Зерттеу жұмыстарының нәтижелерін практикаға енгізу туралы ұғым



Дата25.01.2022
өлшемі19,38 Kb.
#114743
Байланысты:
лекци


Зерттеу жұмыстарының нәтижелерін практикаға енгізу туралы ұғым.

Педагогикалық зерттеу нәтижелерін мектеп практикасына ендіру мәні. Педагогикалық зерттеулер нәтижелерін оқыту мен тәрбие практикасына ендірудің мәні. Зерттеу ұсыныстарын практикаға өндіру әдістері. Мектеп педагогикалық ұжымының ғылыми зерттеу нәтижелерін практикаға ендіру жұмысын бағалау.

Педагогика ғылымын білу де, практикалық тәжірибе де ғылыми – зерттеушілік: сияқты арнайы дайындықтың алғышарты бола тұра, оны айырбастай алмайды. Бұл мамандық бойынша жұмыс істей тұра, өз зерттеу объектісі бойынша педагог болып қалады, бірақ дәл осы мезгілде ғылыммен кәсіби айналысатын физиктердің, тарихшылардың, биологтардың қатарына тұра алады. Ол өзінің қолына таным әдістері сияқты жаңа қару алады, және оны пайдалануды үйренуі керек.

Сонымен, ғылыми зерттеу жұмыстарымен мұғалімнің айналысуына ешбір тиым салынбайды. Бұндай мысалдар бар. Тек ол әрбір жағдайдабір рөлден басқа рөлге жәнебұл ретте объектілердің,құралдардың және нәтижелердің де ауысып отырғанын түсіну керек. Жоғары оқу орны оқытушысы тәулік бойында жұмысқа кележатып қала көлігінің жолаушысы, институтта – лектор, магазинде – сатыпалушы және т.б. болуы мүмкін.Егер ол кенет автобуста лекция оқып бастаса,бұл өте түсініксіз болар еді. Егер оқытушы аудиторияда автобустағы сияқты отырып және газетті ашып қараса, студенттер бұдан бетер таң қалар еді.

Егер бүгінгі студент кейін ғылымда шын мәнінде жұмыс жасағысы келсе (мысалы, аспирантураға түсу) ол өзінің ғылыми зерттеу, оның логикасы,зерттеу сапасын бағалау туралы кейбір білімдерді жинауының зияны жоқ.Бір жағынан,бұл білімдер болашақмұғалімнің әдіснамалық мәдениетінің құрамына енеді, басқа жағынан, практикалық әрекеттен ғылымиәрекетке көшуді жеделдетеді. Ғылыми зерттеумен айналысуға жиналып, даярланыпжүрген және соған толық құқығы бар мұғалімге зерттеудің ерекшеліктері, басты сипаттамалары, әдістері (оқыту мен тәрбиелеу әдістерінен ажыратылатын) туралыбілімдерді меңгеру,ол үшін жаңа жұмысты зерделеу шамадан тыс тапсырма болмас па екен.

Осыған байланысты ғылыми және практикалық әрекет нәтижелері туралы мәселе туындайды.Ол педагогнкалық мақсат коюмен байланысты, себебі мақсатта нәтиже туралы түсінік салынған. Біз қандай мақсатпен мектепке барамыз және қандай мақсатпен ғылыми жұмысқа кірісеміз?

Мұғалімнің практикалық жұмысының мақсаты мен нәтижесі оқыған және тәрбиеленген адам, дәлірек айтсақ, оқығандық пен тәрбиелікжеке тұлғалық қасиеттер. Белгілібір дәуірде оқулық педагогиқалық материалдар болған кезде және педагогика тарихында арақатынасы дамуы бірінші болғанда, яғни ғылым менпрактиканың өзара байланысының қазіргіжәне қаралмаған уақытта осындай жол мүмкін ғана емес,тіпті ол кажетті.

Ғылым мен практиканың байланыс жүйесінің өрлеуін тоқтатуға мүмкін бермейтін екінші себеп – білім беру үрдісінің мақсаты мен нәтижелеріарасында үзіліс, сәйкессіздік. Ондай жағдай мақсат өзгергенменпедагогикалық жүйе бұрынғыша қалғанда, әрекеттің нәтижесіоның мақсаттарыменсәйкеспегенде өзінің күткен ойынан шықпаудан басталады: білім беру жүйесінен өзгерек жағдайға сәйкеспейтін мамандар даярланыпшығады. Мұндай сәйкессіздікті көпшілігі сезінеліде, олар педагогтарға өздерінің орынсыз талаптарын қояды – теоретиктерге және практиктерге: педагогика ғылымы өмірден қалып отыр, ал мектепболса нашар оқытады және тәрбиелейді. Ғылымды олқылықтар және практиканың "қиын"мәселелері осы кемшіліктерді жоюға жеткізетінғылыми құралдарды жасауға итермелейді.

Білім берудің мақсаттары өзгергенде педагогикалық теорияның болжамдық қабілеті ерекше анық көрінеді. Педагогика ғылымы алдына педагогикалықәрекеттің мақсаттары менпэтижелерінің сәйкестігінің ең жоғарғы деңгейінежету үшіп жаңа жағдайда педагогикалық жүйенің қалай болатыны, және оны қалай өзгерту керектігін "тексеру мен қателердің шешімін" аз күш жұмсап табу міндеті қойылады.

Бірақ, мақсат пен нәтиженің толық сәйкестігіне жету мүмкін болмай отыр. Айтпақшы,бұл адам әрекетінің барлықбасқа түрлеріне де тән, өйткені болмыс біздің ол туралы ұғымымыздан әлдеқайда бай, алмақсатқа жету жолындағы құралын түрін қабылдайды. Құралдар мақсатқа сәйкес болуы керек, әйтпесе атақты афоризмді еске алуға тура келеді: "жақсы болғанын" қалап едік, бірақ ісіміз бұрынғыша ешкім оқулықта артық және өте күрделі материалды көбейткісі келген жоқ, бірақ жақын арада осылайша болып шықты. Бұндай жағдайда осындай сәйкессіздіктерді толық жоймаса да, оларды ең алдымен аз мөлшерге әкелуге көмек тек ғылым жағынан келуі мүмкін. Қойылған мақсатты жүзеге асыратын әрекетінің жобасы жасалатын педагогикалық тиімді жүйе туралы жаңа пайымдау жасалады. Мақсатты орындау барысында күтпеген нәтижелер пайда болады да, оларды зерделеуқажет болады және т.б. Осы цикл жаңарады, өмір сүреді.

Бір жағдайда оқу материалы жай "өтіледі", ал басқа жағдайда – ғылым тілінде анық көрсетілген мақсаттарға жетуүшін пайдаланылады.Соңғы жағдайға ғылыми білім шебер – мұғалімге педагогикалық болмыстың құбылыстарынын себептерін және салдарларын, табыстары мен сәтсіздіктерін өздеріне және басқаларға түсіндіруге, өзінің бұдан кейінгі жұмысын дұрыс жоспарлауға септігіп тигізеді.

Ғылыми тұрғыдан ұсынылған оқу материалдарын және өз жұмысын бағалай білу бірыңғай міндетті оқулық жоқ кезде аса маңызды, мұғалімбілім стандартындағы бағдарларға сүйене отырып, әнді нәрсені қалдырып кетпеуге тырысады, бірақ бұл жайт оны білім беру жүйесінің жалпы мақаттарына сай өз жұмысының логикасы мен әдістемесін өз бетінше құру қажеттілігінен құтқармайды.

Практикамен кең байланыстағы педагогика ғылымы ғылыми теориялық қызмет атқарса, ал мұғалімге қатысты бұл түсіндіру қызметі болып тбылады. Педагогиканың құрастырушылық – техникалық қызметі мұғалімнің алдында нормативтік қызмет болады, себебі мұғалім бұл қызмет нәтижесінде өз жұмысында тікелей басшылыққа алынатын нормативтік білім алады.

Сонымен, мұғалім педагогика ғылымынан өз әрекеті үшін қажет құралдарды екі жолмен алады. Оның бірі – педагогикалық болмысты сипаттаудан теория арқылы ғылыми негізделген жобаға апаратын ұзақ жол. Екінші жол - өз практикалық әрекетін ойластыру үшін тікелей теориялық педагогикалық білімді пайдалану. Сондықтан, біз практикалық жұмыста ғылым мен пракика байланысының циклі жабылады да, педагогика саласындағы бүкіл ғылыми жұмыстың нәтижесі қолданыс табылады.

Педагогикалық кәсіптің мәні педагогтар болып аталатын оның өкілдері жүзеге асыратын іс-әрекеттен көрінеді. Ол әлеуметтік қызметтің адамзат жинақтаған мәдениеті мен тәжірибесін аға ұрпақтың кейінгі ұрпаққа беруіне бағытталған ерекше түрі, олардың жеке тұлға ретінде дамуына және қоғамда белгілі бір әлеуметтік рөлдерді атқаруына жағдай жасау болып табылады.

А.Н. Новиков практикалық қызметті ұйымдастырудың мынадай принциптерін атайды:

1. Иерархиялық приципі. Адамның жеке басының қасиеттеріне, сондай-ақ оның жағдайына байланысты, іс-әрекет мынадай деңгейлерде жүзеге асырылуы мүмкін:

- операциялық деңгей- мұнда адам жекеленген технологиялық операцияларды ғана (педагогикалық, емдік технологиялар, бухгалтерлік технологиялар, конструкциялық технологиялар және т.с.с.) орындайды;

- тактикалық деңгей- мұнда адам өзгермелі жағдайдағы ағымдағы міндеттерді шешу үшін іс-әрекеттің барлық құралдары мен тәсілдерінің бүкіл жиынтығын ойдағыдай пайдалана отырып, толық технологиялық процесті орындауға қабілетті болады;

- стратегиялық деңгей- мұнда адам қоршаған ортаға бағыт ұстап, экономикалық, технологиялық және қоғамдық қарым-қатынастарда өз қызметінің орны мен мақсатын өз бетінше белгілейді.

2. Тұтастық интегративтік принципі.

3. Комуникативтілік принципі.

4. Тарихілік принципі.

5. Қажетті әртүрлілік принципі (барабарлық принципі).

Педагог-практиктің, педагогикалық ұжымның қызметі үшін бұл мынаны білдіреді:

1) педагогтың немесе ұжымның біліктілік деңгейі, жинақталған тәжірибесі қажетті деңгейден асып түсетін проблемаларды шешуге мақсаткерлікпен кірісу қажет.

2) проблемаларды шешудің бірнеше нұсқасын қорда ұстау қажет.

3) өзіңнің іс-әрекетіңді оның кейбір компоненттері салыстырмалы түрде жеңіл ауыстырылатындай, түзеуге және қайта жаңғыртуға болатындай етіп құру.

4) өз моделіңді, жобаларыңды, конструкцияларыңды өзгермелі жағдайларға оңай бейімдеуге болатындай етіп құру.

Сөйтіп, практикалық педагогикалық қызмет, кез-келген жүйе секілді, үш түрлі белгімен сипатталады: құрамы (қажетті әртүрлілік принципі), құрылымы (иерархия принципі), функциялары (тұтастық принципі). Мұның сыртында жүйе өзінің “кеңістігіндегі” (комуникативтілік принципі) және уақыт ішіндегі жағдайымен (тарихилық принципі) сипатталады.



Тапсырма

Жоба әдістемесінің ұғымы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет