Пәні: Қазақ тілі Сынып: 8



Дата07.05.2017
өлшемі33,49 Kb.
#15664
түріСабақ
САБАҚ ЖОСПАРЫ №30
Оқытушының аты-жөні: Акимжанова Гаухар Сауалхановна

Пәні: Қазақ тілі

Сынып: 8 «Б»

Мерзімі: 22.10.2015

1.Сабақтың тақырыбы: Мектеп асханасы

2. Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: тақырыпқа қатысты кішігірім әңгімелерді тыңдап түсінуге, тақырыпқа байланысты әңгіме жазуға, асханада ішкен тамағы туралы баяндауға, тамақтану әдебі туралы достарымен пікірлесуге машықтандыру, лексикалық тақырыпты грамматикалық тақырыппен ұштастыру.

Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, ой-өрістерін кеңейту, сауатты сөйлесу дағдысын қалыптастыру, сөздік қорларын байыту, танымдық әрекетін дамыту, тілдік мәдениетін қалыптастыру.

Тәрбиелілік: Тамақтану ережелерін сақтай отырып, дұрыс тамақтануға, дастарқан басында өзін дұрыс ұстауға тәрбиелеу.

3. Сабақ түрі: Жаңа сабақ

4. Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, сөйлесу, талдау

5. Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі парақшалар, кесте, деңгейлік белгілер,

6. Пәнаралық байланыс: орыс тілі
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезең:

1. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

2. «Көңіл-күй» тренингін өткізу. Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: Өткенге шолу.

ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру кезеңі: Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

«Ой шақыру» стратегиясы.. Асхана сөзіне қатысты сөздерді топтастыру



ІҮ. Бекіту кезеңі: Сөздікпен жұмыс.

1. Сөздерді екі тілде оқу;

2. Сөздермен сөз тіркестерін құрастыру;

Екі мезгіл – два раза

Ботқа – каша

Бірінші – первый

Екінші – второй

Айран – кефир

Қасық – ложка

Шанышқы – вилка

Қызметкер – служащий

Сыпайылық - вежливость



1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді түсініп, мәнерлеп оқу.

2-тапсырма.

ІІІ деңгей. Үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.

1. Жазбаша. Берілген тағам түрлеріне сипаттама беріңдер, әрқайсысына мысал келтіріңдер. Берілген сөз тіркестерін буынға бөліп оқып, буын түрлерін ажыратыңдар.

Салқын тағамдар, ыстық тағамдар, сүт тағамдары, түрлі сусындар.



2. Ауызша. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ дайындаңдар, осы сұрақтарды пайдаланып, өзара сөйлесіңдер.

3. Кестені толтырыңдар.

Ет тағамдары Сүт тағамдары Ұн тағамдары



ІІ деңгей.

1. Жазбаша. Сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар.

Асхана, қызметкер, сыпайылық.



2. Ауызша. Сөздерді пайдаланып, сөйлем құраңдар.

Мәзір, тапсырыс, мектеп, қасық, шанышқы, асхана.



3. Бүгінгі күннің ас мәзірін жасаңдар.

І деңгей.

1. Жазбаша. Мектептегі асхана туралы ойтолғау жазыңдар. Етістіктерді тауып, сұрақ қойыңдар.

2. Ауызша. «Тамақтану әдебі» тақырыбына диалог құрастырыңдар.

3. Жоба қорғау. «Дастарқан» сөзінен бірнеше сөз құрастырыңдар.

Ү. Қорытындылау: Рефлексия.

Сабақ ұнады ма?

Қандай тапсырмалар қызықты болды?

Қай тапсырмаларды орындау қиын болды?



ҮІ. Үйге тапсырма: 54-бет. І деңгей. 2-тапсырма. Мағынасы сәйкес сөзді жазу.

ІІ деңгей. 3-тапсырма. Сөздерді пайдаланып, сөйлемдер құрау.



І деңгей. «Ас атасы - нан» деген тақырыпта ойтолғау жазу.

ҮІІ. Бағалау: Сабаққа қатысып отырған оқушыларды бағалау.
Бекітемін: ______________________

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет