Күтумен кешкен ғұмыр Б. Нұржекеев



Pdf көрінісі
Дата17.11.2023
өлшемі295,45 Kb.
#191630
Байланысты:
Kutumen-keshken-gumir
108, Istoria bolezni po ftiziatrii Pervichny tuberk, 6 сынып Экология[1], 9.12.9-сынып, 12.12. 9-сын.


М.Б.Шындалиева 
Филология ғылымдарының докторы, профессор 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ, Қазақстан 
Күтумен кешкен ғұмыр 

Б.Нұржекеев 
Бексұлтан Нұржекеевтің “Күтумен кешкен ғұмыр” романы қазақ 
халқының ӛткен ӛмір шындығын, ХХ ғасыр басындағы қазақтың рухани 
тынысын ӛзек еткен туынды. Роман “Ойда жоқта ұшырасқан келіншек”, 
“Тағы да ойда жоқта ұшырасқан басқа келіншек”, “Жайма базардағы 
жолығыс”, “Қыз алып қашу”, “Үзілмей келе жатқан үміт”, “Отыз тоғыз жыл 
ӛткенде” деген бӛлімдерден тұрады. Романда ӛнер адамдарының ӛзара 
қарым-қатынасы, жастарды ӛнерге баулудағы ақын-әншілердің рӛлі 
нанымды бейнеленеді.
Романның басты кейіпкері Әтіке жастайынан ӛнер қуған, ән айтқанда 
даусында зәредей міні жоқ әнші болып танылады. Жазушы Әтікедей әншінің 
қайталанбас, дара бейнесін жасаған дей аламыз. Қаһарманның әлеуметтік 
ортасы, басқа ӛнер адамдарымен байланысы туралы мағлұмат кӛп, әншінің 
шаттығы, қайғысы соншалықты әсерлі, кӛп хиқаялар айтылып, құрғақ әңгіме 
күйінде емес, сәйкес бояулармен суреттеуде қаламгер даралық танытады. 
“Күтумен кешкен ғұмырдың” авторы даланың қарапайым тіршілігін
сахараның ӛз заңдылықтарын жақсы біледі деуге болады. Бірақ бұл романда 
байқалған кемшін тұсы - ӛнер тақырыбында жазылған басқа шығармалардың 
кӛлеңкесінде қалып, тың қаһармандарға, оқиғаларға жаңаша кӛзқараспен 
баға беру жағы жетіспейтін сияқты. 
Дегенмен, шығарма ішінде кейіпкерлер ісі мен әрекеті оқушыны 
әсерлендіріп, қаһарманның дара мінезінің ашылуы, ішкі толғанысынан 
кӛрініп отырады. Жас әнші Әтікенің сый-сияпатының олқы, атағының ауыл 
үйден аспай жүргендігін білген Айсары болыс әншінің ӛз аулына кӛшіп 
келіп, ӛнерін жәрмеңкеде кӛрсетіп, жұрт жинауға кӛмектесетініне уәде алып, 
болыс сый-сияпатты аямай беріп, кӛндіреді. Айсарының айтқан сӛздері 
алтынның буындай әсер еткенін жазушы былай суреттейді: “Қалай қарғып 
тұрғанын Әтіке ӛзі әлі түсінбейді. Әйтеуір, мұны Айсарының сӛзі сиқырдай 
арбады. Шат сезім шалқыған ӛрттей лап қойып, ой-санасын қуаныш 
тасқынымен кӛміп тастады. Басы мен аяғын бірден болжай қою да қиын, 
әйткенмен ӛңі түгіл, түсіне де кірмеген үлкен бір бақ-дәулеттің басына 
қонғалы тұрғанын анық түсінді. Болыс екеуі тӛс қағыстырып, бір қауым 
тұрды. Жұрт дабыра болып, баталы сӛздер борап кетті. Ғұмыры кӛрмеген 
қошеметтен Әтікенің басы айналды. Кӛз алдындағы сый-құрмет кӛңіліне 
сыймай, осының бәрі ӛңі екеніне сенер-сенбес дүдәмал халден кӛпке дейін 
айыға алмады.”,- осы сезімнен ата қонысы Аққайқыға жеткенде ғана кӛңілі 


ойран-ботқа болып бұзылып, атақтың буы ақылынан алжастырғанын әнші 
бірақ түсінеді. 
Романда Жайту деген кейіпкер бар. Оның іс-әрекеті бӛлек, жан 
шошитын әрекеттер жасайды. Әтіке Қайныкешті алып қашып келе жатқанда, 
артынан қуып жетіп, тартып әкетеді. Қызды ӛз інісі Байтуға апарып беріп, 
жайбарақат ұйқыға кеткенде бір топ жігіт қызды тартып әкетеді. Жайтудың 
алты жасар баласы Тӛребек болған жайды хабарлай келгенде кісі жаны 
түршігерлік оқиға болғаны былай суреттеледі:
“- Байту ағамның басын жарып, әкелген қызын тартып әкетті. 
Жайтуға баласының жүзі жадырап тұрғандай кӛрінді. 
-
Жетесіз ит, шүйінші сұрап келдің бе менен? 
Байтудың барып ит терісін басына қаптағысы келді. Оған деген ызасы 
шегіне жетті. Жолында тұрған Тӛребекті жағасынан алып жұлқып лақтырып 
жіберді. Адымдай беріп арт жағында әлдененің бырш ете қалғанын естіді. 
Қарағысы келмей қасарысып, қырын ғана кӛз салды. Аяқ-қолын бауырына 
жия алмай, ӛңкиген қара тастың үстінде Тӛребек сұлқ жатыр екен. Жүгіріп 
барып бас сала жаздады. Жылап бара жатқан жүрегін зыр ете қалған суық ой 
сап тоқтатты. ... Ішіндегі удай ӛкінішті басу үшін де барынша ақырды: 
-Аттан! Ӛлтіріп кетті! Қанға қан! Қан!”.
Бұл оқиғаның тарихи негізі болмаса да автор қиялының жемісі 
нанымды шыққан деуге болады. Қиын-қыстау кезеңде ӛз баласын ӛзі ӛлтіріп 
алған Жайтудың тоңмойындығынан туындаған жантүршігерлік әрекеттер 
бұдан кейін де романда ӛрби түседі. Әтікенің жоғалып кетуі, Сейітбатталдың 
кісі қолынан ӛлуі Жайтудың тікелей қатысуымен жүзеге асырылады. 
Бұл роман барысында автор табиғатты суреттеуде қаһарман жан-
дүниесіне үңіле отырып, дербес ӛмір суреті мен табиғат заңдарының сипатын 
орайластыра суреттейді. Туып-ӛскен жерін топ жылқыға айырбастаған Әтіке 
әнші үшін дүние тар қыспақ, тау да, ағынды су да тарылып кеткендей әсер 
етеді. 
“Еңсеңді басып келе жатқан екі бүйірдегі жақпар таулар кенет үркіп 
кеткендей, кеудесін кейін тартып ала қояды. Содан кейін-ақ ілгерілеген 
сайын таулар шалқая қашып, қашақтаған тӛбелері аласарып, айналаң 
ашылып сала береді. Бірте-бірте жол таудың сағасына қарай тырмысып
ӛрлей келе сай табаны жайдақтап, келе-келе алдыңнан дӛңгеленген кең 
жазық шығады”,- бұл тұста табиғат суреті мен кейіпкердің күйініші күрсініс 
деміндей әсер береді. 
Шығарманың тағы бір орталық кейіпкері – Қайныкеш. Оның тағдыры
қым-қиғаш, тағдыр сынына шыныққан, ӛмір шындығынан ойып алынған 
бейне. Қайныкештің таза махаббаты, Әтікемен қашуының ӛзі саналы 
батылдығы деуге болады. Қайныкеш ӛмір бойы Әтікеге деген махаббатты, 
құштарлықты аңсаумен ғана ӛтеді. Ӛмірдің қызығы бала болса, сол баланы 
сүйгенінен емес, ӛзін зорлап қосылған адамнан сүйеді. Тағдыр тәлкегіне 
кӛнбіс әйел қартайғанда ӛмір дағдысын ӛзгертіп, қырық жыл бойы аңсаған 
адамды кӛруді армандауында анау айтқан ерсілік жоқ сияқты болып кӛрінеді: 
“Қырық жыл тірі деп күтіп ӛлі екеніне енді ғана кӛзі жеткеніне ӛкінді. Ағыл-


тегіл егіліп жыласам мына үнсіздіктен сол жеңіл болар деп ойлады. Ӛйтіп 
жылауға ұяты жібермеді. Жұрттың оны ерсі кӛретінін түсінді. Кӛз жасын 
үнсіз ғана ұрлана сүртті. Мұнша жыл күтіп, мұнша жыл үміттеніп содан 
ӛзіне әл-қуат алып жүрген қария жүрек біресе жиілеп соғып, біресе тоқтап 
қала жаздап, жүрісінен жаңылған жорғадай шоқырақтап кетті”- деген 
түйіннен Қайныкеш тұлғасының жан-жақты ашылғанын кӛреміз. 
Тағы бір ескеретін жай романда Айсары болыс пен Үмбетей қажы 
портреттері сәтті шыққан деуге әбден болатын сияқты. Айсары романның 
ішінде қоғамға пайдасы бар, ӛнерді түсінетін, ӛнерпаздардың жанашыры 
ретінде кӛрінеді: “Әлденеге іштей түйіліп, екі беті бұртиыңқырап, шегір 
кӛздері сыр бүгіп кісінің бетіне сырғи қарайды. Онсыз да аласа бойы тӛртбақ 
тартып, кейпі тап бір бейқам торғайды бас салғалы жиырыла қалған әбжіл 
мысық тәрізді. Шегір кӛздері қараған кісісіне шегедей қадалады. Денесінің 
толықтығы мен бойының быртықтығын жүзінің ӛткірлігі басып, байқатпайды 
тіпті. Тӛңірегіндегілер бүкшие бұғып, еңкіш тартып оның аласалығын тым 
аңғарта бермеуге де тырысатын секілді”, - деген жолдардан елдің атын екінің 
бірі шығара бермейтінін түсінген Айсары болыс Әтікенің ӛз елін тастап 
кӛшіп келуін ӛтінуінде үлкен мән бар екені түсінікті жайт. 
“Күтумен кешкен ғұмыр” романында Қошқар руының бірден-бір белді, 
беделді адамы, біреуді қарпып, біреуді тарпып ӛмір сүріп келе жатқан 
Үмбетей қажы портреті сәтті жасалған. “Қажының қазіргі тұрқы тӛбенің 
үстіне қадап қойған қарақшы тастан аумайды: серейген күйі сіресіпті де 
қалапты. Үмбетей – денесі зор, еңселі кісі. Бет әлпетінің ӛзі кішігірім 
баланың тӛсіндей. Жақ сүйектері де жӛушенді кісінің жауырын қақпағындай 
жап-жалпақ. Сынған тостағанның қақ жартысы құсап қабақтары үңірейіп 
шүңет кӛзін шым тереңде жатқандай қарауытып кӛрсетеді. Бүкіл бітім 
тұлғасының ірілігі кӛз алдыңа алқ-салқ еткен атан түйені елестетеді”,- деген 
жолдардан бедел салмағын ӛзі де білетін қажының бейнесін жасауда 
жазушы жасандылыққа бармай, қайсыбір кемшіліктері мен осал жақтарын да 
қалт жібермей, шүбә тудырмайтындай етіп кескіндеген деуге болады. 
Б.Нұржекеевтің “Күтумен кешкен ғұмыр” романы ӛнер тақырыбына 
арналған, екі адам арасындағы махаббат тақырыбын ӛзек еткен ӛмір бойы 
сүйгенін бір кӛруді армандап ӛткен әйелдің құнды моральдық-адамгершілік 
қасиетін сәтті суреттеген шығарма. 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет