Лекция 30 Практикалық сабақ 15 ожсөЖ 45 СӨЖ 45 Емтихан 2 Барлығы 135 сағат Орал 2009 ж


Гипербола Берілген тұрақты екі нүктеден қашықтықтарының айырмасы тұрақты шама 2а – ға тең болып отыратын нүктелердің геометриялық орны гипербола



бет21/57
Дата22.08.2017
өлшемі6,61 Mb.
#24259
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   57
Гипербола

Берілген тұрақты екі нүктеден қашықтықтарының айырмасы тұрақты шама 2а – ға тең болып отыратын нүктелердің геометриялық орны гипербола деп аталады. Айтылып отырған тұрақты екі нүктені гиперболаның фокустары дейді. Олар әдетте F1 және F2 әріптерімен белгіленеді. F1 F2 =2с деп белгілеп алып, фокустар арқылы абсциссалар осін F1 F2 кесіндісінің қақ ортасынан ординаталар осін жүргізсек, содан шыққан координаталар системасында гиперболаның канондық, яғни қарапайым теңдеуі



болады. Мұнда с2 – а2 2 деп белгіленген (с>а), ал F1 F2 =2с берілген фокустардың ара қашықтығы. Бұл системада фокустардың координаталары да анықталады: F1



(-с;0), F2 =(с;0). Аталған гипербола абсциссалар осімен А1(-а;0), А2 (а; 0) нүктелерінде қиылысады, ол нүктелерді гиперболаның төбелері дейді, ал ординаталар осімен мұндай гиперболалар қиылыспайды. Осыған байланысты абсциссалар осін (*) гиперболаның нақты осі, ал ординаталар осін сол гиперболаның жорымал осі дейді.Табылған гипербола - координаталар осьтеріне және координаталар басына қарағанда симметриялы сызық. Ол екі жаққа да шексіздікке дейін созылатын екі тармақтан құралған. х=а және х=-а түзулерінің арасында (*) гиперболаның нүктелері жоқ. Гиперболаның эксцентриситеті деп қатынасын айтады. Ал гипербола үшін с>а болатындықтан, оның эксцентриситеті е >1. Гиперболаның бойындағы кез-келген М(х,у) нүктесінің фокустарға дейінгі қашықтықтарын сол нүктенің фокальдық радиус – векторлары дейді. Олардың шамалары (*) гиперболаның оң тармағындағы нүктелер үшін

r1=F1M = ex + a , r2=F2M = ex - a ,

ал сол жақ тармағындағы нүктелер үшін

r1=F1M = -ex - a , r2=F2M = -ex + a .



Гиперболаның директрисалары деп оның жорымал осіне параллель болатын сол екі өстің екі жағында d = қашықтығында жататын түзулерді айтады. Олардың теңдеулері

х = және х =-

болады. Ал е>1 болғандықтан, гиперболаның директрисалары гиперболамен қиылыспайды, оның екі төбесінің арасында жатады.



Гиперболаның
Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет