Лекция 2
CАЯСИ ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ
Кейбіреулер саясаттанудың даму жолын оқып керегі не деп те ойлауы мүмкін. Ондай ой ағаттық болар еді. Себебі, біріншіден, қазіргі өркениетті деп саналатын қоғамдық құрылыс, демократиялық идеялар бір күн немесе бір жылда пайда бола қойған жоқ. Оған мыңдаған жылдар бойы озық ойлы данышпан ойшылдар ерінбей еңбек етіп, әрқайсысы өшпестей өз үлестерін қосты. Екіншіден, қоғамдық ой-пікірде түпкілікті, үзілді-кесілді шешуге келмейтін мәңгілік мәселелер де кездеседі. Әрбір тарихи дәуір оларға өзінше ой жүгіртіп, өзінше баға береді. Ал тарих болса, ескі қателіктерді қайталамауға үйретеді. Үшіншіден, адамзат ақыл-ойы дамуының өзіндік ішкі қисыны, логикасы болады. Оларды оқып-білу арқылы өркениеттіліктің сатыларынан өтіп, саяси тәжірибе жияды. Сондықтан саясаттану тарихын білмей, қазіргі саяси жағдайды толық түсіну қиындық етеді. Төртіншіден, кейбір саяси теорияларды негіздеушілер және оларды жақтаушыларды өз іс-әрекеттерінің шындығын дәлелдей үшін тарихи дәстүрлерге жүгінуді ұнатады. Бұл да тарихы тағылымға талмай үңілуді талап етеді. Сондықтан саясаттанудың ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін өткен замандардағы ғұлама ғалымдардың, данышпан дарындардың саралы саяси ой-пікірлерін оқып-үйренудің маңызы зор.
Саясаттанудың даму тарихын зерделегенде тағы бір есте болатын жай қай заманның ойшылдарын болмасын ойландырған, әлі де ойландыратын ортақ мәселелер бар. Олардың қатарына жататындар: мемлекет деген не, ол қалай пайда болды,не үшін керек, оның ең жақсы түрі бар ма, билігінің шегі қандай, әділдік деген не, саясат пен адамгершіліктің арақатынасы қандай және т.с.с. Бұл мәселелер жөнінде әр ойшылдың өзіндік пайымдаулары болғандығын төменде жиі байқайтын боламыз.
Адамзат қоғамы сияқты, ғылым мен білім, мәдениет пен әдебиет біркелі дами қоймайды. Олардың шарықтап шалқитын, құлдырап түсетін де кезеңдері болады. Тарихта белгілі ең алғаш өрелі өркениеттіліктің ошағы болып, құлпырап гүлдену Ежелгі Шығыс – Мысыр (Египет), Вавилон (Ирак), Үндістан, Қытай, Парсы (Иран) елдеріне келеді. XV ғасырға дейін Шығыс мәдениеті Батыс мәдениетінен шоқтығы көш жоғары болып, өркениеттіліктің үлгісін көрсетті. Мұнда ең алдымен математика, геометрия, астрономия, медицина сияқты нақты ғылымдар басым дамыды.
Шығыс елдерінде жоғарғы билік шектелместен монархтың (халиф, хан, патша, сұлтан, король, император және т.т.) қолында болды. «Жерге мемлекет иелік етеді, ал мемлекет бүкіл халықтың игілігі үшін қызмет етеді» деген көзқарас қалыптасты. Патша әлеуметтік жағынан аз қорғалған топтарға әкелік қомқорлық көрсетеді, ал оның қол астындағылардың оған ешқандай талап қоюға қақылары жоқ. Себебі, билеуші халық алдында емес, тек құдай алдында ғана есеп береді. Бұл елдердің тәртібі, саяси ойы өткен ұрпақтың дәстүр-салтына берік берілгендікті білдіретін. Қоғамда орнатылған тәртіп өмір бақи өзгерместей көрінеді. Ондағы өзгерісті адамдардың құдай қағидаларын орындамағандықтан туып отыр деп ұқты. Билік орнатылған тәртіпті, шындықты, әділеттікті, мемлекеттің қауыпсіздігін қамтамасыз етудің құралыдеп есептеленді.
Батыс елдердің ішінде саяси идеялар Ежелгі гректерде қатты дамыды. Онда қоғам Шығыс елдерімен салыстырғанда көп жағдайда қарама – қарсы өрістеді. Греция ол кезде саяси бытыраңқы күн кешкен ел еді. Саяси ұйым түрін жеке мемлекет болып саналған қалалар (полистер) құрды. Патшалық үкіметтің орнына аристократиялық және құл иеленушілік демократия орын алды. Билеу түрі сан алуан болатын және жие ауысып отырады. Саяси өмір қызу өрбіді, ол саяси сана теориясының терең дамуына әкелді. Сондықтан олардың саяси санасы мифтан теорияға тез ауысты.
Көне гректерде саяси ғылымға мол мұра қалдырған ойшылдар көп. Бірақ біз солардың ішінде ең көрнекті екі өкіліне – Платон мен Аристотельге тоқталамыз.
Платон б.з.б 427-347 жылдарда өмір сүрді. Шын аты –Аристокл. Жасында спортпен көп шұғылданды, жоғарғы көрсеткіштерге де жетті. Жауырыны кең болды. Сондықтан оны Платон (кең жауырынды) деп атап кетті. Сол атпен ол адамзат тарихында мәңгілік қалды. Ол кезде әр ірі ғалымның мектебі болатын. Платон сияқты фәлсафашы Сократтың мектебінде оқып, оның үздік шәкірті болды. Ол қаза болғаннан кейін қайғырып, біраз елдерді аралады. Кейін Афинаға келіп өз мектебін – академияны ашты. Платонның екі жүздей еңбектері бар. Олардың ішінде біздің ғылымызға тікелей қатысы бар шығармалар «Мемлекет», «Саясатшы», «Заңдар», «Софист», «Парменид» және т.б.
Платонның ойынша, адамдар қажеттіліктерін жеке-дара өтей алмайды. Олар өмір сүру үшін тамақ, киім өндірулері, үй салулары және т.т. жасаулары керек. Біреулері егіншілікпен, екіншілері тігіншілікпен, үшіншілері құрылысшылықпен, төртіншілері етікшілікпен және т.с.с. айналысады. Сөйтіп, олардың бәрі бірігіп қана қажеттіліктерді өтейді. Осы бірігудің арқасында қоғам, емлекет пайда болады. Мемлекет адамдарды алаламай, байына да, кедейіне де, азына да, көбіне де қарамай – бәріне бірдей әділ қызмет етуі керек. Бірақ бұдан Платон адамдардың бәрін теңдестірген екен деген ой тумауы керек. Керісінше, ол адамдарды үш үлкен әлеуметтік топқа (сословиеге): 1) әкімдер; 2) қорғаушылар; 3) өндірушілер етіп бөлді. Әкімдерге фәлсафашыларды жатқызды. Олар табиғатынан шындықты, ақиқатты, игілік идеясын саралап, танып-білуге қабілетті, икемді болу керек. Қорғаушылар әкімдердің ой, ниеттерін іске асырады, мемлекет қорғайды. Өндірушілер (егіншілер мен қолөнер) өмірге керекті қаржыларды тауып, ммлекетті материалдық жағынан қамтамасыз етеді. Олар билеу ісіне араласпайды. Әр топ өзіне тиісті қызметті атқаруы керек. Сонда ғана әділдік орнайды. Бір таптан екінші тапқа (әсіресе, төменгі таптан жоғарғы таптарға) өтуге болмайды. Қай сословиеде тусан, соның өкілі боласың. Адамдарды осылай жіктей келе, Платон олардытым бай немесе өте кедейлікке жібергісі келмеді. Себебі, мұндайда қоғамда ортақ мүдде орнамайды. Сондықтан орта деңгейді ұнатты.
Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды. Өйткені қоғамдағы кикілжіңдерді, дау – жанжал, қайшылықтарды тудыратын жеке меншік деп санады. Соған орай әкімдер мен жауынгерлерде жеке меншік пен отбасы болмауын қалады. Олар ортақ игілік үшін еңбек етулері керек. Сондықтан оларлы адамды қызықтыратын әзәзіл жеке мүдде, баю жолынан құтқарғысы келді. Сол себебті олардың әйелдерімен балалары ортақ болғанын жөн көрді. Оларды мемлекет өз қамқорлығына алуға тиіс. Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді: аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания. Бұлардың ішінде ең жақсысына аристократиялық мемлекетті жатқызды. Онда ақыл – естілік, парасаттылық билейді, оның принциптері – адамгершілік, абырой, ар – намыс деп санады.
Ертедегі гректердің саяси ой – пікірлерін одан әрі дамытып, фәлсафасын шыңына жеткізген ұлы ойшыл Аристотель (б.з.б. 348 - 322) болды. Ол 17 жасында аты шыққан Платон академиясын іздеп келіп оқуға түседі. Оны үздік бітірген соң 20 жыл бойы сонда ұстаздық етті. Платон дүние салған соң біраз елдерді аралады. Б.з.б. 342 – 340 жылдары Македония патшасы
II Филиптің шақыруымен оның баласы, болашақ император Ескендірді (Александр Македонскийді) оқытып, тәрбиеледі. Кейін Афинаға оралып, өз мектебін (лицейді) ашты. Осында ол бірінші рет саяси ғылымдыпән ретінде кіргізіп, өзі сабақ берді. Аристотельді саясаттанудың әкесі дейтіні содан. Саясаттануға қатысты «Саясат», «Афиналық полития», «Этика», «Риторика» деген еңбектері бар.
Аристотель саясатқа кең мағына берді. Оған этиканы да, экономиканы да енгізді. Саясатты адам мен мемлекеттің жоғарғы игілігі, оның мақсаты – адамды, мемлекетті жақсы тұрмысқа, молшылықа, бақытқа жеткізу деп білді. Сөйтсе тұра, ол құл иеленушілікті қолдады,құлдар мен ерікті кедейлерге саяси құқық бергісі келмеді.
Аристотельдің ойынша, мемлекет – қауымның дамыған түрі, ал қауым – отбасының дамыған түрі. Мемлекетке адамдар белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді. Ол мемлекетті дұрыс жыне бұрыс түрлерге бөлді. Дұрыс түріне монархияны, аристократияны және политияны (Аристотель дәуіріндегі Грециядағы мемлекеттік құрылыс) жатқызды. Ал тирания, олигархия мен демократия ны мемлекеттің бұрыс түрі деп санады. Мемлекеттің дұрыс түріне әкімдер халық, ел пайдасын ойлайды, билік қоғамға қызмет етеді. Ал бұрыс түріне олар өз бастарының пайдасын ойлайтын көрінеді.
Ұлы ойшыл саяси басқаруда адам емес заң басқарғаны дұрыс көрді. Себебі, әкім қаншалықты жақсы болғанымен сезімге, ашу – ызаға берілмей қоймайды, ал заң болса байсалдылығымен, парасаттылығын жоймайды.
Аристотель Платон айтқан қоғамдық меншікке қарсы шығып, жеке меншікті жақтады. Сонымен қатар ол адамдардың аса байып немесе шектен тыс кедейленіп кетуін құптамады.Себебі, мұндайда қоғамның тұрақтылығы бұзылады дей келіп, орта деңгейді дұрыс көрді.
Саяси ойдың даму тарихында айтарлықтай із қалдырған Ежелгі Рим болды. Онда әсіресе атақьы шешен, мемлекет қайраткері және ойшыл Марк Туллий Цицерон (б.з.б. 106 – 43) өмір сүрді. Оның «Мемлекет туралы», «Заңдар туралы», «Міндеттер туралы» деген еңбектері көпке әйгілі.
Цицерон мемлекеттің пайда болуының негізгі себебі – адамдардың бірігіп өмір сүруге тырысатын табиғи талабының және меншікті қорғау мақсатынан туындайды дейді. Қоғамға және жеке меншікке қол сұғқға болмайды. Бұлардың мызғымастығын бұзушылықты әділеттілік пен құқықты қорлаумен бірдей көрді. Цицерон мемлекеттің құрылым түрі оны басқарушының «мінезі мен еркіне» байланысты болады деп түсіндірді. Басқарушылардың санына қарай ол мемлекет басқаруды патшалық билік, аристократия (оптиматтардың билігі) және демократия (халық билігі) етіп үш түрге бөлді. Бұлардың әрқайсысының өзінің жақсы жақтары мен кемшіліктері бар. Мәселен, патша рақымшылдығымен жұртқа ұнайды, бірақ мұнда басқа адамдар заң, шешім қабылдаудан сыртта қалады және бір адамның басшылығы зорлық – зомбылыққа оңай айналып кетуі мүмкін. Оптиматтар (аристократтар) даналығымен бағалы, бірақ олар үстемдік еткенде халық өз еркіндігін пайдалана алмайды, билік ақсүйектердің сұрқия тобының қолында қалуы мүмкін. Демократия болса бостандығымен жағымды, бірақ халықтың толық билігі зиянды зардаптарға, «тобырдың зорлығы мен есалаңдығына» әкеліп соқтыруы мүмкін.
Цицерон мүліктік теңдік идеясына қарсы болды, қоғадық – саяси қатынастарда әлеуметтік жіктелу мен теңсіздікті әділеттілік деп санады.
Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды (V-XVI ғасырлар). Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті. Христиан діні феодалдық қоғам көзқарастарының өзегі, біртұтас христиан мәдениетінің негізі болды.
Орта ғасырлардағы Батыс Еуропаның саясат тарихында римдік – католиктік шіркеудің, папалықтың және ақсүйек феодалдардың арасында қоғамдағы басқарушы рөл үшін қиян – кескі күрес болып тұрды. Үкімет басында дін иелері ме әлде ақсүйектер болуы керекпе деген сұрақ сол кездегі саяси білімнің негізгі мәселелерінің бірі болды.
Шіркеудің саяси талабын дұрысқа шығару мақсатымен оны жақтаушылар патшаға құдіретті шіркеу берді, ал оған мұндай абырой, беделді берген құдай. Сондықтан христиан патшалары шіркеу басшыларына бағынуы керек деп уағыздады. Бұған ақсүйектер көнгісі келмей, билікті өз қолдарында ұстағысы келді.
Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин (354-430) еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарастары «Құдай қаласы туралы» деген еңбегінде баяндалған. Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқықтық мекемелер мен заңдарды адамның күнәсінің нәтижесі деп санады. Оның ойынша, құдай адамға еріктің еркіндігін береді, яғни ол өз бетімен (күнәһар болып) немесе құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Соған орай ол адамдарды құдай жолымен және адам жолымен өмір сүрушілер деп екі түрге бөлді. Бұл топтарды рәміз ретінде екі қала деп атайды. Біріншісін, болашақта құдаймен мәңгілік патшалық құратын, екіншісін, жын-шайтандармен бірге мәңгілік жапа шегіп, сазайын тартатын адамдардың екі қоғамы деп түсіндірді.
Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жеткізген монах
Фома Аквинский (1225 – 1274) болды. Оның саяси көзқарастары «Билеушілердің басқаруы туралы», «Теологияның жиынтығы» деген еңбектерінде қаралды.
Аквинский өз шығармаларында Аристотельдің көзқарастарын католик дінінің қағидаларына бейімдегісі келді. Атап айтқанда, ол Аристотельдің адам қоғамдық және саяси тірі жәндік деген пікірін пайдаланды. Жалғыз адам өз мұқтаждығын, қажеттілігін жеке – дара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан мемлекет болып бірігіп өмір сүру адамдардың пешенесіне әуел бастан жазылған деп түсіндірді. Мемлекеттік биліктің мақсаты – «ортақ игілікке» жету, адамдарға лайықты, ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау. Ол үшін феодалдық – сословиелік жіктелудің сақталуы шарт. Жоғарғы сословиеге бәрі бағынуы тиіс.
Фоманың ойынша, билік құдайдың құдыретімен орнайды. Сондықтан патшалық билік жоғары діни билікке бағынуы керек, онық түсіндіруінше, аспанда құдай, жерде Рим папасы билеуі тиіс.
Осыған ұқсас саяси көзқарас мұсылман дінінде де орын алды. Ислам саяси билік дін басыларының қолында болуын көздеді. Құранның талабы бойынша қай мұсылман болмасын Аллаға, оның өкіліне және билік иесіне бағынуы тиіс.
Алғашқы исламның үйретуінше діни билік те, ақсүйек билік те пайғамбардың қолында болуы керек, ал ол қайтыс болған соң пайғамбардың орынбасары – халифтарға көшуге тиіс. Басында солай болды да. Тіпті, мемлекетмүлкі де құдайдікі деп есептеленді. Бірақ 945 жылдан бастап имамдар негізінен діни беделмен шектеліп, нағыз билік ақсүйек – сұлтандарға аысты.
ХVI ғасырда феодализм ыдырап, капиталистік қатынастар пайда бола бастады. Жас буржуазияны жақтаушылар католик шіркеуінің озбырлығына, оның діни қатқан қағидаларына қарсы шығып, адам құқығын, ар – намысын қорғауға шақырды. Бұл дүниедегі қызықтан бас тартуды уағыздайтын католик көзқарастарына ақыл мен тәжірибенің құдыретіне сенуді қарсы қойды. Адам мәселесі, оның мемлекет пен арақатынасы саяси ілімде маңызды орын алды. Қоғамдық санада бұл бағыт «гуманизм» деп аталады. Жаңа буржуазиялық идеологияны жасау үшін антикалық дәуірінің үлгілерін, идеалын пайдаланғандықтан, бұл бағытты Қайта өрлеу деп те атайды. Алдыңғы қатарлы оқымыстылар шіркеу мекемелерін сол кездегі феодализмге, католик дініне қарсы бағытталған әлеуметтік – саяси қозғалыс реформацияның тұрғысынан сынға алынды. Олардың талабы ертедегі христиан дініне сәйкес шіркеуді өзгерту және демократияландыру болды. Сонымен қатар гуманстердің көпшілігі халыққа сенбеді, бұқараның революцияшылдығынан қорықты. Осының бәрі гуманистер көзқарасына қарама – қайшылықтар тудырды. Мұнда біз олардың еңбектерінен де көреміз.
Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі буржуазиялық саяси ғылымының негізін салушы Никколо Макиавелли (1469 – 1527) болды. Оның атақты шығармалары «Патша», «Тит Ливийдің бірінші он күндігі жөнінде ойлар», «Флоренцияның тарихы».
Макиавелли діни көзқарасқа қарсы болды. Шындықтың белгісі сенім емес, тәжірибе деп білді. Ол мемлекет деген атауды ғылымғы, әдебиетке бірінші боп кіргізді. Мемлектті билік жүргізуші мен оған бағыныштылардың қарым – қатынасы деп ұқты. Ол республикалық мемлекетті, еркіндікті, теңдікті қалады. Мемлекет ерікті болса ғана қуатты, абыройлы бола алады. Патша рақымсыз, сараң, опасыз, қаһар болмай, қайырымды, адал, қамқоршыл, мырза болуға тырысуы керек. Бірақ елдің бірлігі мен қол астындағы адамдардың берілгендігіне келгенде, Макиавелли әділдік пен адамгершілік емес, алға қойған саяси мақсат тұрғысынан қарады. Ол мақсатқа жету үшін амал, айланың қай түрін болса да қолдануға кеңес берді. Мемлекеттің басын қосып, жаңартуүшін сөзге түсінбейтін кертартпалармен күресте жауыздық пен күшті пайдалануға болады. Қаталдық өзіңе бағыныштылардың пайдасы үшін бір-ақ рет қолданылуы керек. Бірақ Макиавеллидің бұл ескертпесі көп жағдайда еске алынбай, «мақсат әдіс, тәсілді ақтайды» деген қағида макиавеллизм деген атпен тарап кетті. Кейбір жауыз патшалар Макиавелли де қаталдықты қолдаған деп, өздерінің қара ниеттерін ақтағылары келеді.
XVII ғасырда буржуазиялық революция Еуропа көлемінде ең бірінші Англияда болды. Ол феодализмге күйрете соққы беріп, капиталистік қатынастардың тез дамуына жол ашты.
Бұл дәуірдің көрнекті өкәлдерінің бірі ағылшын ойшылы Томас Гоббс (1588-1679) еді. Оның ойынша, мемлекет қоғамдық келісімнің негізінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды. Қоғамдық келісім БойынШа патшаға (не мемлекет ұйымдарына) жеке адамдардың құқы тапсырылды. Адамдар өз тілекетері мен еріктерін шектеп, барлық билікті мемлекетке берді. Ол монархиялық мемлекетті ұнатты.
Достарыңызбен бөлісу: |