлерде: жол қиылыстарында, жүргіншілер өтпесінде жол таңбалары салынады; уақытша немесе тұрақты бағдаршамдар, жол белгілері мен басқа да жабдықтар орнатылады.
Кейбір сабақтарды көшеде, жол қиылысында, алаңда (көлік құралдары қозғалысы мен жүргіншілер жүрісін көрсете отырып), қоғамдық көлікте өткізу ұсынылады.
Дәрістерді, жекелеген әңгімелерді, экскурсияларды және т.с.с. өткізу үшін мұғалім (сынып жетекшісі) жол полициясы қызметкерлерін, көлік құралдары жүргізушілерін тарта алады.
Оқыту және сыныптан тыс жұмыс процесінде оқушыларды көшелер мен жолдарда өздерін саналы ұстауға, жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз орындауға тәрбиелеуге ықпал жасайтын қысқаметражды кинофильмдер, бейнефильмдер, диафильмдер, диапозитивтер көрсетіледі, КТК-лар, викториналар, жүргіншілер мен велосипедшілер қозғалысы қауіпсіздігі жөнінен жарыстар ұйымдастырылады.
Әрбір сабақтан соң бақылау сұрақтары, тапсырмалар көмегімен оқушының Жол қозғалысы ережелерін қалай меңгергендігін анықтайтын тексеріс жүргізу қажет.

3.

1-СЫНЫП




р/т

ай

Сабақ тақырыптары

Сағат саны

1.

қыркүйек

Көше күтпеген жағдайларға толы

2

2.

қыркүйек

Көше күтпеген жағдайларға толы

3.

қазан

Практикалық сабақ (экскурсиялар, үстел үстіндегі ойындар).

1

4.

қазан

Аялдау жолы және қозғалыс жылдамдығы.

1

5.

қараша

Жүргіншілер өтпелері.

1

6.

қараша

Реттелмейтін көше қиылыстары.

1

7.

желтоқсан

Реттелетін көше қиылыстары. Бағдаршам.

1

8.

желтоқсан

Жолдан тағы қай жерде өтуге болады.

1

9.

қаңтар

Автобуста және троллейбуста жүру.

1

10.

қаңтар

Трамвайда және көліктің басқа да түрлерінде жүру.

1

11.

ақпан

Жол белгілері және жолға салынатын таңбалар.

1

12.

ақпан

Ойнауға қай жерде болады және қай жерде болмайды.

1

13.

наурыз

ЖКО кезіндегі жарақаттардың түрлері.

1

14.

наурыз

Жарақаттанғанда өзіңе және жолдасыңа қалай көмектесу керек.

1

15.

сәуір

Сен – велосипедшісің.

1

16.

сәуір

Қала сыртына шығу.

1

17.

мамыр

Жол жүргізушілердің көзімен.

1

18.

мамыр

Қорытынды сабақ.

1




Барлығы:

18




    1. Көше күтпеген жағдайларға толы.

Біз тұратын қала, кент. Мектеп орналасқан шағын аудандағы негізгі көшелер.

Көшеде неліктен қауіпті. Жол қозғалысы ережелерін неліктен білуге және орындауға тиіспіз.

Көше элементтері: жүргін бөлік, тротуар. Жаяу жүргіншілер қоршаулары. Көшедегі қауіпсіздік. Тротуарда қалай дұрыс жүру, жүргін бөлікті қалай дұрыс

кесіп жүріп өту керек.

Мектепке және үйге неғұрлым қауіпсіз жол. Нақты бағдарды талдау.

Бірі екіншісіне көмектеседі (көшені өзің кесіп жүріп өте алмасаң – ересек адамнан көмек сұра).

Көшедегі тәртіп – қауіпсіз қозғалыс кепілі. Мұқият және абай бол!


  1. Практикалық сабақ.

Қалаға (кентке) экскурсия - № 1-2 сабақтарды практикалық бекіту.

ЖҚЕ бойынша үстел үстіндегі ойындар мен жылжымалы ойындар және арнайы автоалаңдардағы сайыстар.

4.


  1. Аялдау жолы және қозғалыс жылдамдығы.

Жүргін бөлікке кенеттен жүгіріп шығу неліктен қауіпті.

Автомобильді қас-қағым сәтте тоқтату мүмкін емес.

Автомобильдің аялдау жолы.

Балалармен болған жол-көлік оқиғаларының мысалдары (жол полициясының мәліметтері бойынша).




  1. Жүргіншілер өтпелері.

Жолды қай жерде кесіп жүріп өтуге болады.

Реттелмейтін жүргінші өтпесі, оның белгілері (жол белгілері, жолға салынған таңбалар).

Екі жақты қозғалыс жолы. Егер жүргін бөлікті кесіп жүріп өтуге үлгермесең не істеу керек. Жүргін бөліктің ортасында тұрған жүргіншінің өзін-өзі ұстауы.

Бір жақты қозғалыс жолы. Қозғалысы бір жақты жолды кесіп жүріп өту ережелері.




  1. Реттелмейтін көше қиылыстары.

Көше қиылысы деген?

Көлік құралдарының көше қиылысындағы қозғалысы. Көлік құралдарының бұрылуы. Жүргізушілер беретін сақтандыру белгілері.

Реттелмейтін көше қиылысының белгілері. Реттелмейтін көше қиылысындағы жүргін бөлікті кесіп жүріп өту ережелері.



  1. Реттелетін көше қиылыстары. Бағдаршам.

Бағдаршам не үшін қажет?

Бағдаршам белгілері: қызыл, сары, жасыл. 3-секциялы бағдаршам қалай жұмыс істейді.

Бағдаршамы бар көше қиылысында жолды қалай кесіп жүріп өту керек.

Жүргінші бағдаршамы және оның белгілері. Дыбыстағыш қондырғысы бар жүргінші бағдаршамы.




  1. Жолды тағы қай жерден кесіп жүріп өтуге болады.

Жер үстіндегі және жер астындағы жүргінші өтпелері, олардың белгілері.

«Жер асты жүргінші өтпесі», «Жер үсті жүргінші өтпесі» жол белгілері.

Мұндай өтпелердің барлығы кезінде жолды кесіп жүріп өту ережелері.

Жүргіншілердің арнайы дабыл белгілері қосылған көлік құралдары (көк жарқылдауыштары және дыбыс дабылдары) жақындаған кездегі іс-әрекеттері.


5.


  1. Автобуста және троллейбуста жүру.

Қандай көлік құралдарын бағдарлық деп атайды?

Қала бағдарлық көлігі: автобустар, троллейбустар, трамвайлар, бағдарлық таксилер.

Автобустың және троллейбустың аялдамасы, олардың белгіленулері. Аялдамаға қалай дұрыс өтуге болады. Аялдамада өзін-өзі ұстау ережелері.

Автобус және троллейбус жолаушыларына арналған көлікке кірер кездегі, салон ішіндегі және шығар кездегі ережелер.

Автобустан немесе троллейбустан түскен кезде жүргін бөлікті кесіп жүріп өту ережелері.


  1. Трамвайда және көліктің басқа да түрлерінде жүру.

Трамвай аялдамасы. Оның белгіленуі, трамвай аялдамасының автобустікінен айырмашылығы.

Трамвай аялдамасына қалай өту керек. Трамвай аялдамаларында өзін-өздері ұстау ережелері.

Трамвай жолаушыларына арналған кіру кезіндегі, вагон ішіндегі және шығу кезіндегі ережелер.

Трамвайдан түскеннен кейін жүргін бөлікті кесіп жүріп өту ережелері.

Бағдарлық таксилер. Оның бағдарлық автобустан айырмашылығы. Бағдарлық таксилерді қалай дұрыс пайдалануға болады.

Жеңіл автомобильді пайдалану ережелері (кіру, жүру, шығу).




  1. Жол белгілері және жолға салынған таңбалар.

Жол белгілері мен жолға таңба салудың мақсаты.

Жол белгілері: «Жүргінші өтпесі» (ақпараттық-көрсеткіштік).

«Жер асты жүргінші өтпесі», «Жер үсті жүргінші өтпесі», «Автобус және (немесе) троллейбус аялдамасының орны», «Трамвай аялдамасының орны», «Жүргіншілер қозғалысына тыйым салынады», «Жол жұмыстары» (барлығы 7 белгі).


  1. Ойнауға қай жерде болады және қай жерде болмайды.

Жолдың жүргін бөлігінің жанында, жол жұмыстары жүріп жатқан жерлерде, көлікте ойнаудың қауіптілігі.

Ойнауға және өздігінен жүретін құралдарда жүруге және т.б.арналған жерлер.

Егер доп жолдың жүргін бөлігіне домалап кетсе не істеу керек.


  1. ЖКО кезіндегі жарақаттардың түрлері.

Жарақаттар түрлері: сынықтар, ауыртып алулар, жаралар, күйіктер және т.с.с.

Жүргіншіні соққан кезде алынатын жарақаттардың негізгі түрлері.

Жолаушылардың кабинада немесе автомобиль салонында отырғандарында алатын негізгі жарақат түрлері.

Велосипедшілерге тән жарақат алу.

6.


  1. Жарақаттанған кезде өзіңе және жолдасыңа қалай көмектесу керек.

Қан ағудың түрлері: артериалдық, веноздық, капиллярлық.

Қан ағуын тоқтату тәсілдері.

Байлап-орау түрлері.


  1. Сен – велосипедшісің.

Велосипед тарихы, оның жалпы құрылымы.

Велосипед туралы онымен жүргенде қауіпсіз болу үшін нені білу керек.

14 жасқа дейін велосипедте қай жерде жүруге болады.


  1. Қала сыртына шығу.

Қала сыртындағы жол элементтері. Жол жиегі, жүргіншілер жолы – жүргіншілер жүруге арналған жерлер.

Қала сыртындағы жолмен жүргіншілер қозғалысы ережелері.




  1. Жол жүргізушілердің көзімен.

Жолдың жүргін бөлігі – жүргізушілердің жұмыс орны.

Жол-көлік оқиғалары (ЖКО) неліктен болады?

Жүргізуші тәртіп бұзған жүргіншілерді қалай көреді?


  1. Қорытынды сабақ.

ЖҚЕ туралы диафильмдер, бейнефильмдер, слайдтар көру.

Қорытынды шығару (тестілеу)



7.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет