Темірастау орта мектебі
Бекітемін: __________
Оқу ісінің меңгерушісі: Ж.Мұхтар
Ашық сабақ
Тақырыбы: Дербес компьютердің құрауыштары
(8-класс)
(жаратылыстану және техникалық пәндер бірлестігінде)
Өткізген: Мұхтарова Гүлшат Жарасқызы
Информатика пәнінің мұғалімі
2011-2012 оқу жылы
Пәні: Информатика
Класы: 8-класс
Уақыты:
Сабақтың тақырыбы: Дербес компьютердің құрауыштары
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды дербес компьютермен, оның негізгі блоктарымен және олардың міндеттерімен таныстыру. Қосымша құрылғыларын, олардың түрлерін көрсете отырып меңгерту. Құрылғыларды қосып, ажыратуды үйрету
Дамытушылық: Оқушыларды компьютердің құрылымын таныстыру арқылы техникалық сауаттылықтарын арттыру. Оқушылардың танымдық қабілеттерін, ой-өрісін, логикасын пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.
Тәрбиелік: Компьютермен ұқыпты жұмыс жасауға, қоғам мүлкіне жанашырлықпен қарауға үйрету, қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу
Сабақ көрнекілігі: электронды оқулық, слайд-шоу, үлестірмелі материалдар, бағалау фишкалары техникалық құрылғылар: интерактивті тақта, компьютер
Сабақ түрі: Ашық сабақ
Сабақ әдісі: Практикум элементтері бар түсіндірмелі баяндау, әңгімелесу, сұрақ-жауап
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, орыс тілі
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Қызығушылықты ояту кезеңі /”Ғажайып тоғыздық» ойыны /
Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі
Жаңа сабақты бекіту кезеңі / «Лото» ойыны/
Үй тапсырмасы
Сабақты қортындылау
Ұйымдастыру кезеңі:
Саламатсыңдар ма оқушылар?/оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындықтарын қадағалау/Көңіл күйлерің қалай? Олай болса бүгінгі қызықты сабағымызды бастайық.
Сендер дербес компьютердің негізгі құрылғыларымен 7-кластан таныссыңдар, келесі қызығушылықты ояту кезеңінде сол мәліметтерді еске түсіріп көрейік.
Қызығушылықты ояту кезеңі: /
Достарыңызбен бөлісу: |