Лекция Дайындаған және өткізген: Бірлестік орта мектебінің тәрбие ісінің



Дата25.12.2016
өлшемі55,99 Kb.
#4755
«Қызым саған айтамын...!»

Әңгіме лекция

Дайындаған және өткізген:

Бірлестік орта мектебінің тәрбие ісінің

меңгерушісі Солтанбек Г.

2015-2016 оқу жылы.



«Қызым саған айтамын...!»

Әңгіме лекция



Қазақстанда жасөспірім қыз балалардың жүкті болу жағдайлары жиілеп барады. Ресми статистикаға сәйкес елімізде кәмелетке толмаған 10 мың қыз жүкті болады екен. Солардың ішінде жартысы ғана босанып, қалғандары жасанды түсік жасатады. «Бота» қоғамдық қорының сайтынан.
Елімізде құрсаққа біткен шарананы тұншықтырып, түсік жасату жыл санап үдеп барады. Статистикалық деректерге жүгінсек, елімізде әйелдердің 80 пайызы жасанды жолмен сәбиінен құтылады. Өкінішке қарай, заңды белінен басып, түрлі әдіс-тәсілмен құрсақтағы балаларды тұншықтыру дерегі де азаймай тұр. Бұған қоса 15-16 жасар бойжеткендер де түсікке жиі бой алдыртады. Ал кей деректерге сүйенсек, елімізде жыл сайын 200 мыңға жуық сәби жарық дүниені көрмей, ана құрсағында тұншығады екен.
Осындай жан түшіктірерлік фактілерді оқи отырып, бұның барлығы жас қыздарымыздың жыныстық сауатының төмендігінен екеніне көз жеткіздік. Ашық-шашық шетелдік фильмдердегі махаббат бостандығының да әсері мол екенін естен шығармағанымыз жөн. Бұл тақырыпта қазақ қызы анасымен ашық сөйлесуге қысылады да, көшедегі құрбыларының кеңесіне көбірек жүгініп, от басып қалып жатады. Сондықтан бүгін жасөспірім қыздар мен ұлдарға жыныстық қатынас тәрбиесі туралы кеңес беруді жөн көрдік.
Бойжету 
Жыныстық пісіп-жетілу ұл мен қыздың бір-бірінен бөлектенетін кезеңі. Бұл бөлектену бастапқы кезде байқала қоймағанымен, жыныс бездерінің ағзаға басымырақ әсер ететін кездері де жетеді, сөйтіп екінші жыныстық белгілер пайда бола бастайды. 
Өтпелі кезеңде бойжеткен қыздың денесі қайта жаңарып, тиісінше қалыптаса бастайды. Ағзаның жалпы өсуімен қатар қыздардың тері астындағы май қабаттары әсіресе, иықтарындағы, сандарын-дағы май қабаттары қалыңдайды, сөйтіп әйелге тән түрге енеді.
Әйелдердің құрсағы еркектерге қарағанда кең болатыны белгілі, ал жамбас сүйектері бір-бірімен созылмалы байланысқан. Бұл - әйелдің бала тууы үшін аса қолайлы. Қыздардың жамбас сүйектерінің өсуі, жатыр бұлшық етінің өсуі 20 жасқа келгенде толық аяқталады. Өтпелі кезеңде қыздар әйелдік нәзіктікке, биязы мінезділікке, сұлулық пен мейірімділікке, ұстамдылыққа, жүріс-тұрыстың әйелге тән сипатына ие болады. Қыздардың бірінші және екінші жыныстық белгілері – етеккірі келгеннен кейін ақтық рет даму шегіне жетеді. Олар бірінші баласын тапқаннан кейін ғана нағыз әйел қалпына келеді.
Қыздың бірінші етеккірінің келуі аналық безінің пісіп-жетілгенін, сөйтіп әйелдің жыныстық гармондардан бөлек жұмыртқа бөле бастағанын дәлелдейді. Ал бұл жай қыз еркекпен қосылғанда бала көтеретінінің белгісі саналады. Осы кезде қыз бала жеке бастың гигиенасына үйреніп, сыланып-сипанып қана қоймай, таза жүргені, денесін таза ұстағаны жөн. Қызды алдағы болатын осы табиғи процеске әзірлеу – ананың борышы. Жыныстық жайлардан хабардар болу қыздың жыныстық өсіп-жетілу барысымен қатар жүруі тиіс. Тек сонда ғана ол ана болудың жауапты да құрметті міндетіне тәндік жағынан да, моральдық жағынан да даяр болады.
Етеккір алғаш келгеннен кейін қыздарда да, әйелдерде де орта есеппен әрбір 28 күн сайын аналық безде бір жұмыртқа клеткасы пісіп жетіледі. Сөйтіп етеккір келеді. Бұл - табиғи жағдай, әдетте 3-4 күнге созылады.
Алғашқы етеккір қыздардың барлығына бір мезгілде келмейді. Оның келу уақыты тұқым қуалаушылыққа, денсаулыққа, тұрмысқа, қоршаған ортаға, климатқа, нәсіл мен тұрмыс салтына байланысты. Мысалы: ауыл қыздарынан гөрі қала қыздарының етеккірі бұрынырақ келеді. Солтүстікте тұратын эскимос қыздарының етеккірі 19 –ға келгенде көрінсе, ыстық жақта тұратын қыздарда ол 9-10 жастарында-ақ келе бастайды.
Қыздар мен әйелдер ауыр науқастанғаннан кейін де етеккірі тоқтап қалады, тіпті ұзақ уақыт келмейді. Қатты қобалжу, толқу, қорқыныш, климаттың өзгеруі, діңкелетін жұмыс, белок пен витамині жеткіліксіз құнарсыз тамақ, оттегінің жетіспеуі, аналық бездің ауруға шалдығуы – етеккірдің мезгілінде келуіне зиянын тигізеді немесе оның келуі әйелдің жанына бататын болады. Мұндай жағдайларда дәрігерге көрінген жөн.
Еркекпен әйелдің жыныстық сезімдерін, сексуалдық құштарлықтарын негізінен андрогендер басқарады. Олар адамда жыныстық сезімнің әмбебап гормондары болып табылады. Дегенмен сексуалдық құштарлықтың шектен шығу-шықпауы адамға, оның алған тәрбиесіне де байланысты. Өйткені жыныстық қатынасқа ерте түсу жыныстық пісіп-жетілуді тездетеді, жасөспірім бірінші рет кездейсоқ жыныстық қатынасқа түссе, ол одан кейін жыныстық ләззат алу жолын тағы іздей бастайды, талғамсыздыққа, тәртіпсіздікке ұрынады. Сөйтіп, венералық (махаббат құдайы Венераның атына байланысты) жұқпалы жыныс ауруларын – мерез – соз ауруларын жұқтырып алады.
Еркекпен ерте жақындасудың зардабы да, салдары да көп. Ойда жоқта жүкті болып қалу – жас қыздардың денсаулықтарын құртады, көптеген жағдайларда өмірлеріне қатты нұсқан келтіреді. Тұңғыш рет баланы алдырып тастау, яғни аборт жасату - әйелді бедеу етуі, түсініктірек айтсақ екінші рет бала бітпеуі мүмкін. Қазір бедеулікке тұңғыш біткен баланы алдыртып тастау себепкер болып отыр 

«Қыздар неше жастан гинекологқа баруы керек?», «Ерте жүктіліктің қалай алдын алуға болады?», «Қыздар тәрбиесінде нені ұмыт қалдырдық? Ерте жастан опық жеген талай жасөспірім қыз құрсағына біткен баладан арылудың жолын іздейді. Мұндайда түрлі айла-шарғыға баратын олар ақырында дімкәс, мүгедек, кемтар сәбилерді дүниеге әкеліп, ұлт саулығы тұрғысында қоғам дертіне дерт қосып отыр. Кейбір жасөспірім қыздардың жауапсыздығы қоғамның осындай өзекті мәселесінің біріне айналуда. Қаймағы бұзылмаған Оңтүстік өңірінде өзекті өртер өкінішті жәйттердің орын алып жатқандығы қай қазақты болмасын қынжылтатыны рас. «Қызым, саған айтамын…» клубының талқыға салған тақырыбы да осы еді.

Ерте жүктілік немен қауіпті?

Жүктілік кезінде ағза  күшейген тәртіпте жұмыс істейді – жүрек-қан тамыры, эндокриндік жүйе және ішкі органдарға үлкен жүктеме артылады. Бұның қиындығы жасөспірімнің гормондық қайта құрылуы жүктілік қайта құрылуға жүктелгені. Жас аналарда көбінесе плацентарлық тапшылық, анемия, токсикоздар болады. Қыз балалардың ағзасы осындай жүктемелерге әзір емес!

Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады?

Ерте жүктіліктің негізгі проблемасы бұл жыныстық тәрбие туралы білімінің жеткіліксіз болуы, не болмаса тәрбиенің мүлдем жоқтығы. Көптеген отбасыларда бұл тақырыпқа әңгіме қозғалмай, жабық күйде қалады. Бірақ бұл дұрыс емес. Негізінен, жоспарланбаған жүктіліктің 90% отбасындағы тәрбиеге және қарым-қатынасқа байланысты келеді. Яғни ана мен қыз баланың өзара қатынасы бұзылса, қыз бала «әдейі» бәрін кері істейді.

Ерте жүктіліктің қандай профилактикасы бар?

Проблемамен күресудің ең үздік тәсілі – проблемадан сақтану.

Жоспарланбаған жүктіліктен сақтанудың тәсілдері туралы ата-анамен жиі әңгімелесу керек.

Жыныстық тәрбие туралы кітаптар оқу.

Егер қыз бала жыныстық қатынасқа ерте түссе, оның салдарын білуі керек. Осындай өмірге ол дайын ба? Баланы көтеріп, өмірге әкеле ала ма? Егер ол ерте жүктілікке әзір болмаса, ол сақтанудың жолдары және құралдары туралы толық ақпараттануы керек.

Ерте жүктіліктің нәтижесі.



Бұл мәселеге әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, қыз бала білім алу, жұмысқа орналасу және карьера құру мүмкіндігінен айырылады. Қатынасқа түсе білгенмен, жас жігіт әке атанып, жауапкершілікті көтеруге асықпайды, көп жағдайда қыздар өздері жалғыз қалады да (егер ата-анасы көмектесетін болса, жақсы) жас ана тығырыққа тіреледі: білімі жоқ, жұмысы жоқ, баланы күтіп-бағуға ақшасы болмайды. Осының бәрі жалғыз бір жас анаға ауыр болатындықтан, көп жағдайда аналар баласын балалар үйіне өткізіп жатады. Ал бұл өкінішке орай, ерте жүктілік салдарынан болатын, жиі кездесетін оқиға.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет