Курстық ЖҰмыс тақырыбы: Қазіргі кездегі аула клубтары қызметінің өзекті мәселелері. Орындаған



бет1/8
Дата06.03.2023
өлшемі64,21 Kb.
#171178
түріСценарий
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Курстық жұмыс (копия);жамалай


М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Мәдениет және өнер факультеті
«Хореография және мәдени-тынығу жұмысы» кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қазіргі кездегі аула клубтары қызметінің өзекті мәселелері.




Орындаған: Мәдени-тынығу жұмысы
мамандығының 3 курс студенті
Мұратханова.Ж.М
Тексерген: оқытушы, магистр
Еслямғалиев.А.М


Орал,2022 ж
Мазмұны


Кіріспе…………………………………………………………………………..3


I.тарау. «Аула клубы - тәрбие орталығы»
1.1. Аула клубы туралы жалпы түсінік........................………………………..7
1.2. ……12 аула клубтары қызметінің құрылымы
II.тарау. Қазақстандағы ауқымды аула клубтары.
2.1. …………………………………………………….16
2.2. .………..19


Қорытынды.…………………………………………………………………..31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..………………………………………….32

2
КІРІСПЕ


Қазіргі қоғамда бұқаралық жұртшылықтың қатысуымен қоғамдық, әлеуметтік өмірдің барлық салаларында нағыз әрі шынайы мәдени-рухани әрекет басталды. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өз әдебиетіміздің, өз мәдениетіміздің асыл қазынасын жарыққа шығарып, жастарымыздың бойында ізгілік пен сенімділік сезімдері рухани мәдениет ұшқындарымен астасып жатқаны мені қуантады.Бүгінгі таңда бұқара халықтың көңілін тауып, жарқын әсер сыйлауда мерекелік іс-шара ұйымдастырушылардың сценарий жазу әдістері мен оны халыққа жеткізу, сахналау заңдылықтары жаңаша түрлеуде. Болашақ ұйымдастырушы маман замана талабын ескере отырып, өз ісінің кәсіби шебері болуда қарапайым сценарий жазу кезеңдері мен режиссура элементтерін, бұқара халықтың тілек, қалауын ұғына білуі тиіс.


Сценарий шеберлігі негіздері пәні – мамандану өнері, мәдени - тынығу жұмысын ұйымдастырушылардың әртүрлі іс-шаралар сценарийімен шығармашылық жұмыс жүргізу әдістерін меңгеруге, көркем және деректі материалдарды талдау қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыруға лайықталған пән болып табылады.Студенттер сценарийлік өнерге қатысты негізгі ұғымдарды танып-білуімен қатар, драматургиялық анализ жасау дағдыларын игеруі, курсқа арналған арнайы әдебиеттермен жұмыс істей алуы, этюд пен әңгіме, түрлі тақырыптарда монологтар жаза білуі, той- мерекелік, салт-дәстүрлік қызмет саласында сценарийлік талдау жасай білуі – пәннің басты міндеттері болып табылады.
Шеберлік дегеніміздің өзі – тар шеңберде алғанда, адам бейнесі, табиғат көрінісі, қимыл, іс-әрекет сияқты әдебиеттік түрлі образдарды жасау үшін қажетті сөздеріді талғап, ұқыптылықпен қолдана білу. Мұндай образдарды жасау үстінде сұрыпталатын сөздерге әрқашан да жаңа мағына, қосымша реңдер берілетіні белгілі. Сөздердің ондай жаңа қосымша мағынасы мен реңдері образды ойды эстетикалық жағынан байытып отырса ғана құнды болмақ.
Образды ой дегеніміз – суреттелетін зат, құбылыстың формасын сөз арқылы шебер бейнелей білу.
Тіліміздегі басқа стильдерге қарағанда, көркем сөз стилінің аясы кең. Тілдік тәсідер көркемдік мақсатта жұмаслады. Образды сөздер жиі қолданылады. Әр жазушының өзінің талғамына қарай тіл ерекшелігі, қолдану тәсілі болады. Ол ерекшеліктердің бәрі бір-бірімен арақастынаста болып, көркем әдебиет стилінің басқа стильдерінде қайталанбайтын, айрықша жүйесін жасайды. Сондықтан сценаристің өзіндік жазу стилі мен жазу машығы қалыптасқаны жөн. Ол драматургияны танып білген, драма жанрларын талдай алатындай ниетті қалыптасыру мен көп оқып, жазуды игеруі тиіс. Сценарий – театрланған мерекелік әрекеттің әдеби-режиссуралық әдеби талдамасы.

3
Сценарий талдамасына автордың түпкі ойы мен тақырып таңдау шеберлігі де кіреді. Сценарий жазуда басты нәрселер болып тақырып пен идеяны айтамыз.


Тақырып – қандай да бір шығармадағы жетекші ой. Тақырып автордың туындысындағы бастапқы жетек болып саналады.
Идея – автордың жоғарғы айтайын деген ойы. Драматургиялық шығармалар сияқты сценарийдің басы, ортасы, аяғы болып тұтас бір композициялық құрлымға бағынатыны рас. Драматургиялық құрылымға экспозиция, байланыс, негізгі әрекет, шиеленіс, шарықтау шегі, шешім жататындығы белгілі. Тек оны тәжірибе жүзінде көркем шығармалар арқылы талдау қиынға түсіп жататыны бар.
Бүгінде «Бұқаралық қойылымдар», «бұқаралық мереке», «бұқаралық жұмыс формалары» және т.б. терминдері кең таралған. Мұндағы басты бұрыштағы бұқаралық (массовый) сөзі құбылыстың аса маңызды функцияларының бір де бірін бейнелей алмайды. Бұл ұғым үгіт-насихаттық көркемдік қойылымдардағы, әдеби-музыкалық композициялардағы және тақырыптық концерттегідей т.б. халықтың аз шоғырланған ауқымын қолдай алмайды.Мақалаларда және оқу құралдарында «клубтық драматургия» термині де кездеседі.Мұнда авторлар үгіт-насихаттық көркемдік қойылымдардың, әдеби- музыкалық композициялардың, тақырыптық концерттердің және тіпті бұқаралық театрландырылған мерекенің сценарилерін меңзейді.
«Клубтық драматургия» термині («клубтық қойылым» және «клубтық пъеса» терминдері сияқты) ХХ ғасырдың 20 жылдары мәдени-ағарту орындарының нақты міндеттерін орындауға байланысты пайда болды.Бұл ұғымның ауқымы кең және жеткілікті анықталғандығымен ерекшеленеді.
Театрландыру туралы айтылған кезде өнер саласына жататын, образдық шешіммен байланысты, адам қабылдауының эмоционалдық ортасына назар аударуды меңзейді, өйткені, эмоциялар–көркем шығармашылықтың ең маңызды приципі және ең маңызды сапасы болып табылады.Театрландыру қандай да бір идеяны театрландырылған тәсілдер арқылы көркемдік формада ұсыну мүмкіндігін қарастырады. Үгіт-насихаттық бригада қойылымдары, тақырыптық концерттер, бұқаралық мерекелерде қолданылуына қарай театрландыру сөзі өмірлік, тікелей өндірістік тәжірибемен және адамдар тұрмысымен байланысқан материалдың көркемдік және образдық материалының театрландырылмаған материалмен органикалық үйлесімділігін сипаттайды. Қазіргі кездегі осындай қойылымдар сценариінің драматургиясын кең де нақты терминмен театрландырылған қойылымдар драматургиясы деп атаған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет