Лекция тақырыбы: Философияның пәні мен әдісі



бет1/5
Дата06.02.2023
өлшемі30,98 Kb.
#167662
түріЛекция
  1   2   3   4   5
Байланысты:
1 лекция


Ф-ӘД-001/046

1 Лекция тақырыбы: Философияның пәні мен әдісі
Лекцияның оқыту нәтижелері:
1. Философияның тарихи дамуы негізінде онтология мен метафизиканың
негізгі мазмұнын сипаттай алады;
2. Дүниеге көзқарасты табиғи және әлеуметтік әлемді философиялық
зерделеу мен зерттеудің нәтижесі ретінде негіздей алады;
3. Мифологиялық, діни және ғылыми дүниетанымның ерекшеліктері мен
мазмұнына түсініктеме жасай алады.
Лекция жоспары:
1. Философия және дүниетаным
2. Дүниенің ғылыми, философиялық, діни бейнелері
3. Мифология, дін және философия. Қоғам дамуындағы мифтің рөлі
4. Философияның пәні, қызметтері, міндеттері мен алатын орны
Лекция мазмұны:
Кез келген адамның өзін қоршаған дүние жөнінде қалыптасқан белгілі бір көзқарасы болады, бірақ ол көзқарас көбінесе теориялық жағынан ой жіберілмеген, негізделмеген, түрлі қарама-қайшы түсініктердің үзінділерінен құралады. Ал, философия болса табиғат, қоғам, адам және оның дүниедегі орны жөніндегі идеялардың, көзқарастар мен түсініктердің жәй ғана жиынтығы емес, олардың жүйелі системасы. Дүниеге философиялық көзқарас жәй өз принциптерін жариялап, оларды адамдардың санасына сіңіріп қана қоймай, ол принциптерді дәлелдеп, логикалық тұрғыдан қорытып шығарады.
Демек, философия дүниеге ғылыми көзқарастың, ойлаудың, диалектикалық жүйесін жасап, болашаққа сеніммен қарауды қалыптастырады. Бұл іліммен қарулану, әсіресе, қазіргі өмірді революциялық қайта құру процесіне бірден-бір сәйкес және қажет ілім. Философияның методикалық принциптерін негізге алу өмір талабы. Сонымен қатар, қазіргі демократия, жариялыққа сәйкес, ол бұрынғы өмірден алшақтықтан, догматизмнен тазарып, шыңдала түсуде.
Ертең халық шаруашылығының тұтқасын ұстап, ел тағдырын шешуге, қоғам дамуының жауапкершілігін мойнына алуға ұмтылған әрбір жас үшін философия пәнін оқып үйрену қажет. Онсыз мынау күрделі, сан-салалы, қатпар-қатпар дүниенің, бүкіл әлемнің ішкі сырын, табиғатын, дамуының мән-мағынасын ұғыну мүмкін емес. Философияны оқып үйрену іске творчестволықпен қараудың ойлана-толғана білудің түрлі құбылыстарды талдап, маңыздысын ажырата білудің, ой-өрісі кеңейтудің, жан-жақтылық пен жоғары мәдениеттің кепілі.
Философия дегеніміз табиғаттың, қоғамның және адам ой-жүйесінің дамуының жалпы заңдарын зерттейтін ілім. Бұл анықтамадан көріп отырғанымыздай философия пәнінің басты ерекшелігі әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастыратындығында, оның ішкі байланысын өзара қарым-қатынасын, қарама-қайшылығын біртұтас алып көрсететіндігінде жатыр.
Философия – бұл ғылыми жүйелердің көнесі. Ол қауымдық құрылыс ыдырап, қоғам құл иленушілік дәуірге аяқ басар мезгілде мифологиялық діни түсініктермен күрес барысында қалыптасып, сол кездегі пайда болған барлық білімнің басын құрады. Көне грек тілінен аударғанда «философия» ұғымы «данышпандыққа құштарлық» деген мағына береді. Жалпы философия өте ертедегі көне дүние Үндістанда, Қытайда, Орта Азияда туды, ал Грецияда тұңғыш рет біркелкі жүйеге түсірілді. Философияның одан әрі дамуы, философиялық түсініктер мен ұғымдардың көбейе түсуі, тереңдеуі, баюы әр түрлі философиялық теориялар мен бағыттардың пайда болуына негіз қалады.
Айталық, философияның негізгі салалары ретінде: Онтология – болмыс туралы немесе бүкіл тіршіліктің мәні туралы ілім; гносеология – таным теориясы; логика - дұрыс, яғни байланысты, дәйекті, дәлелді ойлаудың формалары туралы ғылым; тарих философиясы этика, эстетика, т.с.с. пәндер қалыптасты. Философиядан нақты ғылыми пәндер: математика, медицина, астрономия, табиғат тану, қоғамтану, тарих т.б. бөлініп шықты. Философия дүниетанымдық, методологикалық жүйе болып қалды. Өйткені, ол дүниенің, бізді қоршаған орта: табиғат пен қоғамның және адам дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейді. Сондықтан, философияның маңызын, құрылымын, пәнін тереңдеп білу үшін, ең әуелі, оның дүниеге көзқарас ұғымымен байланысын, арақатынасын өзара байланысын білген жөн.
Дүниеге көзқарас дегеніміз – айнала қоршаған орта, бүкіл әлем тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы. Дүниеге көзқарас одан қоғаммен бірге пайда болған қоғамдық тарихи құбылыс.
Оның шығуының қайнар көзі, адамның тіршілік болмысы. Расында, дүниенің пайда болуы, оның эволюциялық тұрғыдан жетілу ерекшеліктері, адамның дүниедегі орны, болмыстың мән-жайы, адамзат өніп-өсуінің сипаты мен бағдары сияқты мәселелер қай дәуірде де адамдарды толғандырып, көкейлерінен кетпейді, ізденіске салды. Сөйтіп әлем құбылыстарын түсіндіруге талпынған әрекеттер дами берді. Ал қоғамдық өмірдің ілгері басуы, бір кезеңнен екіншісіне өтуі, олардың сабақтастығы, өмір салтының материалдық және рухани деңгейінің жоғарлауы яғни еңбек өнімділігінің артып, тәжірибесінің молаюы дүниге көзқарастық ұғымдарды молайта береді. Үсті-үстіне жаңа түсініктер мен ұғымдар пайда болып, дамып жатты. Айталық, материя, сана, кеңістік, қарама-қайшылық, т.с.с. ұғымдар туралы түсініктер дамып, тереңдетіліп отырды.
Дүниеге көзқарастың негізгі ұғымдары дүние және адам. Олар ажырамас диалектикалық бірлікте. Яғни адамның бөлектенген дүние және табиғат, сондай-ақ сыртқы дүниемен салыстырылмаған адамның іс-әрекеті, ішкі рухани өмірі, әрқайсысы өз бетінше дүниеге көзқарасты құрай алмайды. Дүниеге қатынасы арқылы адам өзінің тағдыры мен өмірлік позициясы, сүйіспеншілігі мен сенімі туралы белгілі бір көзқарастар туралы түсініктер тиянақталынады. Осыдан келіп, дүниеге көзқараста біріншіден, әлем, табиғат және қоғам туралы, оларды бірлігі туралы, екіншіден адам және оның дүниедегі орны туралы, үшіншіден, болмыс пен болашақтың мән жайы туралы көңілге қонымды түсініктер қалыптаса бастады. Дүниеге көзқарастың тұтастығын құрастыратын негіз. Ертедегі ойшылдар тек білім ғана нақтылықты жоятынын, қала берсе халық пен халықты теңестіретін күш екеніне кәміл сенді. «Ештеңе білмейтін және бірдеңе білейін деп талпынбайтын адам - өте нашар адам» деп ертедегі грек философы Платон бекер айтпаған. Әл-Фараби бабамыз айтқандай: «Білімді болу деген сөз - белгісіз нәрсені ашу, игеру қабілетіне ие болу деген сөз». Ал халқымыз «Білімді ырыс қазығы» дейді. Білім тереңдеген сайын, ғылыми арнаға түскен сайын одан бастау алатын дүниеге көзқарас та нақтыланып, екшеленіп, жүйелік, тұрақтылық сипатқа ие болады. Білім адамның көкірегіне қоныс теуіп, санасына ұялап, оның өмір тәжірбиесінің елегінен өтіп барып, сенімге айналды.
Сенім - дегеніміз көзқарастың түп қазығы, бағыттаушысы адамның өз позициясына, тоқыған ойына, істеген ісіне, ұмтылған мұрат-мақсатына деген беріктігі. Сенімі берік адамның көзқарасы, дүниетанымы нақты, ісі қонымды, бағыты қашан да айқын.
Дүниеге көзқарас адам қызметіне, оның белсенділігі мен әлеуметтік бағдарына шешуші ықпал тигізеді. Сондай-ақ дүниеге көзқарастың қалыптасуы дамуының өзі табиғи, әлеуметтік және нақ-ты мәдени ортаға тәуелді. Осы тұрғыдан алғанда дүниеге көзқарасты ғылыми және ғылыми емес деп бөлуге болады.
Дүниеге көзқарастың кең тараған түрі ғылыми емес, қарапайым көзқарастар. Олар күнделікті қызмет әрекет барысында қалыптасады, өмірдің қалған салаларына назар аудармайды, жеке дәлелдерден нәр алап, олардың сапалық ерекшеліктерін ескере бермейді. Дәйекті білімнен гөрі, жалпылама, сыдырта «білімпаздық» басым. Сөйтіп қарапайым дүниетанымда мифологиялық, діни және ғылыми көзқарастар, материалистік және идеалистік ұғымдар араласып, шатасып жатады. Ал тарихи тұрғыдан алғанда қоғамдық өмірдің болмысы мен санасының жетілу дәрежесіне байланысы дүниеге көзқарастың мифологиялық, діни, натурфилософиялық және философиялық түрлері қалыптасты. Адамзат қоғамымен бірге қалып-тасқан дүниеге мифологиялық көзқарасқа тән нәрсе – адам қоршаған ортада өзін ажырата алмауы, құбылыстардың құрамындағы ұқсастықты ғана пайымдау, сананың, өнердің, дәстүрдің бір ғана сипатына - символдық қызметіне ерекше көңіл бөлу. Осыдан келіп, мифтік көзқараста білімсіздік, ырымшылдық, аңқаулық, алданушылық, бұрмалаушылық пен соқыр сенім әлементтері қат-қабатымен кезігеді. Миф – адамның қауымдық алғашқы қалыптасуының көрінісі. Ол ешбір құбылыстың түп негізін, шығу себебін ашпайды. Тек ғажайып құбылыстарға көңіл аударады, оларды сол күйінде ұғынуды, қабылдауды талап етеді.
Дүниеге діни көзқарас мифологиялық сананың табиғи жалғасы. Дүниеге діни көзқарас табиғаттан тыс құдіретті күшке адамның мүлтіксіз бағынуын уағыздайды. Адам санасында табиғи құбылыстардың бұрмаланған бейнесін туғызады, оның табиғатын өзгерту мүмкіндігінен шеттетуге бейімдейді. Мифология мен діни сананың кемістіктеріне қарсы күресті біршама батылдықпен жүргізген натуралистік философия болды. Ол жеке жаратылыстану ғылымдарының тұжырымдарына сүйене отырып, табиғат туралы тұтас көзқарас қалыптастыруға тырысты. Бірақ онда дүниені өзгермейтін нәрсе ретінде қарастыру басым еді.
Натуралистік дүниеге көзқараста жаратушының даралығын дәлелдейтін тұжырымдар да аз емес. Әйтсе де ХVІІІ-ХІХ ғасырларда бұл дүниетанымда табиғатқа деген материалистік көзқарас жүйеге келтірілді. Дегенмен, ақиқатын айтқан жөн, нақты ой философиялық ой толғамдар мен тұжырымдар таптық қоғамның орнығу барысында, яғни ертедегі Қытай Греция, Үнді елдерінде айқынырақ қалыптасты. Осы кезеңдегі экономика мен мәдениет ошақтары ірі-ірі қалаларында шоғырланды. Жерге жеке меншік орнады. Өндіріс құралдарының шоғырлануы еңбек бөлінісін тездетті, әрі тереңдетті.
Біреулердің қолында өндіріс байлығы, саяси билік, жерді, ондағы бар мүліктерді иемденуге мүмкіндіктері сақталынды. Басым көпшілік бұқара қауым мұндай игілік пен құқықтан айырылды.
Өндіріс өсті, өндіріспен біріге өндіргіш күш те жетілді. Осындай адамның табиғи ортадан тәуелсіздігі дербестелінді, керісінше адамдар арасында қарым-қатынас та, практикалық саяси тәуелділік те тұрақтанылды. Қоғамдық қайшылықта адам тұлғалынды. Қажетті күшке айналды. Сонымен қатар адамның әлеуметтік жағдайы мен жеке билік өзімшілдікті орнықтырды, оған әлеуметтік мән берді.
Таптық қайшылық қоғамдық өмірдің күрделі мәселелерін тәртібіне қойды. Қайшылық салдарынан таным мен өндіріс қызметі, ой еңбегі мен дене еңбегін бір-бірінен дараланып бөлінді. Білім жеке биліктің есебімен ғана практикалық қолдау тапты. Міне, осы жағдайда философиялық көзқарас қалыптасты.
Бір жағынан, өмір мен сұлулық, бақыт пен болашақ жайлы сезімтал көзқарастар дами түсті. Жеке адамның артықшылығын мойындаушылық дамыды. Адамзат күші табиғаттағы ең керемет күш деп ұғынушылық негіз алды. Адам өз тағдыры үшін өзінің де, өзгенің де ой-пікіріне талғаммен қарайтын болады.
Екіншіден, шындық пен дүниені ұғыну өздігінен келмейді, күресте қалыптасады. Ал, күрес білімнен практиканың көкжиектерін кеңейтті, мифологиялық наным теріс ұғыныстардың қай-қайсысына болмасын бөгет жасады. Әлеуметтік дертке қарсы күресте адам да, қоғам да, олардың көзқарастары да мәдениеттің жаңа сатысына көтерілді. Билікке қарсы ымырасыздықтың барысында ескі мифологиялық санадан жаңа философиялық білімге бетбұрыс басталды. Дүниеге философиялық көзқарас қалыптасты. Философия - рухани мәдениет пен адамзаттық білімнің көне және қызықты салаларының бірі. Біздің эрамызға дейінгі VII-VI ғасырларда Үндістанда, Қытайда, Ежелгі Грецияда пайда бола отырып, кейінгі ғасырлардың қоғамдық санасының тұрақты формасы ретінде танылды. Философтардың ой-көзқарастары негізінде дүниетанымдық мәселелер алға қойылып, оларға жауап ізделді. Мұндай мәселелерді түсіндіру адамдар үшін өмірдің маңызды мағынасы, негізгі мәні болып табылады.
Күнделікті практикалық өмірдің барысында әрбір адам философиялық мәселелермен соқтығысады. «Философия» термині грек тілінен аударғанда «филео - махаббат, құштарлық; софия – даналық» деген мағынаны білдіреді. Терминнің шығу тегін грек ойшылдары Пифагор, Сократ есімдерімен байланыстырады. Осыдан кейін «ғылымдардың ғылымы» ретінде саналатын философиядан тарихи түрде әртүрлі білім салалары бөлініп шығады: астрономия, математика, механика, физика, медицина және т.б.
Философия ғылымында мынадай үш мәселені қарастыру маңызды:
• Бірде бір жеке ғылым әлем туралы, адам туралы, жалпы тұтас, интегралды білімді зерттей алмайды.
• Философия әлемді тек қана танымайды, сонымен қатар бағалайды.
• Ол дүниені тану әдістерін меңгереді.
Философия дүние мен адам туралы тұтас ілім ретінде өзіне мәнді, маңызды мәселелердің жиынтығын қоса қарастырады. Философия адамзат қоғамының басты құндылықтарының жағымды және жағымсыз қатынастарын анықтайды. Философиялық білімнің негізгі мәнісі оның екі жақтылығында:
1. Оның ғылыми біліммен ұқсастықтары өте көп, мысалы - пәні, әдістері, логикалық - түсініктік ойлау аппараты.
2. Бір жағынан философия таза күйдегі ғылыми білім емес.
Философияның басқа ғылымдардан басты айырмашылығы — ол философия адамдармен жалпы игерілген білімнің теоретикалық дүниетанымы болып табылады.
Сөйтіп, философия дүниеге көзқарастың жоғарғы деңгейі мен түрі, оған рационалдық, жүйелілік, логикалық пен теориялық зерделеу тән.
Дүниеге көзқарас - объективтік дүниеге, болмысқа, адамға және тіршілікке деген неғұрлым жинақталған, қорытылған біртұтас көзқарастар мен қағидалар.
Дүниеге көзқарастың негізгі үш формасы бар.
• Мифология
• Дін.
• Философия.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет