[Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі — Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жыл 27 желтоқсан.
]
Әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауаптылық
1. Қазақстан Республикасының аумағында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға осы Кодекс бойынша жауаптылыққа жатады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында басталған немесе жалғасқан не аяқталған іс-әрекет Қазақстан Республикасының аумағында жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылады. Осы Кодекстiң күшi Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында және айрықша экономикалық аймағында жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарға да қолданылады.
3. Қазақстан Республикасының портына тiркелген және Қазақстан Республикасының шегiнен тыс ашық судағы немесе әуе кеңiстiгiндегі кемеде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, осы Кодекс бойынша әкiмшiлiк жауаптылыққа жатады. Қазақстан Республикасының әскери кемесiнде немесе әскери әуе кемесiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға да оның тұрған жерiне қарамастан, осы Кодекс бойынша әкiмшiлiк жауаптылықта болады.
3. Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары.
Алименттер (лат. alimentum — "тағам, асырап-бағу") — заңда белгіленген жағдайларда бір отбасы мүшелерінің оның өзге мүшелерінің пайдасына төлеуге міндетті белгілі бір ақшалай қаражат.
Алименттік міндеттемелер негізгі отбасылық қатынастар болып табылады, ал олардың мақсаты — отбасының еңбекке қабілетсіз және көмек қажет ететін мүшелерін асырау. Алименттер сот шешімімен (алименттер төлеудің соттық тәртібі) немесе тараптардың келісімімен (алименттер төлеудің ерікті тәртібі) төленеді.
Алименттік міндеттемелердің өзіне тән мынадай белгілері болады:
бұл қайтарып берілмейтін сипаттағы міндеттеме. Алимент төлеушінід өз шығынын қандай да бір орнын толтыруға құқығы жоқ;
олардың қатаң жекебастық сипаты бар. Мұнын мәнісі, алимент төлеуге міндетті адам ол міндетін орындауды басқа біреуге тапсыруға қақысы жоқ. Екінші жағынан, алимент алуға құқықты адам, бұл құқығын езге біреуге бере алмайды. Алимент алу құқығы және алимент төлеу міндеті мұрагерлік тәртіппен басқа адамға көшпейді;
алименттік міндеттеме мүліктік-құндық болып табылады, яғни бұл арада материалдық игіліктерді (әдетте, ақшалай қаражатты) алушының мүлкіне өткізу (қосу) жүзеге асырылады
4. ҚР нотариат
1. Қазақстан Республикасындағы нотариат – бұл нотариаттық iс-әрекеттер жасау арқылы жеке, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететін білікті заң көмегін көрсету жөніндегі құқықтық институт.
2. Осы Заңмен белгiленген жағдайлар мен шектерде нотариаттық iс-әрекеттер жасауға мыналардың құқықтары бар:
1) мемлекеттiк нотариат кеңселерiнде жұмыс iстейтiн нотариустар (мемлекеттiк нотариустар) мен жеке практикамен айналысатын нотариустар (жекеше нотариустар);
2) аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдары;
3) Қазақстан Республикасының атынан консулдық қызмет атқаратын адамдар;
3-1) алынып тасталды
4) осы Заңмен нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi өзге де адамдар.
ФҚҚЭК 706-06-09 Бақылау жұмысына арналған тапсырмалар. Бірінші басылым.
ФКЭКК 706-06-09 Задания для контрольных работ. Издание первое.