«Үшарал қаласының №1 орта мектебі» К М М
2020-2021 оқу жылында 11 «Ә» сынып оқушыларының қорытынды емтиханға арналған қазақ тілі пәнінен жазбаша емтихан жұмысының (эссе) талдауы
2020 жылдың қараша айынан бастап 11-сынып оқушыларын қорытынды емтиханға дайындық басталды. 11- сынып оқушыларын қорытынды емтиханға қазақ тілі пәні бойынша аптасына 1 сағат қараша айынан бастап өткізіліп келеді. Жалпы сыныпта оқушы саны-21. Оның ішінде жазба жұмысын орындаған – 20 оқушы. Жазба жұмысын жазудағы білім сапасы – 40 пайызды құраса, үлгерімі - 75 пайызды құрап отыр. «5» баға алған - 2 оқушы, «4» баға алған – 6, «3» - 7, «2» баға алған – 5 оқушы.
Жазба жұмысының тақырыбы «Отбасы тәрбиесі» газет мақаласы мен «Бүгінгі қазақ отбасындағы бала тәрбиесінің өзекті мәселелері» ғаламтор мақаласынан үзінді беріліп, екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікірлерің пайдаланып, «Отбасындағы бала тәрбиесінің бүгіні мен ертеңі» деген тақырыпта эссе жазу берілді. Эсседегі сөз көлемі 200-250 сөз болуы қажет екендігі түсіндірілді. Қазақ тілінен жазба жұмысына талдау барысында оқушылардан жиі кездесетін қателіктер орын алды. Атап айтсам: Оралбекұлы Абылайхан, Нуримбеков Наиль, Сабыржанұлы Исатай, Мухтаров Жанбол, Турганов Арсен. Жазба жұмысын жазу барысында алынған тақырып бойынша оқушының көзқарасы ашылған, оқушының жеке позициясы көрінеді, терминдерді орынды, сауатты қолданған, алайда оқушылардың жазған жұмысында кейбір жерде тым қарапайым мысалдар көп, ауызекі сөздер, грамматикалық қателіктер де кездеседі. Келтірілген мысалдар оқушы қөзқарасына қайшы, қорытындылау, түйін шығару деген жоқ. Логиканың жоқ болуы туындап отыр. Жазба жұмысын сапалы жазуы үшін алдын алу мақсатында аталған оқушылармен жұмыс жүргізілуде. Оқушымен жұмыс істеу жоспары құрылып, қосымша сабақтар өткізілді. Қосымша сабақтар әр оқушының біліміндегі кемістіктерді анықтап, олармен жазба жұмысын жазудағы кемшіліктерді жою көмек беріліп келеді. Оқушылармен сабақтан тыс уақыттарында қашықтықтан әр тақырыптар бойынша тапсырмалар орындалып келеді. Осындай жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде кейбір оқушыларда едәуір ілгерілеушілік байқалды, кейбір оқушылар әлі де болса жазу үлгісі мен сауаттылығын дамытуда көптеген жұмыстар, жеке тапсырмалар, күнделікті бақылауларды қажет етеді. Оқушылардың ой-өрісін, сөйлеу сауаттылығы мен тіл байлықтары жағынан да бірқатар еңбектену керек. Келешекте осы оқушылармен қосымша сабақтарды жалғастырып, ата-аналарымен бірлесе жұмыс істейтін боламын.
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі: Ж.А. Алипова
11 «Ә» сынып оқушыларының қорытынды емтиханға арналған қазақ тілі пәнінен жазбаша емтихан жұмысының (эссе)
диаграммасы
Достарыңызбен бөлісу: |