«Наурыз айы келгенде » Наурыз мерекесіне арналған мерекелік бағдарлама Би «Наурыз думан»



Дата15.09.2017
өлшемі72,85 Kb.
#33454
«Наурыз айы келгенде...»

Наурыз мерекесіне арналған

мерекелік бағдарлама
1.Би «Наурыз - думан»

Сырым: Армысыңдар, халайық!
Бармысыңдар, халайық»
Келді Наурыз сағынтып.
Наурыз келсе құт келгені, халайық.
Есік ашып, шашу шашып, 
Ұлысты қарсы алайық!

Жүргізуші: Қайырлы күн қымбатты ұстаздар, келген қонақтар, оқушылар! Бүгін табиғаттың оянған, көнілді көктем Наурыз мейрамына арналған «Наурыз айы келгенде...» атты мерекелік ән шашуымызға

Бірге: қош келдіңіздер!

1.Армысыздар? Аға-іні, бауырлар,

Қарындастар, әпке деген қауым бар

Жарқын жүзді ұстаздарым, армысың,

Наурыз – тойға хош келіпсіз барлығың!



2. Жаңа жылға жаңа тілек тілейік,

Ескі жылдың қадірін де білейік

Алдағы жыл орындалсын армандар,

Барлығымыз аман-есен жүрейік!



Сырым: Құттықтау сөзі Жамбыл бастауыш мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Төлеуқан Далагүл Төлеуқанқызына беріледі.

1.Есте қалсын мерекелік сәтті күн,

Тойлайық біз Наурыз-тойдың шаттығын

Билеңіздер,ойнаңыздар куанып,

Біз ашайық той-думанның сандығын



2. Ән: «Домбыраның күмбірі» Орындайтын: Жұмақанқызы Эльмира

Сырым: - Наурыз айының 22- сінде көптеген Шығыс елдерінде Жаңа жыл мерекесі тойланады. Наурыз – жыл басы.

Бұл күні жұрт таза, жаңа киімдерін киіп, үй-үйге қыдырып, бір-біріне деген таза көңілдерін ақ тілегін білдіреді. Әр  үйде дастархан жайылып, жеті түрлі тағам түрлері қосылған наурыз көже пісіріледі.

Бар табиғат оянып, түлеп, жасарған. Ұлыстың Ұлы күні-деп те аталады.


2. – ия, Сырым, дұрыс айтасын. Наурыз мейрамымен қатар Көктем ару да келеді.

Сырым:

Қош келдін Көктем Ару!

Арман тойы ананың

Қуанышы ғаламның,

Құтты болсын қадамың!

Сені тойлап қарсы алып,

Қол соғады барша қауым.

(Көктем Ару кіреді, шашу шашады)

Көктем Ару:

Сәлем, ата –аналар!

Айналайын балалар!

Сәлем, Халқым, терегім!

Сендермен бір жүрегім!

Күн мен айға әлемнің

Берем ыстық сәлемін,

Орындалды ойларың,

Құтты болсын тойларың!

Құтты болсын Наурыз!



Сырым: Ұшады аққу көлден қазыменен, 
Жүреді көл жағалап жазыменен
Жарасар ойын –күлкі, ән менен би
Ойыңды баурайтұғын назыменен

3. Қарсы алыңыздар. Алдарыңызда 2 сынып оқушылары «Домбыра» биі

2. Ал, халайық тұрмайық.
Әндетейік шырқайық.
Ортамызды ашайық.
Думандатып би билеп,
Ән мен күйді төгілдіріп,
Інжу-маржан шашайық.
Жиналған жұрт таң қалсын,
Өнерден күмбез жасайық!
4. Қарсы алыңыздар! Ортаға күйші қызымыз Дананы шақырамыз.

Оқушылар сахнаға шығып, амандасып, төс қағысып, бір- бірін құттықтап, жылы сөздер айтады.
• Наурыз тойы құтты болсын!
• Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
• Бақ берсін, қыдыр дарысын!
•Төрт түлік ақты болсын!
Бәрі: Наурыз - Құтты болсын!
(Көрермендер отырған залдың екі жақ есіктерінен балалар дауыстап, сүйінші сұрап жүгіріп кіреді, соңдарынан Қыдыр ата келе жатады )
Балалар:
Сүйінші! Сүйінші! Қыдыр ата келе жатыр.

1- жүргізуші:
«Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар, 
Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар»
2- жүргізуші:
Сәлеметсіз бе Ата! Төрге шығып, бата беріңіз.
/Сахнаға Қыдыр ата шығып, отырған қауымға бата береді/
Қыдыр ата:
Ассалаум уағалейкүм, халқым менің!
Ұлыстың ұлы күні шаттан елім!
Қол жайып алдарыңа келіп тұрмын
Қабыл ал жаратқаным батамды менің!
Ниеттерің ақболсын!
Бастарыңа бақ қонсын!
Тыныш болсын еліміз!
Гүл жайнасын жеріміз!
Әумин!

Жүргізуші: Наурыз мерекесі наурыз көжесіз болмайды ғой. Көжеге жеті түрлі тағам салатынын барлығымыз да білеміз. Ендеше ортаға бір жасты шақырамын. Оған жеті сұрақ қоямын. Егер де жетеуіне де сүрінбей жауап берсе, онда бүгінгі тойымыздың наурыз көжесі де дайын болады. Ал, кім мықты? Шығайық ортаға.

Ортаға жастардың біреуі шығады, оған наурыз мерекесіне байланысты жеті сұрақ қойылады.


Жүргізуші: Міне, нағыз азамат! Ендеше бүгінгі наурыз тойымыздың наурыз көжесін алып келіңдер. Келген қонақтарымыз наурыз көжеден дәм татсын. ( Әуен ойнайды, наурыз көже таратылып беріледі)

5. Қарсы алыңыздар! Ортада 2 сынып оқушысы Есімжан Гүлден. Ду қол шапалақ.

Жүргізуші: - Сырым, сен білесің бе, Наурыз мейрамын қалай қарсы алады?

Сырым: - Әрине, білемін. Бұл жаңа жылды қарсы алуда әр халық бірдей дайындалады. Әр үйде тазалық орнап, жаңа киімдер киеді, мерекелік тағам дайындайды.

Наурыз көңілді ән, би, ойындар, жарыстармен бір-біріне сыйлық жасаумен өткізіледі. Қай ел, қандай  ерекешеліктермен тойласа да, Наурызда тек қана жақсылық ниеттер айтылады.



Жүргізуші: - Қазақша күрестен көрініс көруге қалайсын?

Сырым: Көрсек, көрейік.

6. Қарсы алыңыздар. Алдырыңызда мектеп палуандарын көрінісі.

Сырым: - Қандай күшті көрініс, көрген кезде өзім де күреске шыққым келеді.

Жүргізуші: - Хабарлауыңды ұмытпа, Сырым:

Сырым: - Әрине. Қайнарындай қалың қуат, қайраттың, 
Мен келдім де ғаламшарды жайнаттым.
Тіршілікке тіл бітіріп өзгеще
Дүниенің бұлбұлдарын сайраттым

7. Қарсы алыңыздар, алдарыңызда 3 сынып оқушысы Боранбаева Аруза «Көктем келді» әні

Жүргізуші: «Қаражорға болмаса, бидің сәні келер ме

Қос етек көйлек кимесе, қыздың сәні келер ме»



Сырым: Не айтып кеттің, досым...

Жүргізуші: Өйткені, қазір «Қаражорға » биі.

8. Қарсы алыңыздар! Алдарыңызда 4 сынып оқушылары.

Сырым: - Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі.

Ән шашу, әсем әуен, түрлі өнер.

Бүгінгі күн ұлыс күніне арналады – дей отырып, ортаға кішкетай өнерші қызымыз Жансаяны шақырамыз. Қарсы алыңыздар!

9. Гимнастика. Жансая. «Касабланка» өлеңі

Аружан: - Әнім де саған, биім де

Құт қонақ өзің үйімде,

Қуаныш сыйлар еліме,

Күлімде, Наурыз, күлімде.

10. Қарсы алыңыздар! 1 сынып оқушыларыңын ән шашуы. Ортада 1 сынып оқушысы Таңат Алина «Сүйем сені» әні.

Сырым: - Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем әнмен тәтті күй,

Жүрекке түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй, демекші 

11. ортаға 1 сынып оқушысы Адай Сымбатты қарсы аламыз.

Аружан: - Бірге өсіп, ел жайлаған ұл менен қыз,

Асыға сәлем жолдап жүректен біз,

Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,

Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.

12. Қарсы алыңыздар! Ортада әнші қыздарымыз Эльмира және Аруза.

Барлық оқушылар сахнаға шығады.



Барлығы: Жасай берсін жаңа күн!

Жасай берсін жаңа жыр!

Құтты болсын наурыз той!

Құтты болсын Жаңа жыл!
Сырым: - Осы, міне мереке басталғаны,
Наурызым, көңілдердің тасқан шағы.
Сәнді болсын қазақтың жарастығы,
Дәмді болсын жайылған дастарқаны.

Міне, біздің елден алар бағамыз,


Көңіл кілтін адалдықтан табамыз.
Әр наурызда жолықтырсын аман-сау
Ән-шашудың шымылдырығын жабайық.

Аружан: - Құрметті қонақтар, бүгінгі «Наурыз айы келгенде...» атты мерекелік іс шарамыз аяқталды. Сау саламат болыңыздар!


Ученик:

Ақ қар кетіп

Шырайлы жаз жетіп

Шаруаның бұл келген,



Күн мейрамы ежелден,

Құтты болсын Наурыз!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет