Лекция (2 сағат) тілдік таным жүйесі. Тілдік негіздердің СӨзжасамдық Қызметі



бет1/3
Дата07.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#94309
түріЛекция
  1   2   3
Байланысты:
5-лекция-Фил-17-1.docx


Ү ЛЕКЦИЯ (2 сағат)
ТІЛДІК ТАНЫМ ЖҮЙЕСІ.
ТІЛДІК НЕГІЗДЕРДІҢ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ
(«УП» ТІЛДІК НЕГІЗІНІҢ МЫСАЛЫНДА)
«Тілдік таным жүйесі» деп, біз төменде көрсетілген сызбаны (1-сызба) айттық. Мұнда 7 түрлі тілдік негіз элемент концентрлі жүйеде орналасқан. Осындағы әр тілдік негіз элемент тілдік қызметте алуан түрлі мағынада келе алады. Ол мағыналар әлгі тілдік негіз элементтердің семантикалық өрістері арқылы жасалады. Егер біз, мысал үшін, берілген әр тілдік негіздің тек басты бір ғана ұғымын алып, сол бойынша берілген сызбаны түсіндірер болсақ, ол мынадай болып шығар еді: «УН» – «нәт»/«негіз» ұғымын білдіріп, тілде әдетте заттық негіз ретінде көрінеді; «УТ» тілдік негізі етістік сипатында келіп, «нәттің» (негіздің) алғашқы «бөлінуі» ұғымын білдіреді. «УР» тілдік негізі таза етістік қызметінде келіп, «бөліну» (қозғалыс) әрекетінің экспрессивті түрін бейнелейді; «УС» тілдік негізі әрі етістік, әрі есім қызметінде келіп, тілде, негізінен, «өзек» (ось) ұғымын білдіреді. «УЛ» тілдік негізі тілде «ұласу», «жалғасу», «байланысу» ұғымын білдіреді. «УҚ» тілдік негізінің де тілдегі қызметі сан алуан, біз бұл жерде біреуін ғана алатын болғандықтан, әзірге «қосылу» ұғымын алдық; «УП» тілдік негізінің басты ұғымдарының бірі – «бүтіндік», «толықтық» ұғымы.

1-сызба. Тілдік таным жүйесі.
Айта кететін жай – бұл ұғымдардың бәрі ең әуелі «Ғалам» (Вселенная / Космос) ұғымымен байланысты болады, яғни «УН» – ең әуелі, ғаламдық жаратылыстың негізі, «УС» – ғаламдық өзек (бүкіл әлемдік ось) т.б. Сонымен қатар, жаратылыс-болмыстағы әр зат – бір түйір тарыдан, құмнан т.т. бастап барша зат атаулы (оның ішінде адам да бар) – әрқайсысы өзіндік тұрғыдан «ҒАЛАМ» («БҮТІНДІК» ) ретінде танылады, яғни әлгі нәт, өзек т.б. ұғымдар барша зат атаулыға да қатысты болып, бәріне де қолданылады.
Егер берілген жүйені материалдық тұрғыдан, бір жемістің, айталық, алма жемісінің мысалы бойынша көрсетер болсақ, «УН-негіз» – алманың дәні; «УТ-қозғалыс» – дәннің алғашқы қозғалысы, алғашқы өну кезіндегі бөлінуі; «УР-қозғалыс» – дәннің жедел өсе бастауы; «УС-өзек» – дәннің өсіп, өзек алуы; «УЛ-ұласу» – өсу процесінің ұласуы, жалғасуы; «УҚ-қосылу» – алма жемісінің, негізінен, құралып болуы, құрылымдық жетілуі; «УП-бүтіндік» – алма жемісінің толысып пісуі» - деп түсінуге болады. Кез-келген өзге затқа қатысты алғанда да белгілі бір өзіндік нақты ерекшеліктерімен осы қызметтер қайталанады.
Мысалы, егер осы жүйені ментальдық тұрғыдан түсіндірер болсақ, мынадай сатыларды аңғарамыз: УН – ақыл; УТ – ақылдың қозғалысы; УР – ақылдың экспрессивті қызметі; УС – ақылдың ЕС түрінде қалыптасуы; УЛ – Естің дамып жалғасуы; УҚ – ұғу (түсіну) қызметі; УП – білім, толық таным, кемелдік. Көріп отырғанымыздай, сызбада берілген жүйедегі тілдік негіз элементтердің орналасу реттері еш өзгертілмейді, нақты, тұрақты, яки бұл тілдік негіздер өздерінің тілдік қызметін тек осы орындарында, тек осы жүйеде ғана атақарады, өйткені бұл – жалпы жаратылыстық (Ғаламдық , Космостық) жүйенің негізгі құрылымдық схемасы. Ғаламдық жүйемен барынша сәйкес жаратылған осы жүйені біз тілдік таным жүйесі деп атадық.
Берілген жеті түрлі тілдік негіз элементтің (УН-УТ-УР-УС-УЛ-УП) тілдегі сан алуын сөзжасамдық, т.б. қызметтері осы жүйеде және осы жүйе арқылы жүзеге асады. Бұл туралы монографияда айтылғандықтан, бұл жерде толық тоқталып жатпадық, өйткені шағын лекцияда толық айтып жеткізу мүмкін емес. Сондықтан тек «УП» тілдік негізінің сөзжасамдық жүйесі мысалында ғана кейбір жайларды айтып өтеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет