Латыннегізді әліпбиге көшуде кездесуі мүмкін психолингвистикалық мәселелер Тлебалдықызы Г



Дата03.02.2023
өлшемі40,93 Kb.
#167303
Байланысты:
Латыннегізді алипби психолинг
Салыктык аудит 1СРС Баияхитова Улдана, 1. ûø ûëäû ñóëû åð³ò³íä³ëåð³ ìåí íåã³çäåðä³ (ê øò³ ûø ûë, ê , жаратылыстану 5 билет, СОЧ 11 класс для учеников 3 четверть — переделан, Биология ЖМБ. жауабымен, httpengime.orgpars docsrefs133132240132240.pdf 4

Латыннегізді әліпбиге көшуде кездесуі мүмкін психолингвистикалық мәселелер


Тлебалдықызы Г., «Тұран-Астана» университеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-курс студенті.
Ғылыми жетекші: «Тұран-Астана» университеті доценті, ф.ғ.к. С. Симбаева

Қазіргі таңда 4 миллиард 900 миллион адам латын әліпбиін қолданатыны туралы мәлімет бар. Олай болса, ғаламдық кеңістікке кірігу кілті – латыннегізді әліпбиді қабылдау. Алайда оны тек ғалымдар мен білім алушылар ғана емес, басқа әлеуметтік топтар да қабылдайды. Сондықтан белгілі психологиялық кедергілер туындауы заңды. Сол себептен де оның психололингвистикалық аспектісін қарау маңызды.


Психолингвистика — психология мен лингвистиканың аралығындағы ғылым саласы. Ол сөйлеу процесін, оның мазмұнын, коммуникативтік рөлін, ойға қатысы тұрғысынан зерттейді. Осы бағыттың негізін салушы неміс ғалымы  Г. Штейнталь тілді жеке адаммен қатар, этнос психологиясының көрінісі ретінде қарастырды. Оның пікірінше, тіл білімі адамның жеке психологиясын ғана емес, халық психологиясына да сүйенуі қажет. Психолингвистиканы жеке лингвистиканың немесе тек психологияның саласы деп қарастыруға болмайды. Бұл лингвистикалық пәндерге байланысты күрделі ғылым, өйткені ол тіл мен психологиялық пәндерді зерттейді, және оны белгілі бір аспектіде - психикалық құбылыс ретінде қарастырады. Тіл - қоғамға қызмет ететін белгілер жүйесі болғандықтан, психолингвистика әлеуметтік хабарларды оқып үйренетін пәндер шеңберіне енгізіледі, оның ішінде білім беруді жобалау және беру [1,35].
Адам тілді толық меңгеру мүмкіндігімен туылған. Алайда, бұл мүмкіндік әлі де дамытылуда. Бұл іс-әрекеттің қалай болғанын түсіну үшін психолингвистика баланың сөйлеуін жетілдіреді. Психолингвистика сонымен қатар сөйлеуді дамыту процесі мен оның жұмыс істеуінің нормадан ауытқу себептерін де қрастырады. Психолингвистика балалар мен ересектердің сөйлеу ақауларын зерттейді «нормада жасырылған нәрсе, ол патологияда анық» принципі бойынша болады. Бұл өмірдің ерте кезеңдерінде - сөйлеуді меңгеру үдерісінде, сондай-ақ кейінгі ауытқулардан пайда болатын ақаулар, мысалы, ми жарақаттары, есту қабілетінің жоғалуы, психикалық аурулар.
Психолингвистика 40 жыл бұрын Құрама Штаттарда пайда болған деп саналады. Шындығында, «психолингвистика» терминін американдық психологтар АҚШ-та құрылған ғылыми бағытқа ресми мәртебе беру үшін 1950-ші жылдардың аяғында ұсынған. Дегенмен, қазіргі таңда психолингвистика белгілі бір шекарасы бар ғылымға айналған жоқ, сондықтан осы ғылымның қандай тілдік және сөйлеу аспектілерін және осы мақсатта қандай әдістерді қолданатындығын нақты анықтау мүмкін емес.
Тіл мен сөйлеудің психолингвистикалық болашағы іс жүзінде американдық ғалымдар тобы «психолингвистика» терминін енгізгенге дейін бар болған деп саналды. Жоғарыда айтып кеткеніміздейдей, психолинвистика білім беру, адамзат баласын тәрбиелеу тұрғысынан алғанда тілмен тығыз байланысты. Оның осы замандағы, яғни, ХХІ ғасырдағы маңызына тоқталатын болсақ, қазіргі таңда да психолингвистикамен көптеген ғалымдар айналысуда. Латын графикасына көшуге байлнысты Қазақстан ғылымы үшін де маңызы артып отыр. Еліміз өміріндегі бұл өзгеріс үлкен бастамаларға әкелмек, сондықтан да бұл әліпбидің енуіне дейін әлі де біршама уақыт бар болса да, халықты осыған психологияылық тұрғыдан дайындап, дамытқан дұрыс болар. Себебі латыннегізді әліпбиді тек көзі қарақты зиялы қуым өкілдері мен білім алып жатқан жастар өкілдері ғана қабылдамайды. Бұл үдеріс елеміздегі барлық әлеуметтік топтарды қамтиды. Ал кириллица харпімен жазып үйренген халыққа өзінің қабылдуын психологиялық тұрғыдан дайындау оңайға түсе қоймас. Оқу, жазу-сызумен күнделікті бетпе-бет кездесе бермейтін әлеуметтік топ өкілдері латын таңбалары негізінде жазу үшін оған үйренуі, таңбаларды бірден ажырата алатындай жаттығуы тиіс.
Психолингвистика – бұл экспериментальды ғылым, дәстүрлі лингвистика байқау әдісі арқылы жүзеге асса, психолингвистика тәжірибе жүргізу арқылы анықтайды. Мұнда ең бастысы, тілді адамнан бөліп қарау емес, керісінше, тілдің адамның сөйлеу қызметінде қолданылуы.  Жаңа емлені меңгеру барысында көпшілік халықтың санасында психологиялық жайсыздық болады. Оны тіл ғылымында «психолингвистикалық жайсыздық» деп атайды. Жаңа емлені үйренген кезде кирилл әріптері мен латын қаріптерін өзара салыстырғанда олардың арасында геторогенді және гомогенді таңбалар болады. Геторогенді таңбалар дегеніміз өзара ұқсамайтын таңбалар. Гомогенді таңбалар дегеніміз өзара ұқсайтын таңбалар. Біз алдымен өзара ұқсамайтын геторогенді таңбаларды үйреніп алуымыз керек. Мәселен, «б» таңбасы латындағы «b» таңбасына ұқсамайды. Ал, кирилл әліпбиіндегі «а» мен «е» дыбыстары латында белгілейтін таңбаға ұқсас. Ең алдымен қазақ тіліндегі төл дыбыстардың жазылуын меңгеру біршама психологиялық қолайсыздық тудырады. Сонымен қатар, алдымен оқылым дағдысын қалыптастыру керек. Оқылым дағдысы қол дағдысына қарағанда жеңілірек. Осыған орай түрлі жастағы ітүрл әлеуметтік топтар арасында сауалнама жүргізген едік. Нәтижесінде «Uu – Ұұ», «Úú –Үү», «Yy- Ыы» таңба сәйкестіктерін қабылдауда біраз психологиялық қолайсыздықты сезінетіндерін білдік. Мысалы, кирилл әліпбиін қолдануда «ұу», «үу», «ыу», «іу» дифтонгтерінің орнына қолданылатын «Уу» таңбасын «ы» дыбысының баламасы ретінде көру белгілі бір дағдыны қалыптастыруды талап ететінін тілге тиек етті. Сонымен қатар, «Shsh –Шш» сәйкестігі де сауалнама жүргізу барысында біраз дау тудыратын мәселе екенін көрсетті. Атап айтатын болсақ, «асхана» сөзін жазып көретін болсақ, «ashana», ал оны кейбіреулер «ашана» деп оқиды екен. Міне, осы сияқты мәселелерге көз жеткіздік.
Сауалнама жүргізу барысында ересек адамдар жауап беруге аса зор құлшыныс танытпады және үміттен гөрі күмән мен күдікке көбірек бой алдыратындарын байқадық, ал жас буын өкілдері жазып та, оқып та жүргендерін, еш қолайсыздық сезінбейтіндіктерін байқатты. Бірнеше сөздерді жазып та, оқып та көрсетті. Олар өзара жазбаларды жаңа әліпби негізінде жүзеге асырады екен.
Сауалнама нәтижесін төмендегі суреттен байқауға болады:

Сурет 1.- Сауалнама нәтижесі.

Ендігі кезекте, осы латын харпінін енуінің жағымды жақтарын айтсақ, заманауи дамыған мемлекеттердің көпшілігінің латын харпімен жазатындығы анық, бұл өз кезегінде біздің мемлекетіміздің де дамуында үлкен септігін тигізеді десек те болады, қалай дейсіздер ғой, барлық елдер латын харпін біледі, егер біз де осы әліпбиге ауысатын болсақ, мемлекетіміз туралы көптеген халықтар біле алады, былайша айтқанда заман көшіне ілесе аламыз.


Тіл жанашырлары мен мамандары да осы пікірді ұстанатындарын олардың пікірлері дәлелдейді.
Серік Ерғали, мәдениеттанушы: «Қазіргі қолданыстағы кирилл әліпбиі қазақ тіліне тән емес, қазақ тілі кирилл әліпбиіне бағынған. Сол негізде орыс-қазақ кирилл әліпбиі дүниеге келген. Мен орысша теру үшін ешқашан орыс регистрін қолданбаймын, өйткені, ол тілдегі мәтінді теруге қазақ теруіші жеткілікті. Бүгінгі кирилл-қазақ клавиатурасы арқылы орысша да, қазақша да теруге мүмкіндік беретін ортақ дүние, демек, әліпби де екі тілге ортақ. Әлемде бұндай парадокс жоқ!!!»
Ербол Тілешов, Тілдерді дамыту орталығының директоры, алаштанушы, ғалым: «5 жылда біз көп нәрсеге көз жеткіздік. Тіл жанашырлары ойланды. Кирилл әліпбиінің кем-кетігін түсінді. Жиырмадан астам тұлғалар өздерінің жобаларын алып шықты. Олардың ішінде Серік Ерғали, Жанат Аймағанов, Әлімхан Жүнісбеков, Зейнеп Базарбаева, Аманқос Мектептегі сияқты елден ерекше көзқарастағы, ойшыл зерттеушілер бар."
Ербол Тілешов: «Мысалы, еврейлер жоғалып кеткен тілдерін 2000 жылдан кейін қайта жасады. Алайда ол өлі тіл күйінде қалды. Саналуан метафорасы, саналуан синонимі жоқ. Тек жазбаша қарым-қатынас тілі болып қалыпты. Бұны еврей ғалымдары да мойындап отыр. «Тілімізде кие болмағасын халықтың басын қоса алмады, тек қарым-қатынас таңбасы болып қалды» , – деп қынжылыпты. Сол киені сақтау үшін де түп-тамырынан айырылмауы керек [2]
Жапон елі мәселен өзінің IT технологиясында және ғылым саласында латын әліпбиін екінші әліппе ретінде қолданады. Қытай елі де өздерінің ироглифтерімен қатар, осы латын әліпбиін пайдаланады. Қазақ тілін латын әліпбиіне көшкенде өз тілдерін кириллица бойынша жазып жүрген өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйренуде қиындық тууы мүмкін деп уәж айтушылар болатыны сөзсіз. Алайда, соңғы 15 жылда кириллицадағы мемлекеттік тілді меңгеруге құлықсыз болғандар сол күйінде тілді меңгергісі келмейтіні айдан анық емес пе?[3]
Қорыта айтатын болсақ, жаңа әліпби туралы жағымды пікір туғызып, оның берері мол ұтымды тұстарын көбірек насихаттаған абзал. Сол кезде күмәнмен қарайтындардың күдігі сейіліп, психологиялық қолайсыздықты жылдам еңсерері сөзсіз.


Дереккөздер:

  1. Сахарный Л.В. Введение в психолингвистику. Л.: Изд-во Ленинградского университета, 2009.-181с

  2. https://strategy2050.kz/news/atin_karpine_koshu_2025_zhilga_deiin_zhuzege_asadi__sarapshi____52889/ .

  3. http://www.wikiwand.com/kk/%D0%90%D1%85%D0%BC%D0%B5%D1%82_%D0%91%D0%B0%тіл білімі викиуанд сайты.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет