Логика мен оның заңдарын зерттеу Аристотельдің еңбектерінен бастау алған



Дата31.01.2022
өлшемі123 Kb.
#116503
Байланысты:
Логика және оның міндеттері
Ақыл-ой тәрбиесі, Ақыл-ой тәрбиесі, Ақыл-ой тәрбиесі, томирис балабакшасы коп балалылартизими, томирис балабакшасы коп балалылартизими, томирис балабакшасы коп балалылартизими, 00112c38-cc8360a3, Ата-баба тарихы- жеке тұлға дамуының негізі, Ата-баба тарихы- жеке тұлға дамуының негізі

1 дәріс. Логика және оның міндеттері
«Логика» сөзі көп, бірақ түрлі мағыналарда қолданылады (мінез логикасы, оқиға логикасы т.б.). Жалпы түрде логикаға дұрыс ойлау заңдары мен операциялары туралы ғылым деген анықтама беруге болады.

Адамның айлау қабілетінен күрделі және байырақ құбылысты табу қиын. Оны көптеген ғылымдар зерттейді, сондай ғылымдардың бірі – логика. Шындықты, жақсылық пен мейірімділікті ұғынатын ойдың әрбір қозғалысы логикалық заңдарға негізделеді. Біз оларды саналы түрде сезінбесек те, оларға бағынуға мәжбүр боламыз. Осы сияқты сауалдарға адам баласы сан ғасыр бойы жауап іздеген. Осындай ой-толғаныстардан ойлау туралы ерекше ғылым – логика пайда болып, дамыды.

Ежелгі грек философы Платон адам санасының пайда болуын дінмен байланыстырды. Оның шәкірті Аристотель табиғат пен адам ойлауының принциптері туралы сұрақтарға алғаш болып кең және негізді жауаптар табады.

Логика мен оның заңдарын зерттеу Аристотельдің еңбектерінен бастау алған.

Логиканың тарихын негізгі екі кезеңге бөлуге болады:екі мың жылдан аса уақытқа созылған біріншісінде логика өте баяу дамыды. Екінші кезең 19 ғ. 2 жартысында басталды. Бұл кезде логикада ғылыми төңкеріс болып, оның сипатын түбегейлі өзгерткен. Бұл ең алдымен, оған математикалық әдістердің кіруімен байланысты. Дәстүрлі логиканың орнын заманауи логика (немесе математикалық я символикалық) басты. Бұл жаңа логика тек математикалық дәләлдеулерді логикалық зерттеу болып табылмайды.

Логикалық зерттеудің міндеті – дұрыс ойлаудың нақты схемаларын тауып, жүйелеу. Мұндай схемалар логикалық тұрғыдан дұрыс ойлаудың логикалық заңдарын білдіреді. Логикамен ойлау – логика заңдарына сәйкес ойлау.

Логиканың дамуы әрдайым өз заманының теориялық ойларымен және ең алдымен ғылымның дамуымен байланысты болды. Логикалық дұрыстық теориясы қорытындысында тазарту, жүйелеу, ойлау тәжірибесін жинақтау болып шығады.

Қазір ғылыми білімді логикалық зерттеу бұрын ұйғарылған және жаңа салалардың қатарында жүргізіліп келеді. Мұндай зерттеудің негізгі төрт бағытын атап көрсетуге болады:

- логикалық және математика лық білімді талдау;

- логикалық талдауды озық тәжірибелі білімге қатысты пайдалану;

- логикалық талдауды ғылыми жұмыстың барлық салаларында ұдайы қолданылатын тәсілдер мен операцияларды зерттеуде пайдалану;

- логикалық талдауды бағалау-нормативтік білімге пайдалану.


2 дәріс. Сөздер мен заттар

Тіл абстрактілі ойлаудың бар болуымен шарттас келеді. Тіл сана мен ойлаумен бірге пайда болады. Ол да сана сияқты, өте ежелден келеді. Ойлаудың сезім арқылы қабылданатын қатпары бола келе, тіл адам ойының шындыққа айналуын қамтамасыз етеді. Ондай қатпардан тыс болса, ой басқаларға жетімді болмайды.

Тіл ойды жеткізуге қатысып қана қоймай, оның қалыптасуына да ықпал етеді. Таза, тілден тыс ойлау мен оның вербалдануын, яғни тілдегі көрінісін, қарама-қайшы қоюға болмайды. Сонымен қатар, тіл емн ойлау тең емес. Олар құрайтын бір үтіннің әрқайсысы өзінше дербес болып табылады және әрқайсысына тән ерекше заңдары бар.

Тіл оммуникация мен таным мақсаттары үшін қолданылатын белгілер жүйесі болып табылады. «Ауырады» деген сөйлем ауыру сезімі болған жағдайда, «Мына зат – қызыл» деген сөйлем – қызыл түсті затты қабылдағанда т.б. кезде сөйлемдерді қолдану қажеттілігін талап ететін ережелер эмпирикалық мағына ережесі деп аталады. Ал осындай ережелері бар тілдерді эмпирикалық деп атау қалыптасқан. Логика тілінде, математика тілі де өз сөйлемдерін қабылдау немесе қабылдамау кезінде тікелей тәжірибе мен сезінуді талап етпейді. Бұл мағынасында тілдер эмпирикалық болып табылмайды.

Тілдердің барлығын табиғи, жасанды және жартылай жасанды болып бөлінеді. Күнделікті, сөйлеу, қарапайым және т.б. деп аталатын табиғи тілдер стихиялы және баяу құрылады. Ондай тілдердің әрқайсысының тарихы сол тілдің иесі болып табылатын халықтың тарихымен тығыз байланысты. Жасанды тілдерді адамдар қандайда бір арнайы мақсаттар үшін құрады: математика тілі, логика тілі, алгоритмдік тілдер, шифрлар және т.б. Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың тілдері жартылай жасанды тілге жатады. Мәселен, биология оқулығы әрдайым қандайда да болмасын табиғи тілде жазылады: қазақ, орыс, өзбек және т.б. Соған қоса, оқулықта бұл тілден басқа, көбіне халықаралық болып табылатын биологиялық терминология мен символика міндетті түрде бар болады.

Логика тұрғысынан алғанда, тілдің маңызды екі қызметіның аражігін ашып алудың маңызы бар. Бұл тілдің сипаттамалық және бағалау қызметтері болып табылады. Сипаттаудың мақсаты – сөздерді әлемге сай қылдыру, бағалаудың міндеті – әлемді сөздерге жауап беретіндей ету.

Тілдің негізгі пайдаланылуының төрт түрі: сипаттау, экспрессив, бағалау және оректив және аралық пайдалынудың бірқатары: нормативті, постулатты пайдалану т.б. бар.

Грамматикада сөз таптарына бөлу деген бар. Мұндай сөз таптарының қатарында: зат есім, сын есім, етістік және т.б.

Тілдік сөйлемдерді логикалық категорияларға бөлу осындай грамматикалық бөлініске ұқсайды және, негізінен, содан пайда болған. Осының негізінде логикалық категория теориясын кейде «логикалық грамматика» деп те атайды.

Сөйлемдерді жай сөйлемдерге бөлу нәтижесі ары қарай бөлшектенбейтін бөліктері – мазмұндық және логикалық символ болады.

Мазмұндық символдар – өздігінен алған кезде де мазмұнынан айырылмайтын тілдік сөйлемдер.

Логикалық символдар – өзіндік мазмұны жоқ, бірақ бір немесе бірнеше мазмұндық сөйлемдермен тіркескенде дербес мазмұнды күрделі сөйлемдерді құрайды.

Мазмұндық символдар мазмұндық ойларды, ал логикалық символдар болма ның формасын, яғни мазмұндық бөліктерінің байланысу тәсілін анықтайды

Біздің ойлау қабілетіміз негізінен тек оның мазмұнына ғана бағытталады. Логикалық символдардың өзіндік мазмұны болмайды және логикалық формаға жатады. Олар бізді сирек, ойларымыздың дұрыстығына күмәндағанған кезде және оларды бақылауға алуға тырысқанкезде ғана қызықтарады.

3 дәріс. Аттар мен түсініктер
Ат мазмұны – берілген атпен және тек қана сонымен белгіленетін барлық заттарға тән қамиеттердің жиынтығы. Мысалы, «орындық» сөзінің мазмұнын «отыруға арналған жиһаз заты болу» және «аяқтары, отыру орны және арқасы бар» қасиеттері құрайды. Орындықтың атқаратын қызметтері мен оның құрылысына қатысты бұл қасиеттер әрбір орындыққа тән және орындықтан басқа ешбір зат мұндай қасиетке ие емес. Егер орындықтың құрылымдық бөлшектерінің бірін алып тастасақ, ол орындық емес, басқа зат және басқа атаудың мазмұны болар еді. Мазмұннан, немесе мағынадан басқа тағы көлемі болады. Атаудың көлемі – атаудың мазмұнына кіретін сипаттарға ие заттардың жиынтығы, немесе класы. «Орындық» сияқты қарапайым сөздердің көлемі нақты емес, бұлыңғыр болып табылады, олай болса, ол атаулардың өздері де нақты емес болады.

Атаулар бір-бірімен түрлі қатынастарда болады. Екі еркін атаудың көлемдерінің арасында тең мағыналылық, қиылысу, бағыну (екі нұсқада) және жоққа шығару қатынастардың бірі және тек қана біреуі болады.

Көлемдері толық сәйкес келетін екі атау тең мағыналы болып табылады. Басқаша айтқанда, тең мағыналы атауларды заттардың бір класына жатқызады.

Көлемдері ішінара сәйкес келетін екі атау қиылысу қатынасында болады. Мысалы, «ұшқыш» және «ғарышкер» атауларының көлемдері қиылысады: кейбір ұшқыштар ғарышкерлер болып табылады, ал кейбір ұшқыштар ғарышкер емес және кейбір ғарышкерлер ұшқыш емес.

Бір атаудың көлемі екіншісінің көлеміне тұтастай кіретін қатынас бағыну болып табылады. «Үшбұрыш» және «тік бұрышты үшбұрыш» атаулары осындай қатынаста: әр тік бұрышты үшбұрыш – үшбұрыш, бірақ әрбір үшбұрыш – тік бұрышты үшбұрыш емес.

Көлемдері бір-бірін тұтастай жоққа шығаратын атаулар жоққа шығару қатынасын құрайды. «Трапеция» және «бесбұрыш», «адам» және «планета», «ақ» және «қызыл» атаулары бірін-бірі жоққа шығарады.

Анықтау – атаудың мазмұнын ашатын логикалық операция. Атты анықтау дегеніміз – оның мазмұнына қандай сипаттардың кіретінін көрсету. Манометрге анықтама беруде біз оның, ең алдымен, құрал екенін және, екіншіден, қысымды өлшейтін құрал екенін көрсетеміз.

Анықтаудың екі міндеті бар. Ол анықталатын затты басқалардың барлығынан ерекшелейді.

Ең алдымен анық және анық емес анықтаулардың арасындағы айырмашылықтарды көрсету қажет. Анық емес анықтаулардың ішінде контекстуалды және остенсивті анықтаулар ерекше назар аудартады.

Ешқандай сөздік жекелеген сөздерді және ол мағыналардың сипаттарын толықтай көрсете алмайды. Сөз сөздіктердің құрғақ анықтамалары негізінде танылып, ұйғарылмайды. Сөздерді тірі және толыққанды тілде, басқа сөздермен түрлі байланыстарға түскендегі қолданысы – жекелеген сөздерді ғана емес, тұтастай тілді білу көзі осы.

Остенсивті анықтау – көрсету арқылы анықтау. Мысалы, бізден зебраның не екенін түсіндіруді сұрайды. Біз ауызша түсіндіргенше, сұраған адамды зообаққа жетектеп, оған зебра тұрған клетканы көрсетіп: «Міне, зебра деген – осы», – дейміз.

Бөлініс – бастапқы атауда ұғынылатын заттарды топтарға бөлу операциясы.

Топтарға бөлу нәтижесінде алынғандар бөлініс мүшелері деп аталады. Бөлініске себепкер болатын сипат бөлініс негіздемесі делінеді. Әр бөліністе бөлінетін ұғым, бөлініс негіздемесі және бөлініс мүшелері бар. Бөлініске қойылатын талаптар қарапайым:

1. Бөлініс тек бір негіздеме бойынша жүргізілуі тиіс.

2. Бөлініс соразмерным, немесе жоққа шығаратын болуы тиіс, яғни бөлініс көлемдерінің сомасы бөлінетін ұғымның көлеміне тең болуы тиіс.

3. Бөлініс мүшелері бір-бірін өзара жоққа шығаруы тиіс.

4. Бөлініс үздіксіз болуы тиіс.

Бөліністе жиі кездесетін жағдай дихотомия (екіге бөлу) болып табылады. Жай бөлініс кезінде адамдар ерлер мен әйелдерге, жастар мен қариялар және т.б. бөлінеді. Дихотомияда көптеген адамдар ерлер және «ер еместерге», балалар және «балалар еместерге» т.б. деп бөлінеді.

Классификация – көпсатылы, тармақталған бөлініс. 
4 дәріс. Пікір

Пікір – білдірілетін мағынасымен (мазмұнмен) бірге берілетін және шынайы немесе жалған грамматикалық дұрыс құрылған сөйлем.

Пікір ұғымы – логиканың бастапқы және негізгі ұғымдарының бірі. Пікір беретін сипаттама реальді жағдайға сәйкес болса, ол шынайы болады және, егер сәйкес келмесе, ол жалған болып саналады. «Шындық» және «жалған» – пікірдің шынайылық белгісі деп аталады.

Күрделі пікірлердің құрылу әдістерінің негізгілері:

Теріске шығару – берілген пікірден жаңа пікір шығаруға көмектесетін логикалық тізбек. Мұнда бастапқы пікір шынайы болса, оны теріске шығару – жалған, және керісінше болады.

«және» сөзі арқылы екі пікірді біріктіргенде, оны атайтын конъюнкция деп аталатын күрделі пікір шығады. Бұлайша біріктірілген сөздер конъюнкция мүшелері деп аталады.

«немесе» сөзі арқылы екі пікірдің бірігуі ол пікірлердің дизъюнкциясын береді. Дизъюнкцияны құрайтын пікірлер дизъюнкция мүшелері деп аталады.

«немесе» сөзі күнделікті тілде екі түрлі мағына береді. Кейде ол «біреуі не екіншісі немесе екеуі де» дегенді білдірсе, ал кейде «бірі не екіншісі, бірақ екеуі бірге емес» дегенді білдіреді.

Логиканың орталық міндеті – пайымдаудың дұрыс схемаларын дұрыс еместерден бөлу және жүйелеу. Логикалық дұрыстық логикалық формамен анықталады.

Шартты пікір – «егер..., онда...» байланысы арқылы құрылып, бір құбылыс, оқиға және басқалардың бір-біріне шарттас болып келетінін көрсететін күрделі пікір. Мысалы, «Егер от бар болса, онда түтін де бар», «Егер сан 9-ға бөлінсе, онда ол 3-ке бөлінеді» және т.б.

Шартты пікір пайымдаудың барлық салаларынан кең қолданыс табады. Логикада ол, ережеге сәйкес, импликативті пікір, немесе импликация арқылы көрінеді. Мұнда логика «егер..., онда ...» қолданысын анықтайды, жүйелейді және жеңілдетеді, оларды психологиялық факторлардың әсерінен босатады.

Категориялық пікір – қарастырылатын кластағы барлық немесе кейбір заттардағы қандайда бір сипаттың болуын растайтын не теріске шығаратын пікір.

Категориялық пікірлерге деген ерекше мүдде, ең алдымен, логиканың ғылым ретінде дамуының басталуы бұл пікірлердің логикалық байланыстарын зерттеуден басталғанымен байланысты. Сонымен қатар, категориялық пікірлер біздің пайымдауларымызда кеңінен қолданылады.

Категориялық пікірде айтылатын заттың атауы субъект болады да, оның сипатының атауы предикат деп аталады.

Модальдік ұғымдар – пікір немесе ондағы суреттелетін жағдайды қандайда бір көзқарас тарапынан сипаттауға мүмкіндік беретін ұғымдар. Ондай ұғымдарға «қажет», «мүмкін», «жақсы», «міндетті», «тыйым салынады» және т.б. жатады.

Модальдік ұғымдар топтарға бөлінеді. Олардың әрқайсысы бірегей көзқарас бойынша сипаттама береді. Осылайша, пікірлерді теориялық-танымдық нақтылау үшін «дәлелденеді», «шешілмейді» ұғымдары, нормативті пікірге – «міндетті», «рұқсат етіледі» және «тыйым салынады», бағалау пікірлеріне – «жақсы», «бәрібір», «дұрыс емес» т.б. ұғымдары қолданылады.

Бағалау пікірі дегеніміз – қандайда бір объектінің абсолюттік немесе салыстырмалы құндылығын белгілейтін, оған баға беретін пікір.

Нормативті пікір – қандайда бір тәртіп нормаларын белгілейтін пікір. Мұндай пікірлердің тілдік құрылымы да әртүрлі және әртектес. Кейде ол бұйрықты лепті (императивті) сөйлем формасында келсе («Есікті жап!», «Ұрлық жасама!»), көбінесе бұйрықты лепсіз нормативті сөздермен келеді: «міндетті», «рұқсат етіледі», т.б.


5 дәріс. Тілдің тұзақтары

Тілді меңгеру – журналистің кәсіби шеберлігінің бір шарты. Тілдің көркемдеуіш мүмкіндіктерін білмеу, қойған мақсаттарға жету үшін оларды пайдалана алмау журналистің сөзін сенімсіз қыла алады.

Күнделікті қарым-қатынасқа арналған қарапайым тілдің бірқатар ерекше сипаттары бар. Сөздердің барлығының дерлік бір емес, бірнеше мағынасы болады. Бір заттың өзі әртүрлі аталуы мүмкін немесе бірнеше атауға ие бола алады. Сонымен қатар, ешқандай объектілерді білдірмейтін сөздер бар және т.б. осы сияқты көптеген ерекшеліктер тілдің жетімсіздігін емес, керісінше оның күшін көрсетеді. Және егер біз оның ерекшеліктерімен санаспайтын болсақ, оның жасырын тұзақтарына түсуіміз мүмкін. Сөйлесушілердің бір-бірін бірдей түсінуінің негізгі қиындықтарының бірі сөздердің көпмағыналылығымен, бірнеше мағына беруімен байланысты. Сөздердің басым көпшілігі көп мағыналы болады.

Сөйлесу барысында нақты пайымдауда оған кіретін сөздердің мағынасы өзгермейді деп күтіледі. Егер біз аспан денелері мағынасындағы жұлдыздар туралы әңгіме айтқалы отырсақ, біз сол тақырыпты аяқтағанша, ол сөз әнші-жұлдыз немесе шыршадағы жұлдызды емес, аспан денелерін білдіруі керек. Бұл талап бір мағыналылық принципі деп аталады. Бұл принцип сақталмаған жағдайда эквивокацие деп аталатын логикалық қателік пайда болады.

Табиғи тілдегі ғана емес, ғылыми тілдегі де көптеген ұғымдар нақты емес немесе анық емес болып табылады. Бұның түсінбеушілік пен пікірталастарға себепші әкелуі де жиі кездеседі.

Нақты емес ұғымдарда қандай заттардың оған жататыны және қандайларының жатпайтыны анық көрінбейді. Ұғым бұлыңғыр және өз мазмұнына қатысты жеткіліксіз түрде анықталған болуы мүмкін. Кейінгі жағдайда ұғымды анық емес деп атауға болады.

Индексті немесе эгоцентристік деп те аталатын ситуациялық сөздер дегеніміз – толық мағынасы жағдайға байланысты және оны кімнің, қайда қолдануына қарай өзгеріп отыратын сөздер. Жағдаяттық сөздерге «мен», «сен», «мұнда», «кеше», т.б. сөздер жатады. Олардың дербес, яғни олардың қолданылған кезге тәуелсіз беретін мағынасы өте мардымсыз. Бұл сөздердің толық мағынасы кім оны қай жерде айтқанына тәуелді. Ситуациялық сөздермен айтудың өзіне тән ерекшелігі – шындыққа қатысты тұрақсыздығы.

Ситуациялық сөздер, егер оларды орынсыз пайдаланса, пайымдауды нақты емес және анық емес қылады: «біз келіспейміз» (кім – біз?), «мұнда отыруға болмайды» (қайда отыруға болмайды?) т.б.

Логикалық қателердің бірі гипостаз, яғни абстрактілі нәрселерді заттандыру, оларға шынайы, заттық мағына беру.

Атауды қолдану мен оны өз атауы ретінде қолдану арасындағы шатасулармен байланысты екіжақты түсінік, түсінбеушілікті болдырмауға әрдайым мүмкіндік бар. Ол үшін сөйлемді құруда қосымша сөздерді немесе шрифтпен, тырнақшамен т.б. ерекшелеу қажет: «Адам төрт әріптен тұрады» деудің орнына «Адам» сөзі төрт әріптен тұрады», немесе «Адам» сөзі төрт әріптен тұрады», «Адам сөзі төрт әріптен тұрады»

6 дәріс. Логика заңдары

Басқа да ғылымдардағыдай, логикада ең бастысы – заңдар. Логикалық заңдар шексіз көп, басқа ғылымдардан оның айырмашылығы да осында. Біртекті заңдар логикалық жүйелерге бірігеді.

Логикалық заң болмаса, логикалық бірізділіктің және дәлелдеменің не екенін түсіну мүмкін емес. Дұрыс ойлау (логикалық ойлау) – логиканың заңдары бойынша, оның белгілеген абстрактілі схемалары бойынша ойлау.

Қарама-қайшылық заңымен берілген идея қарапайым сияқты көрінеді: пікір мен оны тіріске шығару – екеуі қосылып шынайы бола алмайды.

Үшіншісін болдырмау заңы, қарама-қайшылық заңы сияқты, біріне-бірі қарама-қарсы пікірлердің арасында байланысты орнатады. Оның көрсететін идеясы қарапайым болып көрінеді: біріне-бірі қарама-қайшы пікірлердің біреуі шынайы болып табылады.

Логикалық заңдар ойлау механизмінің негізгі элементтері болса (әрине бұл солай), олар осы механизмнің басқа да элементтерімен тығыз байланыста болуы тиіс. Әсіресе және ең алдымен, логиканың негізгі ұғымы – логикалық жол ұғымымен, яғни дәлелдеме ұғымымен тығыз байланыста.

Ғасырлар бойы жинақталған адамзат тәжірибесінен нәрселермен құбылыстардың қасиеттері өзара байланыста болатыны байкалған. Мысалы, бір заттың түсі сары болса, нақ сол кезде және сол жағдайда оның түсі қара болуы мүмкін емес екенін, егер құс ұшып келе жатса, нақ сол кезде оның бұтаққа қонып отыруы мүмкін емес екендігін адамдар әлде қашан байқаған. Заттардың осы сияқты әдетті қасиеттері дұрыс ойлаудың тұрақты белгісі ретінде санасына орнаған. Егер заттың белгілі бір қасиеті нақ сол жағдайда және сол кезде ол заттың өзінде бірден болуы да және болмауы да мүмкін емес болса, онда дұрыс ойлауда да бір мезгілде, бір мағынада алынған бір мәселе жөнінде қарама-қарсы екі түрлі пікір айтып, ой қайшылықтарын туғызуға болмайды. Дұрыс ойлаудың бұл заңы логикада қайшылықсыздану заңы деп аталады. Демек, бір-біріне қарама-қарсы екі пікір бір мезгілде шындық болуы мүмкін емес, оның бірі жалған болады. Мысалы, "Осы өзен Ертіске құяды" және "Осы өзен Ертіске құймайды" деген екі пікір бір мезгілде шындық болуы мүмкін емес, егер екі пікір де осы өзенге қатысты болса.

Қарама-қайшылық ойды бұзып, таным үдерісін ауырлатын жібереді. Ойлаудың қайшылықсыз талабы формалды логикалық қайшылықсыздық заңын бейнелейді. Бұл заң мынадай формулада: А және А емес, яғни бір-бірін жоққа шығарып тұрған екі ой бірге ақиқат бола алмайды.

Қайшылықсыздық заңы бір уақытта, бір тұрғыдан айтылған қарама-қарсы екі пікірдің екеуі бірдей ақикат болуын теріске шығарады. Бірақ бұдан оның екеуі де жалған пікір болуы мүмкін деген түсінік шықпайды. Мысалы, мынадай: "Біздің сыныптағы оқушылардың бәрі үздік" және "Біздің сыныптағы бірде-бір оқушы үздік емес" деген қарама-қарсы пікірдің екеуі бірдей ақикат болуы мүмкін емес, бірақ оның екеуі де жалған болуы мүмкін. Бұл жағдайда: "Біздің сыныптағы кейбір оқушылар — үздік" деген акиқат пікір шығады. Сөйтіп, қайшылықсыздық заңы қарама-қарсы екі пікірдің біреуінің немесе екеуінің бірдей жалған екені жайлы сөз қылмайды.

Бұл айтылғандардан қайшылық заңы ешқандай қайшылықтарды мойындамайды деген қорытынды жасауға бола ма? Бұл сұраққа жауап беру үшін, ең алдымен, қайшылықтың екі түрлі болатынын, атап айтқанда, ойлауда болатын формалды-логикалық қайшылықтарды өмірдің өзінде болатын диалектикалық деп аталатын қайшылықтардан ажырата білу кажет. Қайшылықсыздық заңы диалектикалық қайшылықтарды жоққа шығармайды. Ол тек дұрыс пікір қайшылықтарына ғана қарсы, өйткені бұл соңғы ойдың дәйектілігін бұзатын, шындықты дұрыс танып білуге кедергі жасайтын қайшылықтар. Қайшылықсыздық заңы дұрыс ойлаудың негізгі сапаларының бірі — дәйектілікті талап етеді. Бұл заңды саналы түрде қолдану тек бөтен адамдардың ойларында орын алған қайшылықтарды ғана емес, сондай-ақ өз ойлау, пікірлерінде кеткен қайшылық, дәйексіздікті байқап, түзетуге, сөйтіп, өз пікіріне сын көзбен қарауға үйретеді.

Үшіншіні ескермеу заңы. Үшіншіні ескермеу заңын мынадай формулада көрсетуге болады: бір-біріне қарама-қайшылықты екі пікір бір мезгілде жалған бола алмайды: оның бірі — міндетті түрде ақиқат, бірі — міндетті түрде жалған, үшінші пікір алынып тасталады, ал ақиқат не (А), не (А емес) болады.

Үшіншіні ескермеу заңы біздің ойлауымызда маңызды талаптарды қалыптастырады: бір-біріне қайшылықты екі ойдың бірінің ақикаттығын танудан бас тартпау және олардың арасынан үшінші бір нәрсені іздемеу керек.

Үшіншіні ескермеу заңы қайшылықты пікірге байланысты ғана әрекет етеді және төмендегі формадағыдай құрылады: бір-біріне қарама-қайшылықты екі пікір бір мезгілде жалған бола алмайды, оның бірінің ақиқаттығы қажет. Бұл заңның формуласы: (А бар не В не В емес).

Бір-біріне қайшы келетін пікірлер әрқашан баламалы болады, яғни екі мүмкіншілік бар екенін білдіреді. Бұл мүмкінділіктер бірін-бірі теріске шығарады. Егер бұл пікір баламалы болмаса, онда олар бір-біріне қайшы емес, ол пікірге үшіншіні ескермеу заңы қолданылмайды.

Үшіншіні ескермеу заңы ұстанымсыздыққа қарсы бағытталған. Бұл заң бір мәселе жөнінде бірін-бірі жоққа шығаратын көзқарастарды шатастыруға қарсы бағытталған заң. Бұл заңның сот, тергеу ісінің практикасында қандай ерекше маңызы бар екенін түсіну қиын емес, өйткені ол заң мәселені кесімді түрде шешуді талап етеді. Заңгер істі "не олай", "не бұлай" шешуі тиіс. Факті не расталды немесе расталмады, соны шешкеннен кейін айыпкер не кінәлі немесе кінәлі емес деп кесіл айтуы тиіс.

Ал үшіншіні ескермеу заңы бірі бірдеңені қостайтын, екіншісі дәл соны терістейтін екі қайшы пікір бар жерде ғана қолданылады. Жеткілікті негіз заңы. Дүниедегі барлық заттар мен құбылыстар себеп-салдар байланысында болады. Себептен туған құбылысты әрекет деп атайды, яғни себепсіз салдар болмайды.

Дүниеде себепсіз құбылыс жоқ. Егер бір құбылыс басқа құбылыстардың еткендегі дамуы арқасында дайындалып жетілмесе, табиғат пен қоғамда ешбір құбылыс пайда болмас еді.

Нәрселер мен құбылыстардың объективтік дүниедегі осындай өзара байланысы адамның ойында жеткілікті негіз заңы түрінде бейнеленген. Жеткілікті негіз заңы — әрбір ақиқат, ой жеткілікті негізделуі тиіс деп тұжырымдалады.

Белгілі бір ақиқат ойды білдірсек, оның ақиқаттығын негіздеуіміз керек, яғни шындыққа сәйкес келетіндігін дәлелдеуіміз тиіс. Мысалы, айыпталушыға белгілі бір кінә таққан кезде айыптаушы өз пікірінің ақиқаттығын негіздейтін қажетті дәлелдер келтіруі тиіс. Олай болмаса, табылған кінә негізсіз болып шығады. Бұл заң дұрыс ойлаудың қажетті шарты болып табылады.

Жеткілікті негіз ретінде қандай жағдайларды алуға болады: ең алдымен, мұндай негіз ретінде адамның өз тәжірибесін, жеке фактілерді келтіруге болады. "Бұл қылмысты жасаған Н. деген адам" деген пікірдің ақиқаттығы, мәселен, сол қылмыстың жасалғанын көрген адамның тікелей көрсетуі, куәландыруы арқылы дәлелденеді. Адамның жеке басының тәжірибесінің өрісі тар. Сондықтан адам өз қызметінде басқа адамдардың тәжірибесіне, тағы басқа сүйенеді. Мұндай дәлелдер қылмысты тергеу жұмыстарында, тарих ғылымында тарихи фактілерді анықтауда, тағы басқа жиі қолданылады.

Жеткілікті негіз заңының ойлау үдерісінде аса зор теориялық және практикалық маңызы бар. Біреуді өзіміздің айтқандарымыздың ақиқаттығына сендіру керек. Бір пікірді дәлелдеу дегеніміз — оны негіздеу деген сөз, яғни жеткілікті негіз ретінде ғылымда және практикада дәлелденген ақиқатқа жататын басқа пікір келтіру керек.

Жеткілікті негіз заңы — еш нәрсемен дәлелденбеген пікірге сеніп, оларды қабылдай салатын логикасыз ойларға қарсы, әр түрлі діни нанымдарға, ырымшылдық пен жоқ нәрсеге сенушілікке қарсы бағыт.

Жоғарыда қарастырылған төрт заң дұрыс ойлауға қойылатын айқындылық, қайшылықсыздық, дәйектілік және дәлелділік талаптарының жалпы көрінісі. Сондықтан дұрыс ойлаудың бұл жалпы заңдары ойлаудың ұғым, пікір, ой қорытынды, дәлелдеу сияқты жеке формаларының айрықша ережелерінен көрініп отырады. Мысалы, ұғымдардың арасындағы қатынастарды, ұғымды анықтағанда, пікірлер арасындағы қатынастарды, ой қорытындылар мен дәлелдеулердің жеке түрлерін дұрыс құру ережелерін қарастырғанда, тағы басқа бұл заңдарды қолданамыз. Осыған байланысты бұл заңдардың логикалық мәні мен талаптарын меңгеріп, біліп алған жөн.
7 дәріс. Дәлелдеу және терістеу

Дәлелдің біздің өмірдегі, әсіресе ғылымдағы орнын асыра бағалау мүмкін емес. Соның өзіндедәлелдер біздің ойымыздағыдан азырақ кездеседі. Кейде дәлел ретінде ондай болып табылмайтын нәрселер беріледі. Дәлелге барлығы жүгінеді, дегенмен, «дәлелдеу» сөзінің мағынасының не екенін, ол неге дәлелдейтінін, пікірдің барлығын дәлелдеуге немесе жоққа шығаруға болатын-болмайтынын, дәлелдеуге қажеттілік бар ма деген сауалдарға жауап жоқ.

Логикада дәлел деп қандай да бір пікірді басқа, шынайылығы белгілі пікірлерді келтіре отырып, біріншісінің шынайылығын көрсету процедурасын айтады.

Дәлелдеуде тезис – дәлелдеуді қажет ететін пікір, негіздеме (аргумент) - тезисті дәлелдеуге қажетті жағдайлар, және тезис пен негіздемелердің арасындағы логикалық байланыс болады.

Ойдың жалпы қозғалысы тұрғысында дәлелдер тура және жанама болып бөлінеді.

Тура дәлелдегі міндет – логика заңдары бойынша тезис шығара алатындай сенімді аргументтерді табу.

Жанама дәлел тезистің әділетті екенін оған қарама-қарсы тезистің (антитезис) қате екендігін көрсетеді.

Жоққа шығару – берілген жағдайға қарама-қарсы бағытталған және оның қате екендігін немесе дәлелсіз екенін көрсетуді мақсат ететін тұжырым.

Дәлелдегі қате – әдеттегі нәрсе. Дәлелдерді келтре отырып, біз өзіміздің логикалық интуициямызға, жете білмейтін логика заңдарына сенеміз. Әдетте бұл дұрыс болады. Дегенмен жекелеген, әсіресе күрделі жағдайларда ол сенімсіз болуы мүмкін.

Дәлел – қабылданған аргументтер мен олардан шығатын тезистің логикалық байланысы. Дәлелдегі логикалық қателерді тезиске қатысты, аргументке және олардың байланысына қатысты деп бөліге болады.

Ой қорытындысы логикалық заңға негізделмесе және қорытынды қабылданған белгілерден шықпаса, формальді қате орын алады.

Тезиске қатысты қате – тезисті алмастыру, дәлелдеу кезінде аңдаусыз немесе қаскөйлікпен оларды басқа тұжырыммен ауыстыру. Тезисті алмастыру дәлелдеуге қажетті емес нәрсені дәлелдеуге алып келеді. Тезис тарылуы мүмкін және ондай жағдайда ол дәлелденбеген болып қалады. Тезис сонымен қатар кеңейе алады.

Көп кездесетін қате – тезисті жалған аргументтердің көмегімен дәлелдеуге тырысу.

Сопылық дегеніміз дұрыс болып көрінетін, бірақ жасырын логикалық қатесі бар және жалған тұжырымға шынайы түр беруге қызмет ететін пайымдау.


8 дәріс. Шындыққа ұқсас пайымдау

Дедукциялық ой қорытындынын көп тараған айрықша формасын логиканың атасы Аристотель силлогизм (грек. "силлогизм" – жинақтау, корыту) деп атаған болатын. Бұл термин осы күнге дейін сақталып келеді. Силлогизм дегеніміз — екі немесе одан да көп алғышарттардан қорытынды, шығаратын дедукциялық ой қорытынды. Дедукциялық ой қорытынды немесе силлогизм – біреуі міндетті түрде жалпы пікір болатын екі пікірден үшінші пікір шығаратын ой қорытынды.

Мысалы: Барлық оқушылардың күнделігі бар. Дәурен – оқушы. Яғни, Дәуреннің де күнделігі бар.

Ғылым мен практиканың кез келген саласында таным үдерісі эмпириялык танымнан, яғни жеке нәрселер мен күбылыстардың сапалары мен қасиеттерін талдаудан басталады. Бір тектестабиғат және қоғам кұбылыстарын бақылау барысында зерттеуші ұқсас нәрселердің бөрінде кайталанатын белгілі бір касиеттерін табады. Олардың ұдайы қайталана беруі: ол қасиеттербелгілі бір топка, таігқа жататын барлық күбылыстар үшін ортақ жалпы қасиет екенін көрсетеді. Сөйтіп, жекеше білімнен жалпы білімге көшудің логикалық формасы – индукция әдісі қолданылады.

Индукциялық ой қорытындының негізгі идеясы – жеке айғактарды жинактап, жалпы ой корытып шығару. Бұл жалпылау өзінің мазмұны мен маңызы жағынан алуан түрлі – күнделікті карапайым іс – практикалық әрекеттен бастап, ғылымдағы тәжірибелік жалпылау немесе ғылымдардың ең жалпы заңдарын қорытып шығару.

Индукциялык ой қорытындының негізіне бір топқа жататын құбылыстарда қайталанатын белгілер жайлы тәжірибе жолымен шығарылған жеке-дара жағдайлар алынады. Дедукциялык ой корытындымен салыстырғанда, индукциялық ой корытындының ақиқат сілтемелері әрдайым кажетті түрде ақиқат корытынды бере бермейді, өйткені индукциялық ой қорытынды жеке деректерге, тәжірибелік мәліметтерге негізделетіндіктен, ол деректердің барлық көріністерін түгел қамти алмайды. Тәжірибенің толық аяқталу-аяқталмауы индукциялык қорытындының логикалық сипатына айтарлыктай әсерін тигізеді. Сондықтан индукциялық қорытынды, негізінен, ықтималдық сипатта болады.

Тәжірибелік зерттеудің толықтығына, аяқталған- аяқталмағандығына қарай индукция толымды және толымсыз болып екі түрге бөлінеді.

Толымды индукция дегеніміз – белгілі бір құбылыстың барлық жағдайларын толық қамтитын алғышарттардан жалпы қорытынды шығаруымызға болатын индукциялык ой корытындының бір түрі.

Толымсыз индукция дегеніміз – зерттеліп отырған құбылыстың барлық жағдайларын қамтымайтын алғышарттардан жалпы қорытынды шығаратын индукциялық ой қорытындының бір түрі.

Толымсыз индукцияның ерекшелігі және сонымен бірге күндылығы мынада: біз толымсыз индукция арқылы зерттеп отырған құбылыстың барлық жағдайлары жөнінде жалпы қорытынды жасай алмаймыз. Бірақ толымсыз индукцияның сілтемелерінде ол жағдайлардың бәрі емес, біразы ғана көрсетіледі.

Аналогия дегеніміз – екі нәрсенің кейбір белгілерінің үксастығынан бүл нәрселердің басқа белгілерінің ұқсастығы туралы корытынды жасауға мүмкіндік беретін ой корытындының формасы. 
9 дәріс. Сендіру тәсілдері

Сенім – шынайылық туралы түсінік қана емес, оны бағалау, идеалдар, сенім символдары, нормалар, мақсаттар, жоспарлар т.б.

Негіздеудің эмпирикалық тәсілдері көбінесе тәжірибеге сүйенеді. Теориялық аргументтеу пайымдауға негізделеді. Эмпирикалық және теориялық аргументтеу арасындағы айырмашылық, эмпирикалық және теориялық білім арасындағы шектің салыстырмалылық сияқты салыстырмалы болып табылады.

Дәйектеудің эмпирикалық тәсілдері растау немесе верификация деп те аталады. Растауды тікелей және жанама деп бөлуге болады.

Тікелей растау – тексерілетін растауда көрсетілетін құбылыстарды тікелей бақылау.

Жанама растау – дәлелденетін жағдайдың логикалық салдарларын тәжірибеде растау.

Абстрактілі өмірлік шындықтармен емес, нақты, өзгермелі жағдайлардағы адамдармен айналысатын журналистикада контекстуалдық аргументтеу аса маңызды роль атқарады.

Барлық контекстуалды аргументтер ішінде көбірек пайдаланылатыны және маңыздырағы – дәстүрге аргументтеу. Дәстүр – анонимді, стихиялы қалыптасқан үлгі, нормалар, ережелердің т.б. жүйесі, оны өз істерінде кең және тұрақты адамдар тобы басшылыққа алады.

Абыройға аргументтеу – өз істері мен пікірімен берілген салада өзін-өзі керемет таныта алған тұлғаның ойынан немесе іс-әрекетіне сілтеме.

Парасатты мағына гуманитарлық аргументтеу және адамның өмірі мен іс-әрекетіне қатысты мәселелерді талқылауда ерекше қызмет етеді.


10 дәріс. Пікірталас өнері


Эристика дегеніміз – айтыса білу өнері, ол әсіресе ежелгі грек софистері арасында кең тараған. Эристика ақиқатты талас жолымен іздестіру құралы ретінде пайда болды; көп кешікпей диалектика және софистика болып бөлінді. Біріншісін Сократ өз тәсілінде дамытты. Ал софистика таласта қарсыласын жеңуге ғана ұмтылып, эристиканы кез келген пайымдауды бірдей дәрежеде ойдағыдай дәлелдеуге де, теріске шығаруға да болатын тәсілдер жиынтығына айналдырды, сондықтан Аристотельдің өзі Эристика мен софистиканың арасында айырмашылық бар деп санамады. Айтысты жүргізу өнері эристика деп аталады. Бұл өнердің міндеті өзгелерді өз көзқарасының дұрыстығына иландыра білуге үйрету бол- ды. Алайда бара-бара эристиканың бағыты өзгерді: ол енді ақиқат пен әділдікті пір тұтпай, қандай жолмен болса да жеңіске жетуді көздеді. Сөйте-сөйте айтыста жеңуден өзгені көздемейтін бұрыс тәсілдер кең тарала бастады. Әрине, айтыста бұрыс тәсілдерді қолдану айтыстың идеясына нұқсан келтіретіні сөзсіз. Себебі айтыс адамдар арасында өзара түсіністікке жетудің, әлем туралы білімді тереңдетудің маңызды құралы. Эристика айтысты оқыту және оны жүргізу өнеріне үйрету ретінде қажет әрі пайдалы. Тек мына шартты сақтаса ғана: айтыстың мақсаты кез-келген жолмен жеңіске жету емес, ақиқат пен мейірімділік орнату болса. Эристика жеке бір ғылым немесе қандай да бір ғылымның тармағы емес. Ол жүріске не музыкаға үйрететін секілді «тәжірибелік өнердің» бір түрі. Айтыста жеңіске жетуге жетелейтін тактикалық тәсілдерді дұрыс және бұрыс деп бөлуге болады. Біріншісі тікелей техникалық сипатқа ие, онда қулық элементтері бар, бірақ тікелей алдау жоқ. Екіншісі (бұрысы) – әр түрлі алдаушылық әрекет- тер. Әрине, тактикалық арбаудың екеуін де білген жөн. Дұрыс тәсілдер бар құралдарды пайдаланып, өз көзқарасын дәлелдеуге үйрену үшін қажет. Бұрыс тәсілдер бұл құралды дұрыс меңгермеген қарсыласты мұқалдыруға көмектеседі.

Дискуссия – пікірталас, белгілі бір мәселе бойынша пікір сайысы, қандай да болсын мәселені немесе өзара байланысты мәселелер тобын білікті тұлғалармен бір мәмілеге келу үшін талқылау.

Полемика – идеялардың, көзқарастардың, пікірлердің қарама- қарсылығы, күресі, конфронтациясы бар дауласу.

Эклектика – өзара іштей қабыспайтын, кейде тіпті бір-біріне қарама-қарсы тұрған көзқарастарды, идеяларды, принциптерді жай ғана механикалық түрде біріктіріп, дамудағы объект туралы түйін жасайтын әдіс.



Софистика – даму үстіндегі объектінің кездейсоқ бір жағын, белгілі бір қасиетін негіз етіп алады да, сол арқылы пікір түйіндейтін әдіс. Антикалық философияда бұл әдіс – ақталуда және даулы мәселелерді шешуде қате пікірлерді, яғни софизмдерді пайдаланып, формальды шындық ретінде көрсетуге қолданылды. Софистер (Протагор, Горгий, Гиппий, т.б.) риторикаға (әдемі сөйлеу өнері) үйрететін ұстаздар болған. Олардың басты қағидасы – өз позицияңды дәлеледей білу. Софистер объективтілік ақиқатқа ұмтылған жоқ, осы үшін Сократта, Платонда оларды сынға алды. Протагор «Адам – барлық заттардың мөлшері» деп санаған.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет