Коучинг тақырыбы



бет1/2
Дата05.02.2020
өлшемі131,95 Kb.
#57200
  1   2
Байланысты:
Коучинг тақырыб1


Коучинг тақырыбы

Кері байланыс арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін дамыту

Жалпы мақсат

Мұғалімдердің оқытудағы кері байланыс берудің тиімділігіне көз жеткізу. Кері байланыстың түрлерін үйрену.

Сілтеме

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 26-28-бет

Үлестірмелі материал

ОүБ әдістемелік көмекші.

Интернет материалдары



Оқу нәтижесі

Мұғалімдер жаңа әдіс-тәсілдер үйренеді, тәжірибелеріне енгізеді.

Мұғалімдер кері байланыстың берудің тиімділігін,түсінеді маңыздылығын талдайды,оны жүзеге асыру жолдарын үйренеді.


Ынтымақтастықта жұмыс істеуді ұйымдастыруды үйренеді

Ресурстар

Бейнежазба, презентация, түрлі-түсті қағаздар, скотч, қайшы,тапсырма парақшалары, постер, маркер, қалам, стикер, смайликтер

Оқыту әдістері:

  1. «Бақыт дәлізі»

  2. Топтастыру

  3. «Қара жәшік»

  4. «Мақсат ағашы»

  5. Бейнеролик



КОУЧИНГ БАРЫСЫ




Негізгі жұмыстар, уақыты

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті



І.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу

(3 минут)


  • «Бақыт дәлізі» сергіту сәті. Жадыра өзіңізді қалай сезіндіңіз? Әріптестеріңіздің айтқан комплименттері сізге қалай әсер етті? Қалай ойлайсыз сіз сондай комплиментке лайықсыз ба?




  • Қима қағаздар бойынша топқа бөлу.




Коридорға шеңбер құрып тұрып, 1-2-ге санап, екі топқа бөлініп тұру.Қарама-қарсы орналасқан топтар бір-бірінің тұсындағы мұғаліммен қолдарын жоғары көтеріп дәліз құрайды. Соңынан келген мұғалім сол дәлізден өтеді.Дәліз жасаушылар оның құлағына сыбырлап комплимент айтады.Осылайша дәліз жасаушы мұғалімдердің барлығы құлағына сыбырлап айтқанша дәлізден өтеді. Мұғалімдер кезектесіп дәлізден өтеді.

Сынып бірдейлігіне қарай топқа бөлінеді.






І тапсырма

(5минут)
БІЛУ




  • Тақырып пен мақсатты білдіру.

  • «Қара жәшік» Ішінде не бар? Слайдтан ішінде болады ау дейтіндей сілтеме көрсету:

-бұл абстрактілі дүние

-ол әр сабақтың ішінде болуы тиіс

-сабақ барысындағы әрекеттерге әсер етеді

-Ол сабақтың жақсы болуына мүмкіндік береді –деп түрткі сұрақтар арқылы коучинг тақырыбын анықтау

Олай болса коучингіміздің тақырыбы: «Кері байланыс арқылы бастауыш сы- нып оқушыларының танымдық қабі- леттерін дамыту» Мақсатымызды бірге анықтап алайықшы деп, әр топқа мақсатты анықтату.


  • Мақсат ағашы

Қазір мен қай деңгейдемін?

-Болашақта қай деңгейде болғым келеді?



  • «Оқушылар дәптеріндегі қызықты ескертулер» бейнефильмін көрсету.

- Бейнефильм жайында не айта аласыңдар?

-Мұндай жағдай бастарыңыздан өтті ме?




Жасалған жұмыстарға ой жүгірте отырып, тақырыптың кері байланыс екендігін, оның түрлері мен әдістерін меңгерту мақсаты көзделгендігін мұғалімдер өздері айтады.



Мұғалім өзі туралы сыни ойлана отырып өзінің қазіргі және болашақта болғысы келетін деңгейлерін "мақсат ағашында" бейнелейді


Кері байланыста сөздің әсерін ұғынады.




ІІ тапсырма

(15минут)
ТҮСІНУ



  • Мұғалімдерге оқытуда кері байланыстың маңыздылығы туралы мәлімет беру. Презентация көрсету.

  • Мұғалімнің өздеріне кері байланыс жасату үшін оқушы жұмысын беріп, жазбаша кері байланыс бергізу.

  • Ауыл суретін салып, бағалату

  • Диктантты бағалау

  • Кітаптан диктантқа, бақылауға жасалған кері байланыстарды көрсету.




Мұғалімдер кері байланыс, оның түрлері мен әдістері туралы түсінеді.

Таратылған оқушы жұмысына кері байланыс береді. Қалыптастырушы бағалаудағы жазбаша кері байланыс жасайды.


Коуч салған суретке кері байланыс жасайды.

Оқушы диктантын бағалайды.

Әр оқушыға ерекшелігіне қарай жеке қарым-қатынас жасау керектігіне көз жеткізеді








  • Сергіту сәті «Өзіме,көршіме»






ІІІ тапсырма

( 10 минут )
ҚОЛДАНУ


Әңгіме беріп, «Дананың кілттері» арқылы талдату.

  • Талдау барысында ауызша кері байланыс жасап тұру. Сын айтпай, мадақтау арқылы, жест арқылы, қол соғу, смайлик арқылы әр пікір айтушыны қолдап тұру. Өзінің әрекетінің барлығы кері байланыс екенін арасында айтып тұрады.

.


«Дананың кілттері» әдісі арқылы берілген әңгімені талдайды. Кері байланыстың қандай түрі жүзеге асқанын анықтайды.




ІҮ тапсырма

( 15 минут )


ТАЛДАУ


  • Тренинг. Көбелек жасау.

  • Басқа топтың көбелектерін бағалау - түрлі смайликтерден біреуін таңдап, неге осындай смайликпен бағалағандарын түсіндіру қажеттігін айту.



Тыңдаушылар түрлі-түсті қағаздар, скотч, қайшы көмегімен көбелектер жасайды. Әр мұғалім өз көбелегін қорғайды.

Қалыптастырушы бағалаудағы ауызша кері байланысты ұйымдастыру






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет