Квадрат теңдеулер арқылы шығарылатын есептер
(8-сынып)
І.Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік мақсаты: Мәтінді есептерді квадрат теңдеу арқылы шешу
алгоритмімен таныстыру,квадрат теңдеуге келтірілетін есептерді
шығаруды үйрету.
2.Тәрбиелік мақсаты: Жүйелі түрде жұмыс істеуге,өз ойын дәл ,нақты айта білуге
бейімдіктерін қалыптастыру.
3.Дамытушылық мақсаты: Оқушыны есептің шешімін өздігінен іздеп,таба білуге
дағдыландыру.
ІІ.Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
ІІІ.Сабақтың әдісі: Дамыта оқыту,саралап оқыту,сұрақ-жауап,
топпен жұмыс әдістері.
ІY.Қолданылған технология: Деңгейлеп оқыту.
Y.Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта арқылы формулалар,
тест тапсырмаларын, есептер көрсету.
YІ. Пәнаралық байланыс: Экономика.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.Оқушыларды түгендеу,бүгінгі сабаққа назар аударту.
Сабақтың тақырыбын,мақсатын хабарлау
(оқушыларды 3 топқа бөліп орналастыру).
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Слаид 1.
Оқушылардың жаңа сабаққа қызығушылығын ояту және белсенділігін арттыру
(3 топ оқушылары жарыса отырып орындайды ).
Достарыңызбен бөлісу: |