Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі



бет1/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   292
Байланысты:
менеджмент
Көпбұрыштар 1-сабақ, КТП 2020 ивт, Практика 14-15, 1сабақ, sabaq zhospary, 11 а сынып, 8-9 informatics

  1. ЛЕКЦИЯ. ТАҚЫРЫБЫ: БАСҚАРУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ПӘНІ МЕН ӘДІСІ



Жоспары:
1. Менеджменттің теориялық және әдістемелік негіздері
2.Теория мен практика бірлігі, менеджментті зерттеудегі тарихи және логикалық тәсілдер
3.Менеджмент оқу пәнінің басқа пәндерімен байланысы
4. Басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі


Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі


Лекция мәтіні
1.Менеджменттің теориялық және әдістемелік негіздері
Қазіргі таңдағы менеджмент ғылымының өзекті мәселелерімен бұған дейін онымен тығыз байланыста болған басқа ғылымдар айналасып келген. Осы арада біз, араға бармай-ақ заң ғылымының салаларымен байланысты мәселелерге тоқталайық. Бұрынғы кезеңдерде заң ғылымы жалпы адамдар арасына әділеттілікті үгіттеумен айналасатын еді. Заң ғылымы әділеттіліктің орнығу шеңберінде адамдардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін, тапшы ресурстар мен шексіз қажеттіліктер арасында әділ тепе-теңдік орнатуға тырысқан еді. Уақыт өте келе заң ғылымының қарастыратын мәселелерінің аясы кеңейіп күрделене түсті. Аталмыш мәселелердің барлыгымен бір уақытта тек бір ғылым саласының айналысуы қиынға соқты. Осындай жағдайда жаңа бір ғылым саласы пайда болып заң ғылымы мәселелерінің ауқымды бір бөлімін өз зерттеу объектісі етіп алды. Бұл, жаңа ғылым, тапшы ресурстармен шексіз адам қажеттіліктерін қамтамасыз ететін және оны жүзеге асыру барысында заң принциптері мен оның белгіленген көлемінен аспайтын экономика ғылымы болып табылады. Экономика ғылымы ұзақ уақыт бойы заң саласынан қабылдаған шексіз адам қажеттіліктерін қамтамасыз ету міндетін атқарды. Сондықтан да ең алдымен қолда бар шектеулі ресурстар мен мүмкіндіктерді пайдаланды. Бұлардың жеткіліксіз болуы салдарымен адам қажеттіліктерін қамтамасыз етуді одан әрі жақсарта түсу үшін өзге жаңа ресурстар (тауар және қызмет көрсету) өндіре бастады. Бұлармен қолда бар ресурстарды қосып қажеттіліктер мен ресурстар арасында одан да әділ тепе-теңдік құру жолында барынша күш салды. Экономика ғылымы бір жағынан адам қажеттіліктерін қамтамасыз ететін тауарлар мен қызмет көрсетулерді арттырса, келесі бір жақтан адамдардың оған деген қажеттіліктерін де арта түсті. Қажеттіліктер мен ресурстар арасында тепе-теңдікті сақтау мүмкін болмады. Бұл тепе-теңдікті қамтамасыз етуді мақсат тұтқан экономика ғылымы мәселесінің аумағы барған сайын кеңейіп, маңызы арта түсті. Экономика ғылымы бұл мәселелерді жеке өзі зерттеп үлгере алмайтын жағдайға жеткен кезде, жаңа бір ғылым саласы қалыптасып, экономика мәселелерінің бір бөлімін өз зерттеу объектісіне алды және өзіне дейінгі заң ғылымының жалпы принциптері мен шектеу шеңберінде осыларды жүзеге асыру үшін қызмет етті. Бұл жаңа ғылым саласын менеджмент деп атаймыз. Оның қарастыратын мәселелеріне адам қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында тауар және қызмет өндіру жатады. Бұл іс-шараларды жүзеге асыру барысында осы салада өзіне дейінгі экономика және заң ғылымдары тарапынан қабылдаған заңдылықтар, принициптер (қиғидалар) және шектемелерге тәуелді болады. Менеджменттің тарихи дамуы мен заң және экономика ғылымдары арасындағы ара-қатынастарын. Батыс елдерінің тарихы тереңге жайлаған білім беру мекемелерінің құрылымы мен ұйымдастырылуынан көруге болады. Мысалы, Франция университеттерінде бұрындары тек заң факультеттері ғана болатын. Экономика мен менеджмент салалары осы факультет бөлімдерінде оқытылатын. Ғылымның дамуымен бірге кейінгі жылдары заң факультеттері. Заң және экономика факультеті болып өзгеріп, бір құрылым аясында әрі заң, әрі экономика және менеджменттік бағдарламалар жүйесінде оқытыла бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет