Курстық жұмыс тақырыбын таңдау



Дата07.02.2022
өлшемі15,95 Kb.
#93922
Байланысты:
Ғпз



Курстық жұмыс тақырыбын таңдау



1.Курстық жұмыс тақырыбын таңдауға дайындық.

Дайындық кезеңі.Курс жұмысының тақырыбын таңдамас бұрын зерттелетін обьектіні, оны зерттеу әдістерін таңдап алу керек. Педагогика ғылым және практика салаларын зерттейді. “Мектепке дейінгі бөлім” студенттері “Мектеп жасына дейінгі педагогика”, “Мектепке дейінгі психология” ,“ Жеке пән әдістемесі” бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді. “Жалпы бастауыш білім беру” бөлімінің студенттері “Бастауыш мектеп педагогикасы” , “ Кіші жастағы оқушылар психологиясы ”, “Дүниетануды оқыту әдістемесі”, “Математиканы оқыту әдістемесі”, “Ана тілін оқыту әдістемесі”, “Технология және бейнелеу өнері” әдістемесінен курс жұмыстарын орындайды. “Шетел тілі” бөлімінің студенттері “Педагогика”, “Психология”, “Шетел тілін оқыту әдістемесі” бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Мысалы, зерттелетін тақырып оқушыларды бейнелеу іс-әрекетімен байланысты болғанда зерттеуші алуан әдістерді, пәнаралық байланысты қолданып, оқушыларды епмексазбен жұмыс істеуге үйретіп, оқушылардың шығармашылық жұмыстарынан көрмелер ұйысдастырылады.



2.Курстық жұмыс тақырыбын таңдау талаптары

Курстық жұмысқа қойылатын талаптар:

Тақырыптың өзектілігі, оның отандық және шетелдік ғылымның дамуына сәйкестігі.


Зерттеу проблемасы бойынша ғылыми, оқу-әдістемелік әдебиеттерді және мерзімдік басылымдарды зерттеу және талдау.


Зерттеу мәселесінің тарихын, мұғалімдердің озат тәжірибесін және өзінің жеке тәжірибесін есепке ала отырып, оның практикалық жағдайын зерттеу және талдау.


Өз бетімен зерттеуді жүргізу: зерттеудің пәнін, мақсатын, әдістерін анық сипаттау, экспериментті сипаттау және талдау.


Жүргізілген зерттеудің нәтижелерін қорытындылау, қорытындыларды және практикалық ұсыныстарды негіздеу.


Безендіру мәдениеті (стандарт талаптарына сәйкестігі).



3.Курстық жұмыс тақырыбын таңдау.

Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау.
Курстық жұмыстың тақырыбын таңдамас бұрын зерттеудің «объектілі саласын», «объектісін», «пәнін» анықтау қажет, себебі әрбір тақырып белгілі бір жүйе аймағында орналасады.

Педагогикалық зерттеудің объектілі саласы – зерттеу объектісі орналасқан ғылым мен практиканты алмазы, саласы. «Бастауышта оқыту педагогикасы және әдістемесі» мамандығы бойынша оқитын студенттердің объектілі саласы – «бастауыш мектеп педагогикасы», «кіщі мектеп жасындағы балалардың ерекшеліктері», «математиканы бастауышта оқыту әдістемесі» және т.б. болып табылса, «Педагогика және психология» мамандығы бойынша объектілі сала – бұл «жалпы білім беретін мектеп педагогикасы», «пәндерді оқыту әдістемесі», «мектеп оқушыларының психологиясы» болып табылады.


Әдеби деректермен жұмыс



Әдебиеттермен жұмыс жасаудың кезеңі

Әр кезеңнің мәні

1.Әдебиеттермен жалпы танысу

Әдебиеттер мазмұнымен танысу. Әдеби деректерді шолып шығу.

2.Шешілмеген мәселені зерттеу. Негізгі ұғымдардың жүйесін, жиналатын мәліметтердің бағытын және формасын анықтау

Анықтаушы эксперимент нәтижелерін талдау, қорытындылау;
Теорияны зерттеу;
Зерттеушіге материалдық көмек беру;
Зерттеу әдістемесін анықтау;
Зерттеу жұмыстарының шекарасын белгілеу; обьектіден бір үлкенін таңдап алу;
Зерттеу жоспарын жасау;
Зерттеуші жауап беруге тиісті сұрақтарды белгілеу;
Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін тұжырымдау;

3.Мәліметтерді сынау және шешімін таппаған мәселені анықтау



-“Мәселе жағдайы және оның зерттелу деңгейі” тақырыпта мәтін құрастыру. Аз зерттелеген тақырыпты анықтау мақсатымен мамандармен әңгімелесу



4.Зерттеу жұмысының барысындағы және соңғы кезеңіндегі нәтижелерге сипаттама беру



Ғылыми мәтінді (курс, диплом жұмыстары, ғылыми мақала, диссертация,т.б.) құрастыру;
Қорытындыларды тұжырымдау;
Нақты нұсқаулар беру;
Алынған мәліметтерді теориямен салыстыру




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет