Лекция мақсаты мен міндеттері



Дата16.06.2020
өлшемі1,77 Mb.
түріЛекция

30/03/2020

Оптика бөліміне креативтілік сипаттағы тапсырмаларды дайындау және оны пайдалану әдістемесі.



«Физиканы оқытуда креативті

технологияны қолдану әдістері» пәні бойынша

Жоспары:

Оптика бөлімінің негізгі теориялық білімдері

Мектеп физика курсында оптика бөлімін оқытудың қазіргі жағдайы

Оптика бөлімін оқытуда интербелсенді әдістерді пайдалану

Оптика бөліміне арналған креативтілік сипаттағы тапсырмалар

Лекция мақсаты мен міндеттері:

Студенттерге креативті іс-әрекет, оның механизмдері мен әдіснамасын білу, олардың іс-әрекетіне қажетті дағдыларды қалыптастыру болып табылады. Оқытудың педагогикалық технологияларын студенттердің креативтілігін дамытуда қолдану, тұлғаның интеллект саласында мазмұндай білетін, ақпарат беру, құбылыстың құндылығы мен қорытындыларын анықтау, проблемаға бейімделе білу және ұмтылу, жинақтау, елеуліні іздеуге бағдар жасау, талдау дағдыларын қалыптастыру.



Оптика – жарық туралы ілім.Ол жарықтың заттармен әсерлесуін зерттейді.

Геометриялық оптика – мөлдір орталарда жарық энергиясының таралу заңдарын зерттейтін оптика бөлімі. Шарты: диаметрі толқын ұзындығынан едәуір асып түсетін жіңішке жарық шоғын бөліп аламыз.

Жарықтың шағылу заңы: Түскен сәуле, шағылған сәуле және екі ортаны бөліп тұрған шекараға сәуле түскен нүктеден тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады. Шағылу бұрышы мен түсу бұрышы тең болады.

Жарық интерференциясы деп – бірдей жиіліктегі екі не бірнеше толқынның бір нүктеде кездескенде бірін-бірі күшейтуін немесе бәсеңдетуін айтамыз.

Когерент толқындар – фазалар айырмасы уақытқа байланысты өзгермейтін және бірдей жиілікте тербелетін толқындар.

Жарық дифракциясы – жарықтың түзу сызықты таралу жолынан ауытқуы.

Дифракциялық тор. Дифракцияның нәтижесінде ақ және қара дөңгелекшелер пайда болады. Оны дифракциялық сурет деп атайды. Ондай суреттерді алу үшін дифракциялық тор пайдаланылады.

Тор периоды: d=a+b а және b – тордың сәулені өткізетін және өткізбейтін бөліктерінің ені.

Жарық дисперциясы – заттың жарықты сындыру көрсеткішінің жарық толқыны ұзындығына тәуелділігі.

Спектор – ақ жарықтың жеті түрлі түске жіктелуі.

Кирхгоф заңы: атомдардың жұтылу сызықтары олардың сәуле шығару сызықтарына сәйкес келеді.

Спекторлық анализ – заттың құрамын оның сәуле шығару спектрі бойынша анықтау.

Көру түйсігін туғызатын жарық сәулелерінің толқын ұзындығы: 4000-8000м аралықта..



Фотоэлектрлік эффект – жарықтың әсерінен заттан электрондардың бөлініп шығу құбылысы.

Жарық құбылыстары

Жарықтың түзу сызықпен таралуы

Жарық шамалары

 

Бақылау сұрақтары

«А» нұсқасы
  • Қандай жағдайда затта шала көлеңке пайда болады?
  • Бір таяқтан ұзындықтары әртүрлі көлеңкелерді қалай алады?
  • Самалет түс кезінде экватор үстінде горизонталь бағытты ұшқанда, оның өзінің ұзындығымен, оның толық көлеңкесінің қайсысы ұзын болады?
  • Қыстың шуақты күндерінің өзінде ағаш көлеңкелері жерге ап-айқын түсіп тұрады. Бұлыңғыр күндері көлеңке болмайды. Неліктен?
  • Егер далада тұрған мұнараның биіктігі бір неше есе үлкейсе, оның көлеңкесі де сонша есе үлкейеді деп айтуға болады ма?
  • Жіңішке жарық шоғы қораптың бір бүйіріндегі тесіктен кіріп қарсы бүйіріндегі тесіктен шығады. Егер қораптың ішіндегі ауа таза болса, қораптың алдыңғы жағындағы тесіктен қарап, қорап ішінен жарық шоғын көресіңдер ме?

Тапсырмалар:

Оптика бөлімі бойынша оқытудың тиімділігін арттыратын тапсырмалар дайындау.



Төмендегі әдіс-тәсілдерді негізге алыңыздар:
  • Иә/жоқ
  • Сәйкестендіру
  • Адасқан әріптер
  • Қателіктер теориясы
  • Миға шабуыл
  • 3 деңгейлі тест

Әдебиеттер
  • Оспанова Б.А. Технология формирования креативности будущего специалиста в условиях университетского образования. –Туркестан, 2004
  • Оспанова Б.А. Развитие профессионально-креативного потенциала конкурентоспосбного специалиста как одно из приоритетных условий совершенствования национальной экономики. –Астана, 2005. –С.80-83.
  • Әбілқасымова А.Е. Қазіргі заманғы сабақ.-Алматы, 2004. – 218 б.
  • А. Н Бақтыбаев Физиканы оқыту әдістемесі -Туркістан:ХКТУ,2008ж., -122б.
  • К. С. Крэйн, Н. А. Маженов, Ж. Т. Камбарова Заманауи физика Б. 2 -Алматы:ҚР білім және ғылым министрлігі,2014ж., -392 978-601-217-503-5
  • С. Тамаев Кванттық механиканың есептер жинағы -Алматы:,2015ж., -299 978-601-217-540-0
  • Ж. Абдула , Ә. Мұқашева , Л. Сатаев Жалпы физика курсының есептер жинағы -Астана:,2006ж., -220


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет