Критериалды бағалаудың артықшылығы неде?



Дата07.02.2022
өлшемі464,73 Kb.
#82877
Байланысты:
блумммм


Silkway халықаралық университеті
СӨЖ
Критериалды бағалау ұғымын анықтау және оның оқу-танымдық құзіреттілікті қалыптастырудағы рөлі

Қабылдаған: Мамырбаева Бағила


Орындаған :Жанболат Сымбат

2020-2021








Критериалды бағалаудың артықшылығы неде?
17.04.2020
Қазіргі уақытта еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеттерінің бірі – білім берудің ұлттық модуліне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап беретін мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім беру. Яғни, білім берудегі қазіргі мақсат: өзінің және қоғамның мүддесіне өзін-өзі белсенді етуге дайын, әрдайым өзгермелі даму ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті, шығармашыл, білімді тұлғаны қалыптастыру.

Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Көптеген жылдар бойы оқушы жетістігі басқа оқушымен салыстырмалы түрде бағаланып келді.
Осы орайда, мен сабақта критериалды бағалау технологиясын қолданудың артықшылығына тоқталғым келеді. Критериалды бағалау жүйесінің мақсаты – бағалау критерийлерінің негізінде білім алушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну. Критериалды бағалау – бұл оқушылардың білім мазмұны мен мақсаттарына сай, оқу-танымдық құзіреттілігін қалыптастыруда нақты анықталған, ұжыммен қалыптастырылған, алдын-ала оқушылардың барлығына белгілі білім жетістіктерін бағалауға негізделген үдеріс. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналасуға ынтасын оятады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үрдісінің ажырамас бөлігі болып табылады. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл немесе баға қоймастан оқу үрдісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін, оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерім туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі.
Критериалды бағалау жүйесінің міндеттері:

  1. Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту;

  2. Жүйелі кері байланыс орнату арқылы білім алушылардың өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруына жағдай жасау;

  3. Бірыңғай стандарттарды, сапалы бағалау құралдарын, механизмдерін қалыптастыруға көмектесу;

Критерий арқылы бағалаудың оқыту үшін маңызы неде?
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі: алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы; анық, айқындылығы; бағаның әділдігі; өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі.
Критериалды бағалау жүйесінің мүмкіндіктері:

  • Оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау;

  • Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы;

  • Әрбір оқушының жеке даму траекториясын бақылау;

  • Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыру;

  • Оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау;

  • Оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз ету.

Критериалды бағалау артықшылықтары: Оқушының тек қана жұмысы бағаланады. Жұмысын бағалау алдын –ала ұсынылған критерийлерге негізделеді. Бағалау алгоритмі оқушыларға алдын-ала беріледі және оқушы нақты не мақсатта жұмыс істеп отырғанын біледі. Оқушыға өзінің білімділік деңгейі анық көрініп тұрады. Критерий арқылы бағалау мұғалімнің оқушы деңгейін анық біліп отыруына мүмкіндік береді, білім берудің сапасы артады.
Критериалды бағалау технологиясының артықшылығы: нақтылық, әділдік, ынталандыру, белсенділікке жұмылдырады. Критериалды бағалау технологиясының оқытуды жақсартудағы 5 қағидасы мыналар:

  • Оқушылармен кері байланысты тиімді қамтамасыз ету.

  • Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы.

  • Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгерту.

  • Оқушылардың өзін-өзі бағалауы.

  • Өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсіну қажеттігі.

Критериалды бағалау бүгінгі білім беру жүйесінде зор маңызға ие. Өйткені қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынасу, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Критериалды бағалау бұл мақсаттар мен міндеттердің барлық талаптарына сай орайластырылған.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет